Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары.

Манаспаева А.Е.

Тәрбие сағаты
Мақсаты:

1.Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
2.Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, ұлттық патриоттық сезімге тәрбиелеу;
3.Шәкірт жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ — жауап
Көрнекілігі: Елбасы суреттері, кітаптары, рәміздер, слайд, деректі фильм.
Сынып сағатын Әнұранмен ашу
Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері.

Балалар бір-біріне жылы лебіздері мен тілектерін білдіреді.

Негізгі бөлім:

Біздің тұңғыш Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев .
Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет.
Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымызды әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастық, бірлікті ойлаған, ұрпақтың саналығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың құрметіне арнағалы отырмыз! 1 — ші желтоқсан –Тұңғыш Президент күні. Парламент 1991 жылдың 1 — ші желтоқсанда өткен Тұңғыш Президенттің сайлауына қатысты осындай шешім қабылдаған болатын. Қазір Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяынмен танысайық.
                                                     Өмірбаяны

1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы, Қарасай ауданының (Қаскелелең), Шамалған ауылында дүниеге келген.
Нұрсұлтан әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұңғышы.
1958 жылы Днепродзержинск (Украина) техникалық училищесіне түсіп, 1960 жылы май айында Нұрсұлтан Днепродзержинскіден Теміртауға екінші дәрежелі горновой қара металлургия өндірісінің білікті маманы деген атақпен оралады. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын бітірді.
1969 – 1976 жылдары Теміртау қаласындағы партия — комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды. 1977 – 79 жылдары Қарағанды қалалық партия комитетінің хатшысы, 2 — хатшысы, 1979 – 84 жылдары Қазақстан КП ОК хатшысы, 1984 – 89 жылдары Қазақстан Министрлер Кеңесінің төрағасы, 1989 – 91 ж. Қазақстан КП ОК — нің бірінші хатшысы әрі Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің төрағасы (1990 жылдың ақпан – сәуір) болды.
Қазақстанның қайта құрылуы
Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР — і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).
«Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көптомдық кітапта жас мемлекеттің өміріндегі ұлы өзгерістерді, ұлтты қайта өрлетудегі Елбасының ұланғайыр еңбегін, дүниежүзілік қауымдастықтың осыны қалай мойындап отырғанын дәлелдейтін құжаттарға, дерекнамаларға негізделген.

Балалар ендеше, тұңғыш президентіміз туралы деректі фильмге назар аударайық.

Дерек фильмдерге сілтемелер: 

https://yadi.sk/d/GyJCv9-3JpfYyw
https://yadi.sk/d/Jd4DJwdq7eYl_w

KZ — Яндекс.Дискyadi.sk

 

Сергіту сәті:

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

 

Астана – елбасының ерлігі (слайд)

Сарыарқа төсіндегі бұрынғы Ақмола, қазіргі Нұрсұлтан қаласы 1997 жылдан бері астана мәртебесіне ие. Осы күндері Астанада 1 миллионға жуық адам тұрады. 1998 жылы 10 — шілдеде Астананың халықаралық тұсаукесері болды. Сол жылы ЮНЕСКО — ның шешімі бойынша, Астанаға «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді.
Ерке Есілдің жағасында болашақ мыңжылдықтарға батыл қадам басқан жаңа Астананың бой көтергеніне уақыт шешімімен алғанда аз уақыт өтсе де, жас қала күннен күнге құлпырып, қанатын кең жайып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуекелшіл бастамасымен өмірге келген тәуелсіз еліміздің бас қаласы Астана бүгінде төрткүл дүниеге танымал әлем астаналарының қатарынан ойып орын алды. Тәуелсіз еліміздің тірегі мен жүрегіне айналған. Астана қаласы дүние жүзіне өзінің қайталанбас архитектуралық құрылыстарымен таңданыс тудырған мемлекетіміздің бас қаласы.

Ал енді балалар, бас қаламыз Нұрсұлтан қаласын ақ қағаз бетіне түсірейік.

Қорытынды:

Ауыр күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Балалар, сендерге бүгінгі тәрбие сағатымыз ұнадыма? Қазір алдыларыңда тұрған 3-түрлі алма арқылы бүгінгі сабағымызды қорытындылайық.

«Жеміс ағашы» әдісі арқылы кері байланыс орнату.

«Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға – елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев осындай тұлға! Бүгінгі «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы сабақтары.» атты сабағымыз аяқталды!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *