Зорлық зомбылық ақырзаман бастамасы ма?

Келекеева Ақниет Нұрғанатқызы

21-ғасыр бұрынғыдай емес, бәрінің көкірегі ашық,ой-өрісі кең десекте не себепті өз әйелін,баласын соққыға жығатындар саны азаяр емес?Біз өз көзімізбен көрмегенімізбен ,статистика бойынша соңғы екі жылда зорлық салдарына 300 адам қаза тапқан,денсаулыққа аса ауыр зиян тигізу фактісі 878 рет,ал орташа зиян келтіру 808рет тіркелген.Бұлар тек тіркелгені ғана,ал тіркелмей адам көзінен таса қалып жатқан жайттар бізге беймәлім. Әкесінің сабауымен өскен бала кейін өз отбасына сондай қатыгездік көрсетпеуіне ешкім кепілдік бере алмайды.Кезінде мұра ретінде тал,мал қалдырушы еді, қазіргілер болса қызба мінез,ашушаңдықты қалдырғандай.Әрине,*ұяда не көрсең ,ұшқанда соны ілесің* демейме атам қазақ…Осылайша бара-бара зорлық-зомбылық интернетке тәуелділік,алкоголизм секілді нормаға айналып бара жатыр.Сіздерді білмеймін алайда мен,*жаға ұстатарлық жағдай* дер едім…

Әсте біздің ең бақытты,уайымсыз кезіміз балалық шақ болса керек.Өмірдің  сан-алуан қиындығынан хабарымыз жоқ,ол шақтағы басты проблемамыз *анам ойнауға жібермей қойса не істеймін?*деген сауал еді.Таңнан бастап  ойын қызығымен жүріп кеш батқанын да сезбей,сонда да ойынымыз қанбайтын…Бірақ қазірде осы бал дәурен шақтың қызығын емес қорлығын көріп жүрген бүлдіршіндер қаншама…Неліктен заман кішкентай жандарға тым қатал болып бара жатыр?Жоқ, мәселенің бәрі заман да емес адам да жатыр-ау.Әрине тіпті өз туған баласына жаны ашымағаннан не қайыр,не опа күтуге болады?Ондайларды адам деп атағанымыз дұрыспа?Егер олар адам болса, хайуанның адамнан қандай кемшілігі бар?Осы сәт әркімнің жауабы әртүрлі болары анық,алайда соңына келгенде бәрібір осы оқиға зардабын бүлдіршіндер тартуда…Міне,мені қынжылтатыны да осы.

Бақытты балалық шақ орнына қорқыныш пен үрейді арқалап өскен баланың тағдырына лағынет жаудыруы таңғалдырарлық жағдай емес.Былайша айтқанда біз өзіміз олардың болашағына балта шауып қана қоймай,қоғамға да қауіп төңгізуі мүмкін жанды тәрбиелеп шығамыз.Жоқ,тәрбие деген сөзім орынсыз болар,керісінше қорлық көріп өскен бала өзін-өзі тәрбиелейді.Яғни,не анасынан ,не әкесінен жылулық көрмей,өмір бойы себепті-себепсіз соққы көріп өскен жеткіншек соны дұрыс деп қабылдап,келешекте сол секілді іс-әрекеттерге баруы мүмкін.Бұндай әрекеттер тек кішігірім бұзақылық пен тоқтаса жақсы,ал ең қорқыныштысы қасақана адам өлітіру мен де аяқталып жатады.Бұған кім кінәлі?Ең бірінші орында ата-ана.Әрине мен адам өлтірушіні *түк кінәсіз* деп жақтап отырғаным жоқ.Оны түсінуге болады,алайда ақтап алуға емес,біздің басқа жанның өмірін қиуға хақымызда жоқ.Бірақ баланы осындай жағдайға жеткізу яғни қысқаша айтсам; босанған соң өз мойындарына жауапкершілік алмай,оған дұрыс тәрбие бермей,әлі өмірге үйренісе алмаған жас сәбиді ұрып-соғу арқылы ерте есейту, меніңше адам өлтіру мен тепе-тең.

Бар ашу-ызасын жарынан,баласынан алу немесе жан-жануарларға қысым көрсету-адам бара алатын ең сорақы істердің бастамасы ғана екеніне көзіміз жетті.Осылай жалғаса берсе біз өмір сүріп жүрген заманның сол ақырзаманнан айырмашылығы қалдыма?Әлде бұл ақырзаманның бастамасы ғанама?Кім білсін бәлкім солай болар…

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *