“Жобалау әрекеті мектепке дейінгі мекеме жұмысының ең жақсы инновациялық бағытының бірі”

“Жобалау  әрекеті  мектепке дейінгі мекеме жұмысының  ең жақсы инновациялық  бағытының бірі”

                                                                     

  «№46 «Балбұлақ» бөбекжайы»МКҚК

 әдіскері-Қобланова Алима Реджеповна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

 

 

Бала дүние есігін ашқан сәтте-ақ, өзін қоршаған ортаның ең алғашқы танушысы, алғашқы зерттеушісі  болып табылады. Ол үшін барлығы алғаш рет болады : күн мен жаңбыр, қорқыныш пен қуаныш . Бес жастағы балаларды көбінесе  «негештер»  деп атайтыны барлығына белгілі. Көптеген өзін қызықтыратын сұрақтарға олар өз бетінше жауап таба ала алмайды – оған педагогтер көмекке келеді. Мектепке дейінгі мекемеде тәрбиешілер проблемалық оқытудың әдістерін кеңінен қолданады:  логикалық ойлауды дамытуға қытысты сұрақтарды, проблемалық ситуацияларды модельдеу, эксперимент жасау, тәжірибелік-зерттеу жұмыстары,  сөзжұмбақтарды шешу және т.б.сол сияқты.   Жоба дегеніміз- нәтижесінің әлеуметтік маңызы бар жеке немесе топтық  атқарылған шығармашылық жұмыс. Жобаның негізінде нәтижесі тұтас  ретінде қорытындыланатын,әр түрлі бағыттағы зерттеу, іздестіру жұмыстарын қажет ететін мәселе жатыр. Мектепке дейінгі мекемедегі жобалық әдістің негізгі мақсаты – баланың  бос уақытындағы  шығармашылық жеке тұлға ретінде дамуын, балалардың  әрекеттеріне ізденімпаздық мақсаттардың қойылуымен жүзеге асырылады. Жобамен жұмыс жасағанда әр бала өз мүмкіншіліктері мен қызығушылықтарына сай іс таба алатындықтан,бұл оқыту түрі педагогиканың жекелей бағытталған  инновациялық бағытының бірі. Жеке басқа бағытталған технологияларды пайдалана отырып біз мектепке дейінгі оқыту мекемелеріндегі оқыту үрдісін  ізгілендіреміз.Жобалау іс әрекеті әдісін мектепке дейінгі балалардың ересектеулеріне  пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар  зейінділігімен, байқағыштығымен,  талдай   және жинақтай білу мүмкіншілігі басталуымен,өзін өзі бағалау және бірігіп әрекет етуге қызығушылығымен ерекшеленеді.Жобада әр түрлі білім саласының білімдерін жинақтауға болады және тәрбиеші мен ата ана және балалардың  бірегей ізденушілік танымдық іс әрекеттерін ұйымдастыруына зор мүмкіндік туады.Танымның барлық әдісін біріктіруші тақырыптық жобалар балаларға өз табиғатына жақын білім жолын ұсынады.Одан басқа ,әр қайсысы өз бағыттары бойынша әрекет ете отырып (біреуі мүсін жасайды,сурет салады, өлең оқиды, ән салады, өнерін көрсетеді)барлығы да берілген тақырыпты жан — жақты ашып көрсететін қыруар мағлұматтар жинап,көрнекі нәтижелерге қол жеткізеді.Мектепке дейінгі жастағы балалардың ересектеулері құм мен сазды қуана  зерттейді,өзіндік ерекшеліктерін тани отырып,жүзуге кемелер жібереді,самалды тосады,суды түрлі түсті мұздақтарға айналдырып,ал күн көзін түрлі — түсті алауларға айналдырады,көпіршік жасап, сурет салып көреді,ал бұл арқылы балалар негізінде «Ауа не үшін көзге көрінбейді?», «жапырақ неге түсін өзгертеді?» деген сияқты қиын сұрақтардың шешімін іздейді. Жоба кезінде бала (қашан?,қандай?қайда?)деген сұрақтарға эксперимент жасап,пайымдайды,іздестіреді,жауап іздейді,тілдік қарым- қатынастарға түсіп,өз ойларын әр түрлі білдіреді,не үшін әрекет етіп жүргенін түсініп,өз қызығушылығы мен арманын айтады. «Біз жауынгер боламыз», «Өсімдіктерге қалай әдемі болуға көмектесу керек?» деген сияқты кішігірім жобалар балалар мен ұстаздардың шығармашылық іс әрекеттерін талап етеді.Ал «Мен және қоршаған ортам», «Достар мен бірге» деген сияқты әлеуметтік бағыттағы ұзақ мерзімге арналған жобалар балалар мен педагогтер 3 айдан 6 айға дейінгі  жұмысын талап етеді.Мектеп жасына дейінгі оқу мен тәрбие мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандарты педагогикалық үрдісінің бағдарлануын,жобалануын және құрылуын болжайды.Білім беру ұйымдарында жобалау әдісі  педагогтердің  жобалау құзыреттілігін арттыру шарттарының бірі ретінде пайдаланылады.Жобалау әдісін пайдалану  педагогтерге инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды.Инновациялық іс -әрекеттің ұйымдастырылуында маңызды рөл оқу — әдістемелік ісі жөніндегі  мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне беріледі. Оның іс- әрекеттерінің басым бағыттарынының бірі педагогтердің  жобалау құзыреттілігін арттыру болып табылады.Бүгінгі педагогикалық үрдісте пайдаланылатын  негізгі ұғым ол «жобалаудың құзыреттілігі»,яғни педагогикалық үрдістер мен іс әрекеттердің жобалануын қамтамасыз ету.

Ұлттың бүгіні де, болашағы да,тәрбиелі ұрпаққа байланысты.Баланың адам болып қалыптасуы  қыруар уақытпен тер төгетін,зор еңбекті қажет ететін ауқымы кең, жауапкершілігі мол жұмыс.Ұлы Абай: «Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы мен жаманды таниды дағы, сондайдан білгені көргені көп болған адам білімді болады,» демекші, әрбір тұлғаның  тәрбиесі отбасынан басталады. «Адам   ұрпағымен мың жасайды» десе, мәңгі жасағысы келетін халық атадан балаға ауысатын қара шаңырағын көзінің қарашығындай сақтап, болашағының үздіксіз өркендеуін үнемі қалт жібермей отырған.

Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмысы ең алдымен, ата-аналармен жұмысты сауатты және дұрыс ұйымдастырудан басталады.Тәрбие жоспарында басты көңіл, ата-анамен жүргізілетін жұмыстың түрімен тәрбиелік мәніне көңіл бөлу қажет.Баланы балабақшаға берген соң ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып,оның дұрыс тәрбиемен білім алуына бірлесе әрекет етуі тиіс.Оған мысал: ата-анамен жұмысты жобалауды алайық.Бұнда ата-анамен бірге қандай жұмыстар атқаруға болады? Қандай тақырыпта жұмыс жасаймыз?

Ата-анамен жұмысты жобалауда ең бірінші жобалық іс-жоспармен жұмыс жасайды:

-тақырыбын белгілеу:  «Ұрпақтар ағашы», «Менің жанұям»,т,с.

-шешілмеген мәселені зерттеу: мыс. қазіргі таңда балаларымыз  өз тегін

білсе, ата-бабасын білгені жөн деп ойлаймын.

-әдіс-тәсіл таңдау: мыс: зерттеулер, сұхбаттасут.с.

-жинақтау, бақылау:  суреттер жинау, портфолио жасақтау, газеттер шығару.

-шешім, қорыту.

Осыдан соң орындалу бағытқа көшеді. Ол 4-бағыттан тұрады:

1.Кіріспе,

2.Талдау,(бақылау, зерттеу жұмыстары)

  1. Нәтиже шығару,
  2. Қортындылау.

Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстар:

-материалдар жинақтағанда тапсырмалар беру,

-жанұядағы бар заттарды көрсетіп, жинақтауға көмектесу.

-көрме ұйымдастыру,

-тақырыптық сабақтарға, сабақтарға, мұражайларға, зерттеу жұмыстарына қатысу,

-ата-аналармен бірлесіп, ойын сауық кештерін,сұрақ жауап  викториналарды ұйымдастыру,

-Балалар портфолиосын дайындау, кішігірім мазмұндамалар жазу (балалар өмірі жайында)

-Ата-аналармен бірге «Ұрпақтар ағашы», «Үлкен жанұя», «Менің тату жанұям» т.с.с. қабырға газеттерін шығару.Сонымен бірге ата-аналарға тест жүргізуге де болады.Тест әр ата-ананың өзінің бала тәрбиесі жөніндегі түсініктерін толықтыра отырып, баланың балабақшада, қоғамда,өзін қоршаған ортадағы алар орынын, ерекшелігін түсінуге толықтай мүмкіндік береді.Бір сөзбен айтқанда әр ата-ана өз баласы  және отбасы жайында мағлұмат береді. Жобада бақылау, зерттеуден соң, нәтижесін шығарып, әр ата-ананың еңбегін қортындылаймыз.Осыдан балалардың алған түсінігін,білімін бақлап отыруымыз керек.Олар нені түсінді, бұл жобаның бізге қандай пайдасы бар?Балалар нені түсінбеді.?

Бұның бәрі жоба соңында талқыланып,қорытындыланады.

Қазіргі заманғы мектепке дейінгі мекемелерде жобалық істердің мынадай түрлері қолданылады:

  1. шығармашылық-зерттеу: балалар эксперимент жасап, нәтижелерін газет түрінде, драматизациялау, балалар дизайны(әрлендіру) түрінде безендіреді.
  2. рольдік-ойындық: (шығармашылық ойындар элементтері, балалар шамалары келгенше ертегі персонаждарының образдарына еніп, қойылған мақсаттарды шешуге ұмтылады)
  3. ақпаратты – практикалық- бағдарлау: балалар ақпарат жинап, әлеуметтік қызығушылыққа тұспалдап алған ақпаратты жүзеге асырады (топты безендіру мен дизайны, витраж)
  4. шығармашылық (нәтижені балалар мерекесі, балалар дизайны ретінде, мысалы, «Театрланған апта») ретінде безендіру.

Сонымен қатар   жобалаудың түрлері

  • Пәндік н\е пәннен тыс мектепке дейінгі білім беру оқу жоспарының варияциалық бөлігінің мәселесін           шешетін жоба
  • Монопәндік – білім саласындағы мәселелерді шешетін “Денсаулық” жобасы
  • Пәнаралық – “Дене тәрбиесі” «Сөйлеуді дамыту»  «Математика» сияқты бірнеше білім салаларының мәселесін шешетін жоба.

Жоба тақырыбының талаптары:

  • Мемлекеттік стандарттың талаптарына сай келуі керек;
  • Тақырып бағдарламадан тыс таңдалып, оқу жоспарының варициялық бөлімімен сай келуі мүмкін;
  • Мектепке дейінгі жастағы балаларға жақын ж\е түсінікті болуы тиіс;
  • Жақын даму аймағында орналасуы тиіс;

Жобаның құрылым кезеңдері:

  • Дайындық;
  • Негізгі кезең – жобаның жүзеге асуы;
  • Қорытынды;

Жобалаудағы тәрбиеші қызметінің сипаты:

  • Тәрбиеші – баланың серіктесі және көмекшісі;
  • Жобаның негізгі жетекшісі;
  • Сырттай бақылаушы, кеңесші, сарапшы;
  • Аз айтып, балалармен көп ізденеді;
  • Ақпарат көздерін тауып, ұсыныстар жасайды;
  • Нәтижелерді бағдарлайды;
  • Әр түрлі білім салаларының негізгі мағлұматтарын байланыстыра біледі;
  • Балалардың белсенді әрекетіне жағдай жасайды;
  • Деректерді көбірек білу емес, алынған нәтиже мен орындалуын бағалайды;

Жоба қатысушыларының құрамы

  • Педагог
  • Топ
  • Шағын топ
  • Отбасы
  • Жеке тұлға

Жоба мерзімі

Ұзақтығына қарай қысқа мерзімді (бір немесе бірнеше сағат, 1-2 апта), орташа мерзімді (1-3 ай), ұзақ мерзімді (1-жылға дейін)  болып бөлінеді. 

Тақырыптарға байланысты кеңестер  өткізуге болады.

  • «Балаларды тәрбиелеу барысында интеграциялық әдістерді қолданудың вариациялылығы»
  • «Жобалық әдіс – балаларды оқытудың дамыту әдісі ретінде»
  • «Жобалық істің түрлері және оларды балалардың әр жас ерекшеліктері бойынша қолдану»

Сонымен қатар  семинар-практикумдар:

  • «Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қызығушылықтарын анықтау»
  • «Тәрбиелік-оқыту процесінде қосымша білім берудегі озық тақырыптық жоспарлауды  жетілдіру»
  • «Тәрбие-оқыту процесіндегі қосымша білім беру»
  • «Жобалық-ізденушілік әрекет негізінде топтық жобаларды жетілдіру»
  • «Жобалық әдісті жетілдіруде эксперименттік жұмыстардың материалдарын жинақтау»

 

 

 

 

 

 

                               

     

 

                  

 

 

    

 

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *