Журналистиканың құқықтық негіздері

Журналистиканың құқықтық негіздері

 Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабында сөз және шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілгені атап өтілген. Біріншіден, сөз бостандығы мен журналистік қызмет заңнамалық түрде еркін қызмет. Журналист өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, қоғамдық бірлестіктерден, саяси партиялардан және лауазымды адамдардан жан-жақты ақпарат алу құқығы бар.   Ал, өздерінен сұратылған мәліметтерді беруден бас тартуға БАҚ өкілдері жоғары тұрған органға немесе лауазымды адамға, содан кейін сотқа заңда көзделген тәртіппен шағымдануына болады. Қоғамның құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы журналистиканың рөлі жоғары тұрады. Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары азаматтарды құқықтық ақпараттандырудың негізгі көзі.Тәуелсіздік алған сәттен бастап Республикада түбегейлі өзгерістер жүргізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарына және заңнамаға ерекше назар аударылды. Ата Заңда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету туралы нақты жазылған. Ең алдымен демократиялық қоғам дегенді түсінукерек. Демократиялық модельдің ең жоғары құндылығы бұқаралық ақпарат құралдарыныңнегізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Қазақстан заңнамасына сәйкес, егер журналистзаңға қайшы келмесе еркін жұмыс істей береді.БАҚ қызметіне кез келген адамның араласуынатыйым салынған. Ата Заңда сөз және шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілген,цензураға тыйым салынды. Әр журналистің заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен ақпаратты алу және тарату құқығы бекітілген. ҚР Конституциясының 20 бабы 3-тармағы бойынша зорлық-зомбылықты насихаттауға немесе үгіттеуге жол берілмейді. Республиканың тұтастығына, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, соғыс,әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік және рулықүстемдік, сондай-ақ қатыгездік пен зорлық-зомбылықты БАҚ арқылытарату әрекеттеріне мүлде тиым салынған.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *