Менің анашым.

«Ана» деген сөз үш әріптен құралса да, мағынасы түпсіз тереңде жатыр. Дүниеде «ана» деген сөзге ештеңеде жетпейді ғой. Әлемнің қаншама сөзі үш әріпті «ана» деген сөздің орнын басып, алмастыра алмайды. «Ана» деген сөз құлаққа да, жаныңа да жағымды сөз ғой бұл. Бір керемет сиқырлы сөз деп те айтар едім. Рахмет, Анашым! Маған осы өмірді сыйлағаныңыз үшін, көп рахмет!
Осы шығармамды өлең шумақтарыммен аяқтағым келеді:

Шыр — пыр болып шырылдайсың,
Қанат қаққан құстардай.
Балаң үшін зымырайсың,
Жүрсе екен деп аш қалмай.
Жан жүрегім лүпілдеген,
Жан берген сен кеудеме.
Сол жүрегім сені іздер,
Жан анашым әр кезде.
Еркелеймін бір өзіңе,
Есейсем де ер жетіп,
Тыңдамаймын кей кездерде,
Соңы болар қателік.
Сенің орның өте бөлек,
Қымбатсың сен алтыннан.
Ешбіреуі тең келмейді,
Бұл жалғанда бір саған.
Өзің барда батырмын мен,
Сен бар кезде еркемін.
Ер жүректі жан анашым,
Асқан жан жоқ бір сенен.
Сеніміңді маған артқан,
Барынша мен ақтаймын.
Еркелеткен әр сөзіңді,
Жүрегімде сақтаймын.
Тілейтінім бір өзіңе,
Зор денсаулық қуатты.
Қабыл алшы шын жүректен,
Сәбиің жазған шумақты.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *