Жер- біздің ортақ үйіміз.

Жер- біздің ортақ үйіміз.

 

Жер- біздің ортақ үйіміз. Барлық ғаламшарлардың ішінде Жер шары ең әдемі,ең бай,өмір сүруге ең қолайлы планета.Жерді адамдар, құстар, жан- жануарлар мекен еткен.

Жердің 79% судан тұрады. Жер бетінде тек адамдар мен жануарлар ғана емес, өсімдіктер де өмір сүреді. Жер бетіндегі тіршілік адамдар мен табиғатқа ортақ. Демек табиғат пен адамдардың өмірі бір-біріне тікелей байланысты. Жердің байлығын, табиғатын, жан-жануарларын дұрыс пайдаланбасақ, қорғамасақ, жер бетіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіршілікке нұқсан келеді. Жер, су, Күннің жылуы, ауа — тіршілік көздері болып табылады. Сондықтан осы тіршілік көздерін ластамай,бекер ысырап етпей, аса сақтықпен пайдалана білуіміз керек. Зауыттан шыққан қалдықтар, түрлі қоқыстарды өртеу, машиналардан шыққан зиянды газдар және абайсызда шыққан өрт ауаны ластайды. Кейбір жануарлар мен құстар және өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр.

Сондықтан оларды Қызыл кітапқа енгізген. Осы Қызыл кітапқа енген аңдар мен құстар, өсімдіктер мемлекеттік қорғауға алынған. Өйткені оларды қорғамаса , олар жер бетінен мәңгі жойылып кетеді.

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *