Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы және қажеттілігі

Колбаев Азамат Кенжегалиевич

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы №21 жалпы білім беретін мектеп мұғалімі

 

Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы және қажеттілігі

Адамның өмірі еңбекпен тығыз байланысты.Еңбек адамзат қоғамының дамуы мен қалыптасуында маңызды роль атқарады.Өйткені адам мен еңбек ажырамас ұғым.Адамдардың мыңдаған ұрпақтарының еңбегінің арқасында қәзіргі өркениет қалыптасты.Мысал үшін ежелгі адамдар жануарлар сияқты өмір сүрдідеп айтылады.Адамдардың осындай дәрежеге жетуі тек қана ерекше қасиетінің арқасында болды,ол ойлау,еңбек жасай білу,жарата білу.Адамзат қоғамының ілгерілеуі еңбек дамуынсыз ешқандай болмайды.Демек адамды адам ететін еңбек.Адамның қоғамдағы орны еңбегімен анықталады,қазақ еліде еңбекті ерекше бағалап құрметтеген.Оған мысалы «Еңбек оздырады,жалқаулық тоздырады», «Еңбек түбі-береке»деген сияқты мақал-мәтелдерді,қанатты сөздерді келтіруге болады.Көркем еңбек пәні балаларды еңбек сүйгіштікке үйретеді және де шығармашылық жігерін ашуға көмектеседі.Шеберлік деңгейінің өсуіне,әр жұмысты соңына дейін жеткізудегі шыдамдылық,төзімділік сияқты қасиеттерін қалыптастырады.

Көркем еңбек пәнінде бала халықтың өнер мен көркем еңбекте көрсетілген адамның ойларын,сезімдерін,құндылықтарын,өмірге деген көз-қарасын түсініп сіңіре алады.Халықтың рухани мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа берілетін негізгі құндылықтары адалдық,мейірімділік,шыншылдық,ұжымшылдық,азаматтық жауапкершілік пен еркіндік сезімі бар адамдарды тәрбиелеуге ықпал етеді.Көркем еңбек-бұл ұзақ тарихи және халықтың мәдениеттің ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлері бар интеграцияланған қызмет.Бұл пәнде тоқу,байлау,бояу,тігу,кесу,бұрау және тағы басқа дәстүрлі өнер түрлері және де ежелгі уақытта ойлап табылған халықтың сәндік қолданбалы өнерде үйретіледі.Сонымен бірге көркем еңбек құрал саймандар,онда бала құралдары(қайшы,пышақ,степлер,ине, тоқу ілгегі және тағы басқа)игереді,әр түрлі материалдардан-қағаз, мата, баклашка ,жапырақтар, картон қағаздар және т. б.қәсиеттерін зерттейді және олардан көркем туындылар жасап үйренеді.Түрлі тапсырмалар орындау барысында салыстыру ,талдау ,қорытынды жасау өз пікірлерін дәлелдеу дағдыларын үйренеді.

Қәзіргі таңда мұғалім ретінде байқағаным балалардың барлығының оқу деңгейі бірдей емес.Бұл жерде айтайын дегенім үлгерімі төмен балаларғада көркем еңбек пәні болашақта өз жолын табуға,бағыт бағдар беруге өте үлкен көмегін тигізеді,және де бұл пәнде балалар ерекше болуға өнер тапқыш болуға талпынады.

Бір сөзбен айтқанда,Көркем еңбек пәні сабағының кілтті сөзі ол-еңбек.Балаларымызды жастайынан еңбекке баулуымыз керек.Көркем еңбек пәні жаңалықтар мен шығармашылық шабыттың қайнар көзі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *