Көркем әдебиет оқу іс-әрекетінің өткізілуі

Абдрасилова Кульзада Кылышбековна

Көркем әдебиет оқу іс-әрекетінің өткізілуі

 

«Қатынас» білім беру саласының базалық мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады.

Тіл дамыту

Көркем әдебиет

Қоршаған әлеммен танысу

 

     Тіл дамыту

Сәбимен өзара қатынас жасай отырып, ересек адам оны адам тілін түсіне білуге үйретеді. Сөз балаларға түсінікті болуы үшін, айқын айтылған сөзді осы затқа қимылға айқын жатқызу керек. Сөздерді түсіну оны қабылдау кезінде ересек адамның баладан қашық жатқан затты пайдалануына ықпал етеді.

Сәбиді тамақтандыру, киіндіру, жуындыру кезінде ересек адам баланы әрекетке үндейді («бер», «көтер», «іш», «ұйықта», «отыр», «нанды тісте»). Одан соң осы ретте тәрбиеші сөз арқылы баланың едәуір күрделі әрекеттерін ынталандыра түседі (Аюды алып, оны үстелге қой); сөз арқылы қажет емес әрекеттерді тоқтатуға үйретеді. Сонымен қатар тәрбиеші сәбиді қимылды білдіретін сөздерді ұғынуға үйретеді.

«Қолыңмен бұлға», «Кішкентай шарды қорапқа сал», көзіңді жұм»)

Ересек адамның сөзін түсінуді қалыптастыру үшін арнайы ойындар пайдаланылады: «Алақай», «Қуырмаш», «Ғажайып қапшық», «Жасырынбақ», «Алақан соғу», «Әлди-әлди». Осы ойындар арқылы тәрбиеші баланы өзінен кейін сөздер мен қимылдарды қайталауға үйретеді (жел соқты, алақанға үрлейді), ағаш жапырақтары желбіреп, төменге түсе бастады (отыра қалады), ал төменде қоңыз отыр еді, ол қанатын қомдап, ұша жөнелді: ж-ж-ж (қолдарын жанына қарай шығарып, ж-ж-ж дыбыстайды). Әр баламен жеке эмоциялық тілдік қатынас жасау үшін, тәрбиеші тұрмыстық жағдай мен күн тәртібінің кез келген кезеңдерін пайдаланады. Баланың есіткен сөздері оған оң әсер етіп, оның бойында ашықтық пен жайлылық сезімін тудыруы тиіс.

Баланың белсенді тілін дамыту үшін, ниетін білдіру, өзара қарым-қатынас орнатуға үндейтін жағдайлар жасау (Апайыңа  нан берші деп айтшы). Күнделікті өмірде, бақылау, ойын-сабақтар барысында тәрбиеші балаларға сұрақтар қойып (Бұл кім? Бұл не? Не істеп жатыр? Қалай ұйықтады?), қайталайды өтінеді («Ля-ля, топ-топ» деп айт, мысықты; «мысық!» деп шақыр).

Тәрбиеші біртіндеп балалардың өзара қарым-қатынас жасауы үшін, бірге ойнайтын балалардың санын біртіндеп ұлғайта отырып, қолайлы жағдай жасауға ұмтылады. Мәселен, балаларға бір-біріне доп тастауға біріккен әрекет арқылы екі баланы біріктіруге ұсынады. Мәселен, балаларға екеулеп себеттің тұтқасынан ұстап, алып жүруге, жол кілемде бір-біріне қарсы жүруге, шеңбердің ішінде бірге

1

 

тұруға, қол ұстасып шеңбер құруға, түрлі шеңберлерден үлкен мұнара құруға ұсыныс жасайды.

Өмірінің үшінші жылында бала тілінің коммуникативтік функциялары одан әр дамиды (айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасау мен өзара әрекеттестік орнату), оның дүниені тану функциясы дамиды. Сондықтан тәрбиеші баламен қарым-қатынас жасағанда репродуктивтік (Кім? Қалай? Қайда?) жеке ізденіспен сұрақтарды (неліктен? Не үшін?) жиі қоюы қажет.

Ерте жаста сөзді естуін дамыту үшін, тілдік дыбыстар, сонымен қатар тілдік емес дыбыстар пайдаланылады. Балалар бастапқыда дыбыс қайдан шығып жатқанын дыбыстың қаттылығын таба білуі тиіс. (Дыбысқа қарай таны). Есту арқылы қабылдауын жаттықтыру үшін, балаларға белгілі бір нысанға байланысты еліктеп дыбыстау жаттығуы ұсынылады (кім тоқылдатып жатыр? Не гүрілдеп жатыр? Кім мяу деп айтты? Кім ав-ав деді?)

Бір жас алты айдан бастап 3 жасқа дейінгі балалардың бойында дыбыстардың қарапайым артикуляциялық қатынастарының нақтылануы мен орнығу жүреді. (Дауысты, еріндік – еріндік, еріндік – тістік және басқа да дауыссыздар, сөздерді анық айтуға жаттығады. Балалардың дыбыстық еліктеушілігі негізгі әдістемелік тәсіл болып келеді: мө-мө (сиыр мөңірейді), ав-ав (ит үреді) ме-е-е (қой маңырайды). Бала ересек адамға ілесе сөзді қайталауға үйренеді: мө — мө-мө — сүт кімге?

Дыбыстарды бекіту, сөздерді анық айтуға дағдылануда қажетті дыбыс бірнеше рет қайталанатын әзіл ретіндегі күрделі сөздерді пайдаланған жөн. Мәселен, с дыбысын бекіту кезінде оқу жылының соңында балаларға мынадай таза сөйлеу ұсынылады: ша-ша-ша  Сарада шана.

Сөздер мен қысқа фразаларда дыбыстарды бекіту үшін,жаттықтырылушы дыбыстар басқа дауыссыздармен тіркеспей ( дауыссыздан кейін  дауысты келеді), бастапқы позицияда тұратын дыбыстар, дыбысы жоқ сөздер ( оларды айтқан кезде орын ауыстыруы), сонымен қатар буын құрылымы жағынан онша күрделі емес сөздер (ары барса үш буынан тұратын) іріктеліп алынады.

Балалардың дыбысты дұрыс айтуын нақтылай және бекіте отырып, тәрбиеші дыбысты меңгеруі қиындық тудырып жатқан және дұрыс игермей жатқан балаларға ерекше назар аударады (мәселен, сәби «с» дыбысын айтқанда, тілін шығарады). Мұндай ақауларды дер кезінде айқындау, осы жас ерекшелік кезеңінде сәбиге көмек көрсетудің маңызы зор.

Өмірдің үшінші жылында балалар көптеген дыбыстарды дыбыстап қана қоймай, сонымен қатар тілдің жалпы жұмсақтығына ие болады, жалғауларын айтпай қоя салады, ұзын сөздерді қысқартып айтады немесе бұзып айтады (дыбыс буындарды түсіріп айтады), үш немесе одан көп күрделі сөздерді тәрбиешінің соңынан дұрыс қайталай алмайды. ( мәселен, бегемот сөзін, әдетте, «бебегот», тіпті «аманот» деп айтады, алайда жеке буындарды немесе екі құрылымды жай сөздерден барлық дыбыстарды  дұрыс айта алады).

Тәрбиеші балалардың барлық кезде сөздерді үлгі бойынша қайталап отыруына ұмтылуы қажет. Кейбір жағдайларда сәбидің сөзі дұрыс айтылуына жуықтаса да болады. Мәселен, егер сәби пароход сөзін «пахот», соңынан «пояхот» немесе «поляхот» десе, мұның өзін жетістік деп санауға болады. Мұнда бала буын

2

құрылымын дұрыс айтып отыр, «р» дыбысын қазірше айта алмайтындықтан, оны «й» немесе «ль» арқылы ауыстырып айту қалыпты жағдай болып саналады. Тілді дамыту бойынша ұйымдастырылған оқу қызметі мен күнделікті қарым-қатынаста тәрбиеші балаларды сөздерді анық және айқын айтуға үйретуі, сөздің буын құрылымының дұрыс сақталуына қол жеткізуге тиіс.

Тілдің жалпы жұмсартылуы жағдайында, қатаң  дауыссыз дыбыстарды айтуға машықтануға ерекше мән беру керек, осы мақсатта қатаң  дауыссыздарды айтуға, мәселен дүк-дүк, топ-топ және т.б түрдегі еліктеуіне сөздерге  көп жаттығу керек.

Сөздігін дамыту.

Сөздігін дамыту дегеніміз- бұл сәбидің сөзді меңгеріп қана қоймай, сонымен қатар өз  қалауы  бойынша оларды қолдануына үйренуін білдіреді. Әрине, бұл өздігінен бола қоймайды, ол үшін тіл материалын пайдалануға қажеттілігін тәрбиелеу керек.  Мәселен, егер балалар «машина» сөзін білетін болса, тәрбиеші түрлі машиналармен ойын ұйымдастыра отырып, оны басқа сөздермен толықтыра түседі. «Міне, машинаның дөңгелектері үлкен әрі кішкентай. Кішкентай дөңгелектерді алдында, ал үлкендері артында тұр». Тілді  белсендіру үшін, баланы сөзді айтуға ұмтылдыратын барлық түрткі сөздерді пайдалану қажет: айта ғой, қайтала, сұра, әңгімеле. Сөздігін дамыту үшін, заттардың атын атаумен қатар балаларды түрлі қимылдарды айтуға үйрету қажет: әр түрлі заттармен жасалатын бір ғана әрекеттер – құю (сорпа, компот, кофе), шешу (пальтоны, қалпақты, шарфты), қию (көйлек,  жейде, колготки), бір ғана затпен түрлі қимылдар жасау түймелеу, ағыту (түймені), шешу, ілу (полтоны ілгішке), заттардың белгілерін атау (қызыл, жұмсақ, жылы қалпақ, ыстық, жылы, дәмді сорпа).

Сөз байланысын дамыту.

Сөз байланысын дамыту үшін, жеке заттардың, әрекеттегі заттар бейнеленген сюжеттік суреттер пайдаланылады. Мұның өзі суретте бейнеленген нәрсеге деген қызығушылықты арттыра түседі; сөздердің байланысуын дамытуға көмектесуі және баланың бойында тәрбиешінің соңынан сөздерді қайталаумен қатар, сондай- ақ сөйлемдерді өз беттерінше айту икемділігін қалыптастырады. Сондықтан мұқият түсіндіру, заттардың қызметін ашып көрсету (не үшін, неліктен?), осы кезеңде болып жатқан оқиғаларды баланың бұрын көргендерімен салыстыру қажеттілігі пайда болады. Бұрынғысынша тапсырмаларды қабылдауы сақталып қалады. Алайда, тапсырмалар әр жолы күрделене түсуі қажет. Мәселен, тәрбиеші әңгімелей бастайды. Әлдебір фразаны жеткізе айтпай, сұрақ қояды. Баланың барынша сәтті жауабы келесі фразаны құруға негіз болады. «… қуыршақ ұйқыдан тұрды, салқын … жуына бастайды. Мамасына барды, мамасы оған не берді?»

Тәрбиеші сюжеттік ойындарды ұйымдастыра отырып, түрлі заттардың (көлік.киім) көптеген атауларын үйретеді, олармен жасалатын әрекеттерді көрсетеді. Олардың атқаратын қызметін ашып көрсетеді (машинаға адамдар мінеді, машинада зат тасиды), (Тонды балалар, папалар мен мамалар, әкелер киеді. Аюдың, түлкі мен қоянның тоны бар). Әрекеттерді орындау барысына қарай, болып жатқан оқиғаға балаларды белсенді қатысуға тарту қажет: қуыршаққа тон кигізу, аюдың тонын сипалап көру.

3

 

 

Көркем әдебиетпен таныстыру

Көркем әдебиет баланың рухани – адамгершілік және тілдік дамуының едәуір нәтижелі құралдарының бірі болып келеді. Балаларды қызықтыру, оларды мәтінді қабылдауға үйрету үшін, шағын фольклорлық жанрларды пайдалану қажет (күлдіргі әңгімелер, тақпақтар, ертегілер). Тәрбиеші сәбилерге көркем образдардың мәнін, әрекеттер жағдайын, көңіл-күйдің ауысуын ашып көрсетеді, тыңдалған мәтіннен әсер алуға үйретеді. Бұл жағдайда әртістік элементтерін «бет қимылы, ым-ишара) ойластырған, айтуға және әндетуге қажет болатын мәтін орнын анықтаған маңызды. Әңгімелеу кезінде сахналандыру ерте жастағы балалармен жұмыс істеудің негізгі тәсілі ретінде танылады. Кейбір күлдіргі әңгімелерді оқыған кезде, кейіпкердің атын топтағы балалардың атына өзгертуге болады. Әр сәби өзі туралы айтатын кезді тағатсыз күтіп отырады, сонымен қатар басқа балалар туралы да не айтып жатқанын қызығушылықпен қадағалап отырады. Сәбилерге көркем шығармаларды оқып беру суреті бар кітаптарды көрсетумен сүйемелденеді, мұнда мәтін мен сурет бір бетте орналастырылады. Беттің үлкен бөлігін суреттер, шағын бөлігін мәтін иемденеді.

Ата-анасы ана тілінде сөйлеген отбасындағы балалар таза сөйлеп, ойын еркін жеткізе алады. Ал, отбасында үлкендердің орыс тілінде сөйлеуі, баланы тіл дамыту үрдісінен айырады. Ана тілін бойына сіңіріп өскен баланың тілі жатық, ойы анық болары сөзсіз.

Ал, екінші мінез ұстазына жұғады дегендей, педагог тәрбиеші өзі тілін жетік білсе, бала ұлттық педагогика негізінде тәрбиеленеді.

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте,-деп Қ.Мырза-Әлі ағамыз айтқандай, сәбиді ана тілінде еркін сөйлеуге бала жастан баулу педагогтардың басты мақсатының бірі болып табылады.

Қазақ тілім, ана тілім деп намысымызды көкке көтеруге сіз болып, біз болып ат салысуымыз керек. Ендеше, балаға дұрыс жан-жақты тәрбие беруге көп көңіл бөлген жөн.

 

 

Пайдаланған әдебиеттер.

 

  1. ҚРМЖМББС (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту) Астана. 2013

 

  1. Балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған

«Зерек бала» бағдарламасы. Астана 2009

 

  1. Мектепке дейінгі ұйым әдіскерінің кітабы. Шымкент 2013

 

  1. Бала мен балабақша. Биназарова Ж.Тілдерді ерте үйрету арқылы қарым-қатынас ортасының кеңеюіне жағдай жасау. 2014ж №2 26 бет

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *