Махаббат қызық мол жылдар

 

Есенгелді Аружан                                Жангелдіқызы

 

Махаббат қызық мол жылдар-қазақ әдебиетінің асыл мұрасы.Бір туындыға бірнеше тағдырды сыйдыра отыра,әрбір оқырманның жүрек түбіне махаббаттың сәулесін ұялататын теңдесі жоқ еңбек.

Жазушының нағыз шеберлігі айқын көрініс тапқан бұл шығарманың көтерген мәселесі мен қазіргі қоғамның байланысы неде деген сұрақ келеді?

Менің ойымша,қазіргі таңда кез-келген адам осы бір кітапты оқып,өз өмірлеріне керек немесе ұқсас тұстарын өздеріңе түртіп алуда.Әсіресе жастар арасында бұл кітаптың сұранысы көп.Өз басым бұл кітапты жүрегіме жақын қабылдай отыра,екінші қайтара оқудамын.Ішінде ойланарлықтай махаббат оқиғасы жасырылған бұл кітаптың мұқабасына тамсанып алғаш қолыма алғанымда,ақ парағында қандай қайғыға толы махаббаттың жасырылғанынан хабарсыз едім.Қолыма алғаным сол ақ еді,тоқтаусыз оқыдым.Маған осы бір кітаптағы шиеленіске түскен тағдырлардың соңы не болатыны қызық болды.Әрине,жақсылықпен аяқталса деген үмітім болды.Алайда Меңтайдың бес күн жалғанда көрген қорлығы мен елін қорғап ер атанған Ерболдың сүйіктісін қорғау жолындағы шарасыздығы,амалсыздығы бір мұнайтты.Келешегінен үміт күткен жас қыздың,өтіріктің құрбаны болып,ағасының досы Тұмажанға еріксіз берілуі,ақ денесіне қол тимеген қыздың арының тапталуы менің көз алдыма қазіргі заманды елестетті.Әйел теңсіздігі сонау Ақбілек,Ұлпан заманынан бастау алып,Меңтайды құрбан қылып,біздің 21-ғасырды да қуалап келіпті.Оған қазіргі заманда мысал етер қыздарымыз қаншама.Ал өз сүйгенін жылатып қойып,керек десен білсін білмесін Тұмажанды Меңтайға ертіп апарған Ерболдың ісіне әліге дейін ашулымын.Сұм соғысқа барып келгенін міндетсініп,»қызды қызық үшін жаратылды»-деп санасының төмендігін дәлелдеген Тұмажанды көз алдыма әкелсе,тіптен бетіне түкірер ме едім?!Әттен…

Жалпы қазірде қызды әлі күнге алып қашу,пәктігін таптау,ұру-соғу,тіптен алсақ өлтіру орын алуда.Бәрі дамып жатыр,техника,білім,киім,бірақ әйелді қорғау жолында еліміз өте осал.Бәрі дамығанда,әйелді қорғау ісі дамымай қалды…. Жалпы осы бір кітаптан түсінгенім,әйел еркектен бір саты төмен тұруы керек дегенді біздің қазақ бұрысынан түсініпті.Қаншама әдеби кітаптар оған-дәлел.Осы бір «Махаббат қызық мол жылдар»кітабы аты мен заты екі бөлек дүниені арқалап,қазақ халқының әлсіз тұсын бейнелеп шыққан.Сонда осындай кітаптың шынайы махаббатты суреттеуі үшін,тағы қанша қайғылы оқиғалар орын алып,тағы қанша қыздың өмірі құрбан болуы керек деген сұрақ ішімді тырмалап,тыныштық бермей жүр.Журналист болсам,дәл осы мәселені жалау етер едім!

      Қорытындылай келе,мен бұл кітаптан үлкен ой түйе отыра,әрбір қазақ азаматына оқуға тұрарлық кітап дегім келеді.Қазір әйелді жылататын емес, бақытты қылатын заман.Нағыз махаббатты қор қалмайық қазақ….

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *