Ертегіні тауып айт

№5 Ақсұңқар ересек тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің тех картасы.
Күні,айы,жылы: 16.11.20ж
Тәрбиеші: Орунханова А
Білім беру саласы:Қатынас
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы:Ертегіні тауып айт
Мақсаты:
Білімділік:Сұраққа жауап беруде, ертегі жолдарын қолдану арқылы, толық сөйлеммен айта білуге үйретуді жалғастыру;
Дамытушылық: Ертегіні қайталап айта білу біліктігін дамыту;
Тәрбиелік: Бір-бірін алдамауға және достыққа тәрбиелеу.
Қажетті құралдар:Әтештің дауысы жазылған үнтаспа, тіл дамыту дәптері.

Әрекет кезеңдер Тәрбиешінің іс -әрекетті
Балалардың іс- әрекетті
Мотивациялық
қозғаушы Үнтаспа арқылы әтештің таңды шақырған дауысын тыңдату. Балалар естіген дауысын салу керек.
-Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку
-Балалар бұл ненің дауысы?
-Әтеш үй құсы ма? Әлде дала құсы ма? Балалар қызығушылық танытады.

Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку

Бұл әтештің дауысы

Әтеш үй құсы
Ізденуші
ұйымдастырушы «Ә» дыбысына жаттығу орындау.
Ә-ә-ә-ә-ә – әтеш
Ә-ә-ә-ә-ә – әтір
Ә-ә-ә-ә-ә – әк
Әт-әт-әт-әт – әткеншек
Ертегі оқу: «Әтешпен Тотықұс»

Ертегіні оқып болған соң, сұрақ-жауап.
Сергіту жаттығуы
Қанатымды жазамын
Жоғары-төмен қағамын
Биік көкте айналып,
Жұлдыздай жылдам ағамын.
-Балалар, құстар немен қоректенеді?

-Ал қандай құстарды білесіңдер?

Дәптермен жұмыс: Тіл дамыту дәптеріндегі «Қай сурет артық?» тапсырмасын орындату.
Ойын: «Ұшты-ұшты не ұшты?»
Мақсаты: баланы тез ойлануға және ұшатын немесе ұшпайтын затты ажырата білуге үйрету.
Балалар тәрбиешіның сөзін қайталайды.

Ертегіні мұқият тыңдайды, түсінбегенін сұрайды.
Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Балалар сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыспен орындайды.

Құрт-құмырсқа , өсімдік жемістері, және дәндермен қоректенеді.
Қырлығаш, торғай, бұлбұл т.б.
Балалар тапсырманы мұқият орындайды.

Балалар ойынның шарттын мұқият тыңдап, ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Рефлексті коррекциялаушы

Ертегін әңгімелеген уақытта, толық сөйлем құрауға үйрету.
Балаларды мадақтап, сабақты қорытындылау. Балалар толық сөйлем құрауға талпынады.
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Құстар қалай пайда болатындығын білу;
Нені игереді: Құс ұясын жасауды;
Нені біледі: Құстар біздің досымыз екендігін біледі.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *