«Заманауи ұстаз кім?»

«Заманауи ұстаз кім

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы»— деп ғұлама ақын Ғабу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, ғұмырын  ұстаздық мамандыққа арнаған, көңілі мәңгі жас баладай жақсылыққа құмар ұстаз болу – көп адамға бұйыра бермеген бақыт десем, артық айтқандық емес шығар. Өйткені аузын ашса жүрегі көрінетін, жалғандықты, жасандылықты сүймейтін тазалық пен пәктіктің иесі — оқушыларды көргенде,  олармен бірге қуанып, бірге күліп, жан дүниең ерекше  сезімге толып,  жас баладай  қуанышқа бөленесің. Оқушылар сенен ең жақын жанашырындай үміт күтеді, қуанып қарсы алады, сырларын бөліседі. Кейде қуаныштарын жасыра алмай , еркелей алдыңа келеді. Бір үйдің үміті, шырағы, аяулысы, ардағы, еркесі, бұзығы, қызығы. Сен олармен бірге жүрсең, олармен бірге бала болып, асыр салып, балаша қуанып, мына өмірге балаша қарайсың. Әр үйдің үміті болған шәкіртеріңнің жан шырағын жаға білсең, нағыз адам етіп тәрбиелей білсең, жүрегіне ұлтына деген қасиетті ұғымды ұялатып, Абай атамыз айтқандай, толық адам тұлғасын қалыптастыра алсаң, міне,  ұстаздық мұрат- мақсатың — осы болмақ…

Шәкірт бойына сапалы білім мен үлгілі тәрбиені сіңіру- мұғалімнің педагог алдына қойған басты  мақсат болу керек. Мұғалім болған соң, өз пәніңді шәкіртіңнің толық меңгергенін қалайсың. «Бес саусақ бірдей емес» дегендей, алдыңда түрлі деңгейдегі оқушылар отырады.Ұстаздардың ұстазы болған Ы. Алтынсарин: «Оқушы сабақты түсінбесе, кінәлі емес, оны түсіндіре алмаған мұғалім кінәлі» деген сөзі бар. Осы ұлағатты сөзді  ешқашан есімнен шығарған емеспін. Егер оқушы түсінбей жатса, онда менің әдістемемнің әлсіз жағының әлі бар екенін мойындап, оны өзімнен іздеп, қателігімді түзетуге тырысып келемін. Заман талабына сай көштен қалмай, білімдегі соңғы жаңалықтарға да көз жүгіртіп, назардан еш тыс қалдырмаймын.

Мен үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болу — ең ардақты мамандық иесі деп ойлаймын. Дүниедегі ең қасиетті тілің мен тарихыңа, ұлтың мен әдебиетіңе жетер еш байлық жоқ Бабалар аманатын болашақ ұрпақ зердесіне жеткізіп, көздің қарашығындай сақтай білуге шақыру -әрбір тіл  маманның педагогтың парызы әрі оқушыларының жанына ұлт намысы, ел мүддесі деген киелі ұғымдарды ұялата отырып, білім беру  — ХХІ ғасыр мұғалімдерінің еншісінде тұр. Еш жалықпаған ұстаздың  тәрбиелеген  шәкірттері — жан- жақты білімді, ой- өрісі биік, өз мақсаттары айқын, сол мақсатқа жету үшін еңбекқорлық пен шыдамдылық таныта білетін жандар болатыны сөзсіз.

«Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы» дегендей , оқушыларының тәрбиелі болуы- ұстазынан көрген өнегесі мен тәлімінен екені даусыз.Ы.Алтынсарин : «Мұғалім- адам жанының инженері» деп , өз заманында ұстаздар қауымына зор баға берген.Ұстаз- адам жанының емі, шипагері десек артық айтқандық емес.Күнделікті күйкі тірлікте өз шәкіртіне үнемі көңіл бөліп, жылы сөзімен жылытатын да ұстаз.Адамзат тәрбиелеудің қиындығы мен жауапкершілігі мол мамандық екені белгілі, дегенмен ХХІ ғасырдың ұстаздары жан – жақты дамыған, оқушының жан дүниесін жетік білетін, өз пәнін толық меңгерген, барлық нәрседен хабары бар иман жүзді, талапшыл азамат болуы керек деп ойлаймын.

Ұрпақ… Бала … Бүкіл адамзат болмысының тірлігінің мәні.Қай заманда, қай ғасыр, қай қоғамда болмасын адамдар тірлігінің мақсаты, болашаққа жалғастырар алтын көпірі, аманат етер асылы- оның ұрпағы. Сондықтан да күллі адамзат дүниесіне ортақ мүдде ұрпақ тәрбиесі.Ал солұрпақтың азамат болып шығуына бағыт– бағдар беріпүнеміқадағалау – бүгінгі ұстаздар қауымының жауапты жұмысыдеп білемінСол себепті де, оқушыларымыздың сапалыбілім мен өнегелі тәрбиені мектептен алып шығатынын ешұмытпауымыз керекОқушымыздың парасатты да саналыадамгершілігі мол тұлға болып шығуымен қатарнәтижелібілім алып шығуына бар күш жігерімізді сарп етуімізқажетҰстаз өзінің алдына нақты белгілі бір мақсаттықойыпсоған жету жолында барынша талаптансажетістіккежетері сөзсізБілім кеңістігінде болып жатқанжаңалықтарды үнемі назардан тыс қалдырмайжаңашылмұғалімдердің іс– тәжірибесін мүмкіндігінше дұрыспайдаланыпоқытудың ой елегінен өткен тиімді әдіс– тәсілін дұрыс таңдап, оны мейлінше меңгеру аса қажетболып табыладыСонымен қатарбүгінгі қоғамдағымұғалім заман талабына сай психологиялық негізден өтемықты хабары бар, ақпараттық технологиялардың бар түрінде жұмыс істеуге қабілетті , жан– жақты білімдіүлкенжүректі , оқушыларды жанындай жақсы көре білетінбайқампаз да білікті жан болуы керекӨйткені іс-тәжірибегекөз жіберсеккешегі бүгінгігебүгінгі ертеңгіге ұқсамайдыҒылымның дамуыбілім мазмұнының өзгеруіөмір талабыоқушы талғамы үнемі өсудеСол себептен де ең алдыменжеке тұлға ретінде өзімнің бойыма өзгерістер енгізуге тура келдіӨзім де өзгердімоқушыларым мен әріптестерімді де өзгертуге қолымнан келгенше ат салысып жүрмінБұрынқандай бір қиындыққа тап келсемқатты абыржушы едімбүгінгі күндежылдам әрі тез шешімін дұрыс табуғадағдыландымОқушыларымды да дұрыс шешім тауыпөзісіне жауап бере алатын азамат болуға шақырып, не нәрсеболса да сын тұрғысынан ойланыпжеті рет өлшепбір ретпішуге қалаптастыруға үйретіп жүрмінБұл жетістіктер – менің 3 айлық деңгейлік курстан алған ілімдерім едіКүнделікті сабағыңды түрлендіріп өткізсеңжаңашылдыққаталпынсаңоқушыға да сыйлы боласың әрі оқушы сабағыңада селқос қарамайдыСол себепті мен өз сабағымда 7 модульді ықпалдастыра қолданамынның нәтижесі де жоқемесДәл қазір  жаңалыққа деген құлшыныс пен қызығушылықтүпкі нәтижеге деген сенімділікөз ісімненқанағат табу менде басымЕкінші жетістігім — өзімдішыдамдылыққасабырлылыққа  үйреттім. Мен бұрынбаладан жауап алғанша асықсамқазір оқушының ойлануынбірінші орынға қоятын болдымЖиырма жылдай ұстаздықетсем де, әлі де үйренетінім көп екеніне толық көзім жетіпотыр.

Өзімнің мұғалімұстаз, педагог жалпы адам ретіндетүйгенім,  мұғалім өзінің артына ерген ұрпағы мен шәкіртінің жетістігімен ғана марқаяқуана алады екенҰлтымыздың тағдырыболашағы – тәрбие мен  білімдеекен. Абай атамыз айтқандай: « Ұстаздық еткен жалықпасүйретуден балаға..» дегендей , шәкірт тәрбиелеп, оны ұяданбаптап ұшырудан еш жалықпайық

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *