Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану

Сабақ тақырыбы: Аралас сандарды қосу және азайту
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Сабақ мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 5.3.3.9 аралас сандарды қосу және азайту;
Сабақ мақсаттары -аралас сандарды қосады және азайта алады;
-натурал санды аралас санға айналдырады;
Бағалау критерийі -аралас сандарға амалдар қолданып есептер шығара алады;
-аралас санды натурал санға,натурал санды аралас санға айналдыра алады;
Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты лексика және терминология:
-бөлімдері бірдей аралас сандар;
-бөлімдері әртүрлі аралас сандар;
Диалогқа,жазылымға қажетті тіркестер:
-натурал сан дегеніміз….
-аралас сан…
-жай бөлшек…
Құндылықтарға баулу

Шығармашылық,ынтымақтастыққа,сыни ойлауға баулу.Құндылық дарыту жұптық және топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.
Пәнаралық байланыстар Физика,география(мәтіндік есептер)
Өзін-өзі тану (сергіту сәтін қолдану)
Алдыңғы білім Натурал сан ұғымы,аралас санның анықтамасы,жай бөлшектерді қосу және азайту,аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру туралы білімі бар.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
3 минут

Сабақтың ортасы
5 минут

12 минут

7 минут

3 минут

7 минут

3 минут

Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылар үй тапсырмасын «Сен маған,мен саған» әдісі арқылы тексереді.
Топтарға бөлу. Стикер әдісін қолданамын. Алымдары 1-ге тең бөлшектер,дұрыс бөлшектер және аралас сандар жазылған стикерлерді таңдау арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.

(Ұ) «Бір қадам алға…» әдісі бойынша ұжымдық ширату.
Оқушыларға жетелеуші сұрақтар қоя отырып,бүгінгі сабақтың оқу мақсаты мен күтілетін нәтижесін анықтаймын.
1.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосылады?
2.Бөлімдері әртүрлі бөлшектер қалай қосылады?
3.Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай азайтады?
4.Бөлімдері әр түрлі бөлшектерді қалай азайтады?
(Сандар жазылған стикерлер)

(ТЖ) «Галерея» стратегиясы бойынша, әр топ мұғалімнің дайындап берген материалы бойынша өз постерлерін рәсімдеп,топпен өздерінің жұмыстарын басқа топтарға түсіндіреді,қалған топтардан сұрақтар болса жауап береді.
1-топ.Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу.
2 3/5+4 1/5=(2+3/5)+(4+1/5)=(2+4)+(3/5+1/5)=6+4/5=6 4/5
Дескриптор:
-бүтін бөліктерінің қосындысын,бөлшек бөліктерінің қосындысын табады;
-бүтін бөліктерінің қосындысын,бөлшек бөліктерінің қосындысын бөлшек түрінде жазады;

2-топ.Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту.
4 4/5-2 3/5=(4+4/5)-(2+3/5)=(4-2)+(4/5-3/5)=2+1/5=2 1/5

Дескриптор:
-бүтін бөліктерінің айырмасын,бөлшек бөліктерінің айырмасын табады;
-бүтін бөліктерінің айырмасын,бөлшек бөліктерінің айырмасын бөлшек түрінде жазады;

3-топ. Бөлімдері әртүрлі аралас сандарды қосу.
2 3/4+4 1/3=2 9/12+4 4/12=(2+9/12)+(4+4/12)=(2+4)+(9/12+4/12)==6+13/12=6 13/12=7 1/12

Дескриптор:
— бөлшек бөлімдерін ең кіші ортақ бөлімге келтіреді;
-бөлімдері бірдей аралас сандарды азайтады;

4-топ.Натурал саннан аралас санды азайту.
4-2 3/5=3 5/5-2 3/5=(3-2)+(5/5-3/5)=1+2/5=1 2/5

Дескриптор:
-наурал санды аралас санға айналдырады;

Қ.Б. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

Ж.Ж. «Кім жылдам» әдісін пайдаланып,bilimland.kz сайтынан аралас сандарды қосу және азайтуға есептер беремін.

Дескриптор:
-бүтін бөліктерінің қосындысын,бөлшек бөліктерінің қосындысын табады;
-бүтін бөліктерінің қосындысын,бөлшек бөліктерінің айырымын бөлшек түрінде жазады;

Қ.Б. « Марапат» әдісі бойынша оқушылар бірін-бірі бағалайды.

Сергіту сәті: «Сандар билейді» әдісі арқылы сергіту.

Сараланған тапсырма.
Ж.Саралаудың «Тапсырма» тәсілі арқылы,оқушылар өздері сараланған тапсырмаларды таңдап алып есептер шығарады.
а) 3/4-1/6+1/2; ә) 8 1/5+5 1/6-3 1/5;
б) 7-3/5+2 7/9; в) 3 5/12-4/5+31/60;
г) 4-7/12+1 5/6+2 1/3-1 1/4 .
Дескриптор:
-бүтін бөліктерінің қосындысын,бөлшек бөліктерінің қосындысын табады;
-бүтін бөліктерінің қосындысын,бөлшек бөліктерінің айырымын бөлшек түрінде жазады;
Қ.Б. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі.

Рефлексия: «Блоб ағашы» (оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсінгендерін блоб ағашындағы адамдарды бояу арқылы көрсетеді)

Оқулық 5-сынып Математика 1-бөлім Алдамұратова Т.А.
Байшоланова Қ.С.
Байшоланов Е.С. «Атамұра» баспасы 2017 жыл

bilimland.kz

Оқулық 5-сынып Математика 1-бөлім Алдамұратова Т.А.
Байшоланова Қ.С.
Байшоланов Е.С. «Атамұра» баспасы 2017 жыл

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *