Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке даярлаудағы қарым-қатынас ерекшелігі

Смағұлова А.М. – Алматы облысы, Көксу ауданы

З.Тамшыбай ауылы, «Мектеп жанында шағын орталығы бар Злиха  Тамшыбай атындағы орта мектебі» КММ «Мектепалды даярлық»

  сыныбының мұғалімі

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның  бәсекеге қабілеті шығармашыл жеке  тұлғаны қалыптастыру арқылы, дамыған 50 елдердің қатарына қосылуға дайындық барысында білім беру саласында да көп реформалар жасалу қажеттігін атап көрсетті. Еліміздің  білім беру жүйесіндегі реформа жас ұрпақтың әрқайсысында маңызды  мәселелерді  шешудің түрлі жолдарын  қарастыруды көздейді. Бұл бетбұрыс әлемдік жаһандану заманына  алғашқы қадам болып табылады. Әр жас  өркеннің азамат болып қалыптасуын қамтамассыз  ететін қоғамдағы негізгі де жауапты  сала, ол – білім беру жүйсесі [1].

Елдің елдігін сақтап,  көркейтетін, басқа  елмен терезесін тең етіп  өркендететін, сондай-ақ болашағын айқындата беретін осы білім беру ісі. Жас ұрпаққа білім беру мәселесі отбасынан бастап, еліміздің  қоғамдық жүйесін толық қамтиды, сондай- ақ оның  әрбір мүшесін бей-жай қалдырмайды. Мұнда мектепке дейінгі тәрбиенің рөлі ерекше орын алады.

Қазіргі таңда ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше  көңіл аудара отырып, саналы білім беру талаптары қойылып отыр. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, оларды тәуелсіз мемлекетіміздің білімді, білікті, мәдениетті азаматы етіп тәрбиелеу барысында  жасалып жатқан  жұмыстар, өмірімізге  келіп жатқан жаңалықтар осыны дәлелдейді.

Мектепалды  даярлықтың негізгі  мақсаты 5-6 жасар  баланың  дене   дамуы мен психологиялық саулығын қорғау  және  нығайту,  ақыл-ойын жетілдіру,  олардың бойындағы  қарапайым  білім  негіздерін, іскерлік пен дағдылардың  алғы шарттарын  пайымдай  отырып,  бастауыш мектепте  білім алуға  қажетті  бастапқы  мүмкіндіктермен  қамтамассыз ету.

Егеменді еліміздің болашақ азаматтарын  тәрбиелеуге елеулі үлес қосып, тәлім-тәрбие бере отырып мектепке дайындау ісі отбасылар  мен  балабақшаларда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оның біртұтас  жүйелігінің сақталуын  қамтамассыз  етуді  мақсат етеді. Сондықтан да 5-6 жасар  балаларды  мектепке  даярлау  мәселелері ата-аналар  мен  ұстаздар  қауымын  ерекше  толғанырады.

Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке даярлау мәселесі елімізде біршама зерттелгені белгілі. Бұл туралы Қ.Қойбағаров («Балаларды мектепке әзірлеу» 1965),  Б.Баймұратова («Баланы мектепке даярлау жөнінде») және Қ.Сейсенбаев «Отбасы тәрбиесіндегі балаларда мектепке даярлауда қазақ халық педагогикасының прогресшіл идеялары мен тәжірибесін пайдалану» және Н. Айғабылов, Б. Дабылова еңбектерін атауға болады.

Белгілі орыс ғалымдары Е.Е. Кравцова мектептегі оқуға психологиялық даярлығы бұл баланың дамуында «қарым-қатынас» негізгі ролді атқарады деген тұжырымға келді. Ал Л.И. Божович мектепке келетін баланың таным қызығушылықтары дамыған, әлеуметтік ортаға ене алу біліктілігі және оқуға деген ынтасы болу қажет деген пікірге келді. Л.А. Венгер, В.В. Холмовская зерттеулері мектепке дейінгі балалардың мектепке даярлығын,  балабақшадағы оқыту деңгейін анықтады.  Психолог Г.М.Чуткинаның зерттеуі бойынша, ол баланың мектепке бейімделуін, баланы мектепке бейімдеуде  әсер ететін жағымсыз факторлар отбасы және үлкендермен қарым-қатынасы қанағаттанарлықсыз, құрбы-құрдастарының арасында өзін теңдей сезінбеуін атап көрсетті[3].

Мектепке бару баланың өміріндегі  ең  маңызды кезең. Мектеп  табалдырығын таттаған сәттен бастап, баланың  алдына оқу іс- әрекетінің  шарттарын  қойса, бұл баланың  шын мәніндегі оқу  іс- әрекетіне  тез араласып ктуіне себеп  болады  немесе  өзінің шамасы келмейтін  оқу  тапсырмаларының алдында  сасқалақтап,  бірте- бірте  өзіне  деген сенімін жоғалтады,  мектепті және  оқуды  ұнатпайтын блоады. Ал осы айтылғанның біріншісінің орындалып, екіншісінің орындалмауына әсер етуші факторлардың  бірі – баланың мектептегі  оқуға  психологиялық  даярлығы.

Баланы мектепке дейін оқытудың негізгі бөлімдері: балалардың дене бітімі және психологиялық дамуының деңгейі және құрдастарымен, қоршаған ортамен қарым – қатынасы жатады.

Мектепке психологиялық даярлық ретінде бала өміріндегі негізгі мына бөлікті ерекше атап көрсетуге болады.

  1. Үлкендермен қарым – қатынас.
  2. Құрдастарымен қарым – қатынас.
  3. Өзіне деген қарым – қатынас.

Бала мектепке баруға дайын болу үшін әлеуметтік-психологиялық дайындығы, яғни балалардың басқалармен, тәрбиеші немесе мұғаліммен қарым – қатынас жасау қасиеттері дамыған болуы керек. Өйткені мектепке келгенде жалпыға ортақ іспен айналысады, сондықтан ол басқа балалармен қарым – қатынас жасаудың түрлі әдістері тәсілдерін және әрекет жасауды меңгеруі тиіс. Өзінің құрдастары мен ересектермен қатынас жасау дағдысы және мектепке оқуға әлеуметтік-психологиялық даярлығының кемшіл болуы мектеп жасына дейінгі баланың дербес дамуындағы бірден-бір үлкен бөгет.

Сонымен бірге, баланы мектепке бейімдеуде мектепке дейінгі  мекемелерде тәрбиешілірі мен мектеп мұғалімдердің педагогикалық  қарым- қатынасы мен жұмыс істеу әдістерінде сабақтастық маңызды рөл атқарады. Осы жастағы балаларды мектепке бейімдеу кезінде жиі қиындық тудыратын себептердің бірі- педогогтың балаға деген қарым-қатынас стилінің кенеттен өзгеруі болып табылады. Тіптен, балаға  жағымды қарым- қатынас кезінде де  мұғалім жиі  педогогикалық әрекеттің өктемдік ету, қатты ұстау формаларын қоданады, ал мұндай жағдайларға мектеп жасына дейінгі балалар дағдыланбаған.

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту, білім беру және тәрбиелеу мәселесінде  өзара қарым-қатынас ерекше маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, баланың жеке тұлғалық, өзара тіл табысу, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, еңбекке және қоғамдық өмірге белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік тәжірибені жүйелі меңгеруге ықпал етеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар қарым-қатынасы айналадағы ортаны тануға еліктегіштігімен, үлкендер мен құрбыларының әрекеттеріне аса сезімталдығымен ерекшеленеді және балалардың дұрыс іс-қылыққа жаттығуын, мінез-құлықтың жаңа формаларын, ортамен араласу ережелерін, достық сезімін, психикалық дамуын қамтамасыз етеді.

Қарым-қатынас жасау қажеттілігі балаларда ойындарда, еңбек және оқу тапсырмаларға орындауда бірлескен іс-әрекет жасау негізінде дамиды. Бала өзге балалармен үнемі бірге және әр түрлі қарым-қатынастарда болатын мектепке дейінгі қоғамдық тәрбие жағдайларында балалар қоғамы қалыптасады. Бұл қоғамда бала ұжымдағы мінез-құлықтың төңірегіндегі ақылшылармен емес, өмір мен іс-әрекеттің өзіне тең қатысушыларымен бірлескен өзара қарым-қатынас жасаудың алғашқа дағдыларын игереді.

Қарым-қатынас баланың белсенділігінің ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі ерекшеліктері осы қарым-қатынаста көрінеді. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлі реңктері бар: ата-анаға, тәрбиешілерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзінен кішкентайларға, достарына. Бала өзіне дос таңдайды, ол адамдардың белгілі бір шеңберімен қарым-қатынас іздейді, ол басқаларға ықпал етеді. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсенділігі жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар адамгершілік, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзі үшін, адамдар алдындағы өз істері үшін жауапкершілік[4].

Басқа балалармен жалпы қарым – қатынас жасауы, ортақ тапсырманы орындауда өзінің белсенді болуының маңызын түсіну, жалпы ортақ іс — әрекетке қатысушылыр ретінде басқаларға да әсер ете білудің әдістерін меңгеру ( көмек көрсету, басқалардың жасаған жұмыс нәтижиелерін әділ бағалай білу, кемшіліктері болса әдепті түрде ескерте білу дағдысы). Бұл дағдылар баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына көп әсер етеді.

Мектепке дейінгі ересек жастағы баланы тәрбиелеу мен дамытудың нәтижесіересектермен және құрдастарымен  қарым-қатынасқа түсе алатын, негізгі құзыреттілікті және дене тәрбиесі, салауатты өмір салты негіздерін меңгерген, мектепте оқуға даяр тұлға болып табылады.  Қазіргі таңның негізгі алға қойған жеке тұлғаны дамыту және қалыптастыру мақсатын орындауда ұрпағымыз дүниеге келген сәттен, балабақша табалдырығын аттаған кезден-ақ тәрбиелеу, білім беру және әлеуметтендіруде қарым-қатынасты ұйымдастыра отырып, балының жеке тұлға ретінде дамып, қалыптасуына жол ашып мектепке даярлауымыз қажет. Қарым-қатынас ұжымдағы адамгершілік ахуалды қалыптастыруға, баланың жеке тұлғалық, өзара тіл табысу, әлеуметтік рухани құндылық қасиеттерін, еңбекке және қоғамдық өмірге белсенді араласу үшін қажетті білім, білік, дағдыларды және әлеуметтік тәжірибені жүйелі меңгеруге және мектепке баруға даяр болуына ықпал етеді.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

  1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы: Білім,1997,17б.
  2. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. – Алматы: литера, 2000ж,96б
  3. Е.Е.Кварцова «Психологические проблемы готовности детей к обученю в школе» Москва, Педогогика 1991 год,152 стр.
  4. Шерьязданова Х.Т. Учите детей общению. – Алматы: Алма-ата, 1992ж 112б

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *