Мемлекеттік тіл – рухани байлық

Мемлекеттік тіл –  рухани байлық

 

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Тіл қай елде , ұлтта  болсын қастерлі, қасиетті, құдыретті. Отанға деген ерекше  сезім  мен  көзқарас та туған тіліңді  білуден басталады. Қазақ тілі – халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан –ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра.

Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” — деген. Тіл байлығы — әрбір ұлттың мақтанышы.

Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дей отыра , әр азамат өзінің ана тілін құреттеу тиіс.

Сондықтан қазақ  тілін білмей, ұлттық мәдениетті жете меңгеру мүмкін емес. Әр тілді меңгеру, әр тілде сөйлеу әркімнің арманы. Жеті түрлі ілім біл, жеті елдің тілін біл деген.  Тіл арқылы өнер білімді, мәдениеттілікті, қоғамның белсенді азаматы болуды сол тіл арқылы үйренеді. Халық өзінің ғасырлар бойы жасаған асыл мұраларын ұрпақтан ұрпаққа алдымен қазақ  тілі арқылы табыс етеді.

Қазақ азаматы болғаныма мақтан тұтамын! Ұлы елім — Қазағым мәңгі – мәңгі жасай берсін! Мемлекттік тіл – рухани байлығы , мәңгілік  екеніме сенемін! Қазағымның болашағы жарқын болсын! Біз қазақтың баласы, мақтан тұтар панасы, Нұр – ағаның бастауы, Нұрлы жолдың айнасы.

Дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесін көтеруге әр қазақтың үлесі болса екен деймін.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *