Мағжанның маржан жырлары

МАҒЖАННЫҢ МАРЖАН ЖЫРЛАРЫ

Оңдасынова Жұлдыз Оңдасынқызы

Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы. Ә.Бөкейхан атындағы тірек мектеп (мектеп жанындағы интернаты) КММ

         «Ұлылыққа – ұлағат, ұрпағына аманат», дейді дана халқымыз.

Ия, біз бүгінгі күні ұлтымыздың мақтанышы Алаш қозғалысының қайраткері, ақиық ақын, қазақ әдебиетінің таң шолпан жарқыраған жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаев туралышығармаларымен тың деректерін кейінгі ұрпақтарға жеткізу міндетіміз.

Әрине ақынның өмірбанына тоқталып өтсек, Мағжан (Әбілмағжан) Бекенұлы Жұмабаев 1893 жылдың 25 маусымында Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев  ауданы, Сасықкөл жағасында туған.

Баспадан 1909 жылы шыққан Абай өлеңдерін оқып «Атақты ақын сөзі алтын хакім Абайға»- деген өлең жазады.

Алаш ардақтысы, ұлттық педагогикамыздың негізін қалаушылардың бірі һәм бірегейі. Мағжан Жұмабаев «Біз қазір ұлттық мектептің берік негізін қалауымыз керек. Біз қазақтың жанына жаңа бейне беруіміз керек» деген болатын.

Жалпы «ұлттық» деген сөздің астарында елге-жерге, тілімізге, дінімізге, салт-дәстүрімізге деген үлкен құрмет жатыр. Ұлыларымызды ұлағаттасақ «Ұлттық тәрбие» атауын алғаш әдеби педагогикалық оқулықтарға дәріптеп енгізген Мағжан Жұмабаев болды. Атақты Бонапарт «Халық толық азат болуы үшін ұл-қыздары дана, басшысы құдай текті болуы керек» депті. Ал, Елбасымыздың «Табанды тұлғалар тәрбиелеу арқылы ғана ел тәуелсіздігін баянды етуге болады» деуіде осындан.

Ұлы Абайдан кейінгі лириканың өшпес ізін салған ақын Мағжан туралы ұлы тұлға Жүсіпбек Аймауытов: Ақынның өзі көрінбейтін өлеңдерін оқысаңызда, еріксіз бір сезім тудырады, әлде жігер береді, -дейді өз сөзінде. Мағжан қазақ халқының көрнекті ақыны, жарық жұлдызы болды. Кейінірек Мағжан Жұмабаев орыс классикалық мектебінің рухында педагог, ірі түрколог, тарихшы тіл маманы қазақ тілі мен әдебиеті оқулығының «Педагогика» кітабының авторы болды. Мағжан Жұмабаевтың педагогикасының мақсаты: 1.Ақыл тәрбиесі, 2. Құлық тәрбиесі, 3. Сұлулық тәрбиесі, 4. Дене тәрбиесі.

Ақыл тәрбиесі – түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын болса. Құлық тәрбиесі – жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса. Сұлулық тәрбиесі – сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден лаззат алып, жан толқытатын болса. Дене тәрбиесі – ыстық –суық, аштық-жалаңаштық, тұрмыста жиі ұшырайтын.

Мағжан Жұмабаев – философ ақын. Ақиық ақынның философиялық көзқарасы өз өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділеттілік пен әділетсіздік, ақ пен қара тәрізді қарама-қайшылықты философикалық ұғындарды шебер шендестіре білуінен байқалады. Мағжан бала тәрбиесінде фольклорды пайдалануының бір себебі-халық ауыз әдебиетін халықтың санасын оятып, сол арқылы әлеуметтік ортамен қоғамдағы орын алып отырған келеңсіздікке қарсы күрестің құралы деп түсінді. Ақынның 20-30 жылдары жарық көрген «Батыр-Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Қорқыт», «Ертегі», «Қанышбай қысасы» поэмалары арқылы қазақ әдебиетінің генетикалық нәрі ұлттық қайнарда жатқанын дәлелдейді.

Мағжан әлемдік поэзияда экологиялық тақырыпты алғаышқы жырлаушылардың бірі бола отырып «Айда атыңды Сәрсенбай», «Шойын жол» бала тәрбиесінде туған жердің табиғатын қорғай білудің қажеттілігін атап етті.

Өткенімізді ойламасақ, болашақты бағдарлай алмаймыз, — деп дана бабаларымыз айтқан. Сондықтан елім, — деп еңіреп туған, халқым,-деп белдігін бекен буған, әлем әдебиетіне қанат қаққан Алаштың ардақты ұлы Мағжан Жұмабаев ұрпағының, рухы биік халқының мәңгі есінде- деп білеміз.

 

Пайданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қалиев Қ. Этнопедагогика
  2. «Ақ Желкен» журналы
  3. Мағжан Жұмабаев «Педагогика» кітабы. 1922 жыл.
  4. https://bilimainasy.kz/21-22-12-04/

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *