«Мектеп жасына дейінгі балалардың балабақшаға бейімделу үрдісі».

                                                           Байболова Айгуль Кенесовна

                                                           Алматы қаласы Алатау ауданы

                                  КМҚК «№177 бөбекжай-балабақшасы»

                                                     Ересек «Еркемай» тобының ІІ санатты тәрбиешісі

                 

      Балабақшаға бірінші рет келген бүлдіршін  алғашқы ай бейімделу кезеңінен өтеді.. Бейімделу дегеніміз бала ағзасының жаңа немесе өзгерген жағдайға үйренуі. Нақты күн тәртібі, ата-ананың жоқтығы, құрбыларымен қарым-қатынас, мінез-құлыққа жаңа талаптар, жалпы жаңа орта балабақшаға жаңа келген бала психикасына ауыр жүк болып, нәтижесінде ұйқысы бұзылып, тәбеті жоғалып, қорқыныштар да пайда болып, бала жиі ауырады. Жаңа жағдайға бала қалай үйренеді? Өкінішке орай балабақшаға бейімделу көбінесе қиын және ауыр өтеді. Бала тамақ ішпейді, ұйықтамайды, балалармен және үлкен адамдармен араласудан бас тартады да, қоршаған ортаға деген қызығушылығы төмендейді, ойыншықтарды ойынға қатыстырмайды. Баланың балабақшаға қиын бейімделу себептеріне  отбасы мүшелерінен басқа бөтен адамдармен қалуы, дәретке өз бетінше отыра алмауы,  кей тағамдарды жемеуі немесе талғап жеуі, үйде  күн тәртібінің қалыптаспауы болып саналады.
    Балабақшаға келген алғашқы күндері бала 2 сағатқа қалу керек.  Сонымен қатар баланы күннің екінші жартысында балабақшаға бейімдеу жеңіл жүреді. Көбінесе ата-аналар жұмыс тәртібін айтып, баланы күні бойы балабақшада қалдырады. Осының нәтижесінде күрделі және созылмалы бейімделу пайда болады.
  Баланы балабақшаға жеңіл бейімделуі үшін ата- ана мен педагог бірлесе жұмыс жүргізуі тиіс.  Педагог баланың ерекшелігін, мінезі және қызығушылықтары жайында анасынан ақпарат алуы тиіс. «Бала жылап-жылап қояды» деген жаңсақ пікірден алшақ болып, балада балабақша туралы теріс пікір қалыптаспауын қамтамасыз ету керек. Оны болдырмау үшін:

     -Топта эмоционалды қолайлы атмосфера тудыру керек.

      -Ата-анамен тығыз қарым-қатынас орнату қажет.

     -Бейімделу кезінде ойын іс-әрекетін дұрыс ұйымдастырып, «бала-ересек», «бала-бала» арасындағы эмоционалды қарым-қатынасты жақсартқан абзал. Бейімделу мәселесінде тәрбиеші ата-анаға баланың күн тәртібін балабақшаның күн тәртібіне жақындастыру керектігінен бастау керек.        
    Баланы балабақшаға бейімдеу кезінде тәрбиешілерге кеңіс:
-Баланың балабақшаға үйрену кезіндегі педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастыру

-Балабақшаға әр бала әртүрлі үйренеді, сондықтан біртіндеп күн тәртібіне үйренетін балаларға шыдамды болыңыз;

-Балабақшаға келген күнінен бастап бала өзіне деген қамқорлықты, сүйіспеншілікті сезінуі қажет;

-Балаға үйінен өзінің жақсы көретін ойыншығын әкелуге рұқсат беріңіз;

-Баланың әр күнін өзгеше қызықты етіп ұйымдастыруға тырысыңыз;

-Балалардың жас ерекшелігіне қарай ойындарды ұйымдастырыңыз;

-Баланың көңілін аулаудың бір түрі – оның күлкісі, сондықтан балаға көңілді ертегілер оқып, мультфильмдер көрсеткен жөн;

-Балада басқа адамдарға жағымды қатынас қалыптастыруға ұмтылу керек;

-Топта баланың кез келген дербестігін, өз бетінше әрекет етуін қолдаңыз;

-Балаға терең ойлануға арналған ойындарды және дене жаттығуларын беруге ертерек;

-Тәрбиеші әр баланың мінез-құлқына (үндемейтін немесе жылдам бала, т.б.) көңіл аударып, әңгімеге тартқан абзал;

-Баланың мінез-құлқын, тәртібін баланың көзінше талқыламаңыз;

-Ата-анаға баласы жайлы көп шағым жасамаңыз, кері жағдайда ата-ананың ғана емес баланың да наразылығына ұшырайсыз;

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Меңжанова Ә Мектепке дейінгі педагогика Алматы 1992
  2.  Жарықбаев Қ. Қазақтың тәлім тәрбиесі Алматы 1995
  3.  Қоянбаев Ж.Б.  Қоянбаев Р.М.  Педагогика. Алматы 1998.
  4.  Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Алматы 2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *