Есірткісіз өмір ғажайып

Қызылорда  ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға

«Есірткісіз өмір ғажайып»

 

«Ғажайып өмірдің өзі бір бақыт!

Біле білген кісіге тірі жүріп жер  басып!»

 

Біздің Қазақстанда барлық жағдайда даму үстінде.  Иә, бұл қоғамда біз өмір сүріп отырған заманауи, тіршілігі қым-қиғаш өмірде не бір жандар өз-өздеріне қиындық туғызып арақ-шарапқа, шөп-шаламға, есірткіге әуестеніп, тәуелді болып, азып-тозып, отбасыларынан ажырап,бала-шағаларына қарай алмай, қамқорлық жасай алмай жүрген адамдар қаншама.

 

Мысалы: Мен бақытты отбасыммен өмір сүріп жатырмын. Атам-әжем, ағам мал бағады, анам жұмыста, бөпелерім бәріміз оқимыз, бәрімізде еңбек етеміз.

Кейбір жандар алтын уақытын жоғалтып есірткінің әлегіне түсіп сау емес, не ауру емес адам қалпынан беймәлім маймыл мақұлыққа айналыпа, айналасындағы жақындарына зиян келтіреді. Есірткінің, нашаның әуресіне түскеннен кейін неше түрлі қылмыстық оқиғаларға барады.

 

Мен өзімнің замандастарыма, құрдастарыма, қазақтың жасөспірім жастарына бақытты жас өмірлеріне қиянат жасамаңдар, ертең өкінетін, өкініші естен кетпейтін жағдайға тап болмаңдар дер едім. Есірткіге, нашаға, қылмысқа жетелейтін басқа да жағдайға жол жоқ!

 

Есірткісіз өмір сүру!

Бақытқа барар жол бақытты балалық шақ!

Білімді, ғылымды игеру,

Отанға, туған жеріме адал қызмет ету,

Ата-анама адал да, ақылды ұл-қыз болу!

 

Алпысбай Айшат

Жалағаш ауданы

№31 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы

#ҚЗОПДЕҚҚІҚБбайқауына

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *