мектептегі алғашқы күнім

Мен 23.10.23ж оқу практикасының біліктілігін арттыру мақсатында М.Әуезов атындағы №20 қазақ орта мектебіне барған болатынмын. Мен 1”ғ”сыныбына бекітілдім. Сыныпта 21 оқушы . Сынып жетекшісі Сарсенова Нұргүл. Алғашқы күнім болғандықтан қобалжыдым. Сабақтың өту барасын кіргеннен бастап, шығып кеткенге дейін қалт етпей бақыладым. Мен оқушылардың деңгейі әр түрлі болатынын байқадым. Соған байланысты оларға қосымша тапсырмалар берілді. Мұғалім ой сергіту мақсатында оқушыларды орнынан тұрғызып,би билеп,ән айтқызды. Сабақ барысында дидактикалық ойындар болды. Өтілген сабақты қорытындылау мақсатында сұрақ жауап алынды, кері байланыс болды.Маған мектептегі алғашқы күнім ұнады

Джолдасбаева Жадыра

1 курс студентi

«каспий өңірі «болашақ» колледжі

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *