Жасөпірім және қылмыс

Өткізуші мұғалім: Сейлханқызы Б.

Кластан тыс шара: «Жасөспірім және қылмыс»

Түрі: Кездесу сабақ

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды заңды құрметтеуге, өз құқықтарын ғана емес, міндеттерін де білуге насихаттау. Жасөспірімдер арасында кең таралған құқық бұзушылық түрлерімен және оларға қолданылатын жаза түрлерімен таныстыру.

Сабақтың жүру барысы: 1. Ұйымдастыру. 2.Кездесу қонағымен таныстыру. 3. «Жасөспірім және заң» тақырыбында көрсетілім арқылы баяндама оқу. 4.Кездесу қонағы заңгер Аймағамбетова Айнұр Құранияқызының сөзі.5.Қорытынды.

  1. Оқушылармен, кездесу қонақтарымен амандасу.
  2. Кездесу қонағымен таныстыру:Құрметті оқушылар, сіздерге бүгін қонаққа заңгер, медиатор Аймағамбетова Айнұр Құранияқызы келіп отыр. «Жасөспірім және қылмыс» тақырыбында мәлімет беретін болады, көкейде жүрген сұрақтарыңыз болса жауап беретін болады.

 

 

  1. Тарих және құқық пәнінің мұғалімі Сейлханқызы Б.: «Қазіргі таңда заңды білмеген зардап шегетінін жақсы білеміз. «Балам бол, басқа бол, бәріңе заң біреу» деп Жүсіп Баласағұн айтпақшы, қоғамда түрлі қайшылықтардың орын алмасы үшін заңға бағыну, құрметтеу әрбір азаматтың борышы. Құқығымызды біліп қоймай, заңның ажырамас бір бөлігі тиісті міндеттерді атқару, басқа адамдардың жеке бас құқығына қол сұқпау, құрметпен қарау біздің ең негізгі парызымыз.»

Құқық дегеніміз не? деген сұраққа жауап беріп көрейік? Оқушыларға сұрақ қойылып, жауаптары тыңдалады және мұғалім қорытындылайды: «Құқық дегеніміз мемлекет шығарған немесе бекіткен тәртіп ережелерінің жиынтығы. Ол бір жағынан әрбір азаматқа берілген еркіндік пен бостандық болса, екінші жағынан сол еркіндікті шектеу болады.»

       Жасөспірімнің мектептегі құқығы — қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес келетін тегін білім алу мүмкіндігі. Бұдан басқа, бала дербес білім беру мекемесін таңдай алады және қажет болған жағдайда оны өзгертуге болады. Жасөспірім психологиялық-педагогикалық көмекке, сөз бостандығына құқығы бар.

  • Жасөспірім отбасында белгілі бір құқықтарға ие.
  • Осылайша, 14 жастан бастап балалар өз ақшаларынбасқара алады және қажет болған жағдайда оларды банк шоттарына инвестициялауға болады.
  • 14 жастан бастап жұмысқа орналасуға құқығы бар. 14-16 жас аралығындағы жасөспірімдер үшін жұмыс күні 5 сағаттан аспауы керек, ал 16-18 жас аралығы — 7 сағаттан аспауы керек.
  • Құқықтан басқа, жасөспірімде бірқатар міндеттер бар.
  • Қоғамдағы жасөспірімдердің міндеттері
  • Әрбір бала өз қоғамының заңға бағынатын азаматы болуы керек, яғни, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге, қылмыс жасамауға немесе құқық бұзушылық жасауға жол бермейді. Сондай-ақ, негізгі жалпы білім алу міндетті болып табылады.
  1. Кездесу қонағы заңгер Аймағамбетова Айнұр Құранияқызының сөзі.

 

Қорытынды. Пән мұғалімі Сейлханқызы Б. тақырыпты қорытындылап, кездесу қонағына алғыс білдірді.

Құрметті оқушылар! Заңды білейік, құқығымызды қорғайық, міндеттерімізді ұмытпайық. Болашақты жасаушы жастар, Қазақстанның дамуына үлес қосатын, еліміздің заңын құрмет тұтатын азамат боласыңдар деп сенеміз.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *