Ертеңгілік «Қош келдің, Алтын күз!»

Ертеңгілік «Қош келдің, Алтын күз!»
Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар қолдарына жапырақ ұстап кіреді.
Би: «Біз көңілді жапырақтар.» билеп болған соң жапырақтарды жерге қояды,орындарына отырады.
Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын жүз.
Мол өнімді ісімен
Таңдандырып халқын күз.
Сәлеметсіздер ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған мерекемізге қош келіпсіздер! Ән « Күз тамаша». Жүргізуші: Жарайсыңда!
— Ал, балалар, балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ: Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Дұрыс, күз мезгілі. Ал, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен?
(Балалардың жауабы).
Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз — Алтын күзді шақырайық!
(Музыка ойнап, ішке Алтын күз келіп кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Сәлеметсіздерме ме, қонақтар!
Мен — Алтын күзбін! Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.

Жүргізуші: Рахмет, саған Алтын күз!
Жүргізуші: Күз ханшайымы балалардың орындауында Күзгі бақтар оркестрн қабыл алыңыз
Оркестр: Күзгі бақтар
Алтын күз:Керемет, рахмет ! Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
ойынды тез ойнаңдар.
Ойын: «Картоп»
Шарты: Ыдыста жатқан картопты кішкентай күрекпен түсірмей шелекке салу керек.
Жүргізуші: Балалар достық жеңді. Алтын күзге арнап таппақ айтып берейік
Таппақ:
Ән:Қолшатыр
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнерлерің бар?
Жүргізуші:балалардың биін қабыл алыңыздар.
Би: Көңілді би
Биден соң алтын күз маска кигізеді үш балаға көкеністер
Жүргізуші: Күзде өздері пісетін, тамаққа кеп түсетін
Мақтанбақшы сендерге , көкөністер сан түрлі!
( Ортаға «көкөністер» шығып, өздері туралы тақпақтар оқиды).
Қызанақ:
Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып.
Тұрған ол мен- қызанақ,
Күнге қарап ұялып!
Қос картоп:
Картоп- біздің атымыз,
Жер астында жатырмыз.
Бір тамырдан тараған,
Ағайынбыз бәріміз!
Сәбіз:
Өсіретін бойыңды,
Дамытатын ойыңды.
Қоянға да азықпыз,
Сәбіздерміз жазықсыз!
Алтын күз: Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: балалар көкөністермен бірге ойын ойнап жіберейік.
Ойын: « Көкөністер»
Шарты: Қызыл шеңбергі қызанақтар, сары шеңберге сәбіздер, жасылға картоптар жиналады. Музыка жүргенде барлық көкеністер би билейді,ал музыка сөнгенде әр қайсысы өз үйіне кіреді.
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар! Балалар қандай епті, жылдам.
Жүргізуші: «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Қолшатыр»
Алтын күз: Балақайлар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне баратын уақытым болыпты. Сендерге сыйлығым бар. (Себеттегі жемістер) Денсаулықтарың мықты болсын деп жемістер алып келдім. Мен енді кетейін, сау болып тұрыңдар! Келесі кездескенше!
(Балалар Алтын күзбен қоштасады. Музыка ойнап Алтын күз шығып кетеді).
Жүргізуші: Алтын күздің сыйы- жемістерден де дәм тататын кез келген сияқты. Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды келіп тамашалағандарыңызға көп рахмет!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *