Мектепке дейінгі ұйымда этнопедагогиканы қолданудың маңызы

ҚР ПІБ Медициналық орталығына қарасты «Қарлығаш» балабақшасында балалардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарын қалыптастыру мақсатында түрлі педагогикалық тәсілдер мен тәжірибелер қолданылады. Солардың бірі – этнопедагогика. Этнопедагогика – халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін ғылыми педагогиканың бір саласы. Осы күнге дейін өз маңызын жоймаған этнопедагогиканы, яғни халықтық педагогиканы тәлім — тәрбиеннің түп қазығына айналдыру «Қарлығаш» балабақшасында ұтымды қолданылады.

 

Возможно, это изображение 7 человек, ребенок, люди сидят и в помещении

Қазақ халқының бай тарихында ұлттық ойындардың көптеген түрлері балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік сияқтағы  кезеңде балалар  тәрбиесінде кеңінен пайдаланылады. Балабақшада әсіресе асықты қолдана отырып тақырыптық әңгімелер, ситуациялық ойындар және т.б. ұйымдастыруға болады.

Асықпен ойнау баланы шеберлікке, мергендікке, батылдыққа, жылдам шешім қабылдауға тәрбиелейді. Бұған қоса асық ойындары баланың танымдық қабілетін дамытып,  денсаулығы нығайтады.

Асықтың зиянсыз табиғи зат екендігін барлығымыз жақсы білеміз. «Қарлығаш» балабақшасында түрлі түстерге боялған асықтарды қолдана отырып, балалардың ұсақ қол моторикасын, сөйлеуді, зейінділік пен есте сақтауды дамытады. Баланың саусақтармен дұрыс жұмыс жасау арқылы саусақтары иілгіш болып жаттығады.

Асық терапиясы балалардың қимыл-қозғалысын реттеуге, кеңістікті бағдарлай білуге, сөздік – логикалық ойлауды сатылай қалыптастыруға, шығармашылық ойлауға,сабырға, бірлесе әрекет етуге тәрбиелейді. Сондықтан балабақша педагогтері асықты қолдана отырып, мазмұнды ойындар, жаттығулар құрастырып, баланы оқыту барысында жан-жақты қолданады.

 

Возможно, это изображение 2 человека, ребенок, люди стоят и в помещении

Балабақшадағы ұлттық тәрбиенің өзектілігі тәрбиеленушілерді рухани ізгі қасиеттерге баулып, тәрбиенің көзі ана тілі, тарихы мен өнерін қастерлеуге халықтың салт –дәстүрлерін аялай білу, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу болып табылады.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *