«Кемпірқосақ жолымен даярлық тобына көтерілеміз»

Күні: 16.05.2022 ж

Білім беру саласы: Қатынас, Таным.

Бөлімі:  Сөйлеуді дамыту, Математика негіздері.

Тақырыбы: «Кемпірқосақ жолымен даярлық тобына көтерілеміз»

Мақсаты:

1) Балаларға жыл бойы өтілген оқу іс – әрекеттеріне байланысты тапсырмаларды бере отырып, білім – білік дағдыларын сараптау

2) Дидактикалық,  ойындар арқылы есте сақтау қабілеттерін дамытуды жалғастыру

3) Ұқыптылыққа, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілік құралдар: суретші, жеті түрлі – түсті хатқалта, слайд,  сандар

Сөздік жұмыс: хатқалта

Оқу қызметінің барысы

Шаттық шеңбері.

Арайлап бүгін атты күн,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын, шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн!

Қуанышты күн бүгін!

Тосын сәт: суретші келеді (қолында бояулар мен қылқалам)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Мені таныдыңдар ма? Мен кіммін?

-Дұрыс айтасыңдар! Мен сендерге әдемі сурет салып алып келдім. Міне қараңдар! (экранда кемпірқосақтың суреті шығады)

-Бұл не? (кемпірқосақ )

Тәрбиеші: -Балалар, сендер даярлық тобына көтергілерің келеді ме? Бұл жай сурет емес, кемпірқосақ жолдары сендерді даярлық тобына апарады.

Кемпірқосақ сөніп қалады.

Суретші: -Ой, не болды? Менің суретім қайда? Енді қалай даярлық тобына өтеміз? Ересек тобында қалып қоятын болдық, өйткені мен бұл суретті қайта сала алмаймын. Себебі кемпірқосақтың түстерінің ретін білмеймін.

Тәрбиеші: -Жоқ, жоқ, бізге даярлық тобына көшу керек. Біз балалармен бірге саған ретін есіңе түсіруге көмектесеміз.

Суретші: -Жарайды.

Тәрбиеші: -Көмектесеміз ба, балалар?

Ұйымдастырушылық – ізденістік

Сол кезде суретші қалтасынан (сөмкесінен) жеті түрлі – түсті хатқалта алып шығады да тәрбиешіге береді:

-Балалар, бұл кемпірқосақты өз қалпына келтіру үшін мына тапсырмаларды орындау қажет. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен сендерге сыйлық алып келемін . Іске сәт, мен кеттім! (Суретші шығып кетеді)

Сөздік жұмыс: хатқалта сөзінің мағынасы – конверт.

Тәрбиеші: -Балалар, кемпірқосақ неше түстен тұрады? Сол түстерді атап беріңдерші!  -Қай түстен бастаймыз?

1 тапсырма (қызыл хатқалта):

-Қазір жылдың қай мезгілі? Көктем  мезгілінің ерекшеліктерін білеміз бе?Көктем айларын кім атап береді?Көктем  мезгілі туралы өлең шумақтары кімнің естеріңде бар?(Балалардың өлең жолдары)-Жарайсыңдар балалар, өте жақсы.

— Кемпірқосақтың қызыл түсті жолы жанады.

2 тапсырма (қызғылтсары хатқалта):

Дид/ойын «Қай дыбыстан басталған?» — айтылған дыбыстарды ажырату.

-Жарайсыңдар! (Кемпірқосақтың қызғылтсары түсті жолы жанады.)

3 тапсырма (сары хатқалта):

Дид/ойын «Сөздерді буынға бөл»

-Жарайсыңдар! (Кемпірқосақтың сары түсті жолы жанады.)

4 тапсырма (жасыл хатқалта):

Мнемотаблица бойынша ертегіні құрастыру. Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме беру.

-Жарайсыңдар! Кемпірқосақтың жасыл түсті жолы жанады.

Сергіту сәті:

5 тапсырма (көгілдір хатқалта):

— апта күндеріне байланысты сұрақтақтарға жауап бер

— уақытты бағдарлау

-Балалар, 1 аптада неше күн бар?

апта күндерін атап беріңдерші.

-Бүгін аптаның нешінші күні?

Ертен қандай күн болады?

-Ал енді уақытты бағдарлауға арналған жұмбақтар жасырамын:

  1. Ұйқымыздан тұрамыз,

Беті – қолды жуамыз.

Әкемізге ереміз,

Бақшамызға келеміз. (таңертең)

  1. Біз тәртіпті баламыз,

Сабақты да оқимыз.

Серуенге шығамыз, қыдырамыз

Бұл қай кез деп ойлайсың?  (-Күндіз.)

Күн батады қызарып,

Анамызды күтеміз.

Бұл қай кез деп ойлайсың? (кеште)

 

  1. «Үйлерде шамдар жанады,

Дем алады бар әлем»,

Барлығы ұйқыға жатады ,

Бұл қай кез деп ойлайсың? (Түнде)

-Жарайсыңдар! Тақтаға қараңдаршы!

6 тапсырма (көк хатқалта):

1 ден 5-ке дейінгі сандарды тақтада ретімен қойып шығуды ұсынады.

2, 5, 3 сандарынын көршісін табу.

Қалған балалардан тәрбиеші тура және кері санауды ұсынады.

-Керемет!

Кемпірқосақтың көк түсті жолы жанады.

7 тапсырма (күлгін хатқалта):

-геометриялық пішіндер мен денелер арқылы қеңістікті бағдарлау ( тақтада):

-Ортада не орналасқан? -Ортада дөңгелек

-Дөңгелектің үстінде? –Үстінде үшбұрыш

-Дөңгелектің астында? -Астында сопақша

-Оң жағында? — Оң жағында  тіктөртбұрыш

-Сол жағында? — Сол жағында шаршы.

Ойын: «Сыңарын тап, Қарама-қарсы сөздерді ата»  (суреттер таратылып беріледі, сыңарын тауып сөздерді айтады)

-Жарайсыңдар!

Кемпірқосақтың күлгін түсті жолы жанады.

Суретші қайтып келіп балаларға алғысын айтады. Сыйлығын беріп, қоштасады.

Рефлексиялық — түзетушілік

-Бізге бүгін қонаққа кім келді?

-Қандай тапсырмалар орындадық?

-Кемпірқосақтың неше түсі болады ?

-Қай жыл мезгілі туралы әңгімелестік?

Балалардың жауаптары.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: берілген тапсырмаларды орындайды

Түсінеді: ойын шарттарын түсінеді

Қолданады: жыл бойы алған білімдерін көрсете алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *