«Дидактикалық ойындар»

 

Таным саласы бойынша дидактикалық ойындар
1.Мынау қай пішін?
Мақсаты: Геометриялық пішінді сипалап анықтау арқылы айта білу.
Қажетті құралдар: Картоннан жасалған геометриялық пішіндер 5–түрі.
Ойын барысы: Бала топқа қарап тұрып, қолын артқа ұстайды. Тәрбиеші оның қолына геометриялық пішінді ұстатады. Бала оны сипап байқап, балаларға көрсетпей атын атайды.

2.Заттың санның цифрмен белгіле?
Мақсаты: Зейіннің аударылуы бөліну қасиеттерін дамыту. Баланың сан туралы түсініктерін дамыту
Ойын барысы :
1.Топтағы заттарды санау.
2.Бір қатарда немесе шашырап аққан бір тектес заттарды санау осы заттардың сандық мөлшерін білдіретін цифрды атау.
3.Бірден бастап баланың мүмкіндігіне қарай санату
Қажетті құрал-жабдықтар: әр түрлі суреттер мен цифрлар

3.«Көп және біреу»
Ойынның мақсаты: көп және біреу қатынастарын білуге үйрету; заттардың тең, тең емес топтарын салыстыру.
Ойынның құрал-жабдықтары: көп және бір зат бейнеленген суреттер.
Ойынның мазмұны: балалар берілген суреттерді қарастырады. Көп зат және бір зат бейнеленген суреттерді бөліп, екі жаққа қояды.

4. «Көлеңкесін тап?».
Мақсаты: Балалардың есте сақтау,көру қабілетін дамыту.Тиянақтылыққа және ұқыптыллыққа үйрету.
Шарты: Суреттерде бейнеленген аңдардың ,басқа заттардың көлеңкелерін ажырату. Дұрыс екенін тексеріп, беттестіру.
Ойынның құрал-жабдықтары: Көлеңкелері бейнеленген суреттер

5.Көршісін тап!
Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.
Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.
Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады.

6.«Көзіңді жұмып, қолыңмен анықта»
Мақсаты: Ұзын-қысқа, жуан-жіңішке, үлкен-кіші ұғымдарын бекіту.
Ойынның құрал-жабдықтары: қарындаштар, таяқшалар.
Ойынның мазмұны: Балалар сипап – сезу арқылы заттың ұзын — қысқалығын анықтау. Ұзындығы әртүрлі қарындаштар алынады. Жүргізуші бір баланы шақырып, оған «көзіңді жұм да, қарындаштың ұзын-қысқалығын анықта» деген тапсырма береді

 

 

 

 

 

 

 

Денсаулық саласы бойынша дидактикалық ойындар
1.Өз үйіңді тап?
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; қабылдауын дамыту; ойынның ережесін сақтауға үйрету. Қажетті құралдар: түрлі-түсті дөңгелектер Ойын барысы: Балаларға түрлі-түсті дөңгелектер таратып, түстерін атау. Белгі бойынша балалар дөңгелектерінің түсі бойынша үлкен шеңберлер жасап өз үйлерін жылдам тауып, тұра қалу.
2.Тышқан мен мысық
Ойын мақсаты: балаларды шапшаң әрі шыдамды,ұйымшылдықққа үйрету. Ойын шарты: Бұл ойынға топ балары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелене тұрғызып,ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады.Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін,қақпадан тышқанды шығарып діберіп мысықты шығармауға тырысады.Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек. Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. Қажетті құралдар : мысық пен тышқан бет перделері.
3.Түлкі мен балапандар
Ойын мақсаты: Шапшаңдық пен мұқияттылыққа тәрбиелеу Ойын шарты: Бұл ойынға балалар 7-8 ден бөлініп ойнайды. Топ ішінде бір баланы «түлкі» етіп сайлап,қалған балаларды балапандар деп әрқайсысына бетпердке кигізіп ойын ойналады. Ойында балапандар түлкі кейіпкеріне ұсталып қалмауы үшін,тәрбиеші көмегімен белгі бойынша ойынды бастап аяқтауы тиіс. Балалар шапшаң кең бөлмені айнала қашуы тиіс. Қажетті құралдар : түлкің мен балапандар беп перделері.
4.Ұйқыдағы аю. Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады.
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізі\п лорындыққа отырғызып қояды. Балалар орманда серуендеп келе жатып,ұйқыдағы аю көреді. Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп,балаларды қуа жөнеледі. Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғыузып қояды.ойын қайта жалғаса берекді. Қажетті құралдар : Аю бетпердесі.
5.Допты қуып жет.
Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауаға,тез жүгіругі,түсетеріңн көлемін ажырата білуге баулу. Ойынның шарты: бұл ойынға 5-6 бала, тәрбиеші басқаруымен қатыса алады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып,балалрдың алдына домалатып жібереді. » Допты қуып жет » деген белгі бойынша,балалар допты ұстап алып кетем тәрбиеші ұстап тұрған себетке салуы керек. Құралдар: түрлі-түсті,үлкен-кішілі доптар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық саласы бойынша дидактикалық ойындар
1.Ою құрастыру
Мақсаты: Балаларды сандардың ретін, құрамын оңай
табуға, таңбаны айыра білуге дағдыландыру.
Көрнекілік: Бірнеше бөліктерге бөлінген ою элеметтері.
Ойынның барысы: Оюдың элементтерін жекелеп қиып,
мысалы 4 қошқар мүйізді 2-ге бөліп, 8 бөлікті балаларға
таратып береді. Түстерін сәйкестендіру, бөліктерін
қиюластыру арқылы ою-өрнек құрастырылады.
2.Қай аспап жоқ?
Мақсаты: Балалардың зейіннің дамыту. Есте сақтау
қабілетін дамыту
Ойынның барысы: Педагог тақтаға музыкалық
аспаптардың суреттерін іледі, балалар суреттерді көреді,
көздерін жұмады, көздерін ашқанда қай суреттің жоқ
екенін табу керек.
Көрнекіліктер: Музыкалық аспаптар бейнеленген
суреттер
3.Музыкалық жұмбақ
Мақсаты: Қатты,ақырын дыбысты сезіну қабілеттерін
жетілдіру. Көрнекіліктер: Аккордеон, металлофон, қоңырау,
үшбұрыш, ағаш қасықтар.
Шарты: Бір бала сыртқа шығады, екінші бала ойыншықты
жасырады. Сырттағы бала кіріп, ойыншықты іздей бастайды.
Бала ойыншыққа жақындаса қатты шапалақпен белгі береміз,
жасырылған жерлен алыс жүрсе ақырын шапалақтаймыз.
4.Аспапты үнінен тап
Мақсаты: Есту қабілетін дамытып,аспаптарды үнінен
ажырату қабілетін арттыру.
Көрнекіліктер: Аккордеон, металлофон, қоңырау, үшбұрыш,
ағаш қасықтар,домбыра..т.б.
Шарты: Шымылдықтың артындағы бала өзіне ұнаған
аспабын ойнайды. Аспапты үнінен кім тапса,сол жеңімпаз
болады.
5.Бізге келген қонақтар
Мақсаты: Кейіпкердің мінезіне сай,әуенді ажырата білуге
үйрету.Көрнекіліктер: Аңның, құстың,қоянның бет пердесі.
Шарты: Алдын ала бір бала шымылдықтың артына
барып,аңның немесе құстың бет пердесін киеді.Ал 3-4 бала
аспаптарды алдына қойып, келген қонақтың мінезіне сай,
аспапты соғады.Аю келсе- жуан дыбыстар, қоян келсесекіртпелі дыбыстар,торғай келсе-жіңішке дыбыстарды соғу
керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтік орта саласы бойынша дидактикалық ойындар
1.Сиқырлы суреттер
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін, ес, зейін, қабылдау процесстеріндамыту. Сиқырлы суреттер
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау
қабілетін, ес, зейін, қабылдау
процесстеріндамыту.
Көрнекіліктер: әр түрлі сурет бөлінділері.
Ойын барысы: Балалар алдарындағы үлгі
бойынша бөлінділерден сурет құрайды. Сурет
бойынша әңгіме құрауды ұсыну.
2. «Бұлар нелер? Бір сөзбен ата.»
Ойынның барысы: Балаларға суреттер көрсету
арқылы олардың атауларын және оларға қандай ортақ
сөз айтуға болатының айту.Мысалы: А,Ә,Б,Г,Д-әріптер
немесе қияр, қызанақ,сәбіз,қырықабат- көкіністер
Көрнекілігі: әр түрлі бір топтағы карточкалар
3.«Ажырат»
Мақсаты: Жыл мезгілдері бойынша киімдерді
ажырата білуді үйренеді.
Ойынның барысы: жыл мезгілінің ауа-райына
байланысты киетін киімдерді тауып, қажеттң
ұяшықтарға орналастыру керек
Көрнекілігі: қысқы, жазғы, күзгі және көктемгі
киімдердің суреттері.
4.«Сиқырлы қапшық»
Мақсаты: заттарды белгілі бір қасиеттері бойынша
салыстыруға, топтастыруға үйрету.
Көрнекіліктер: түсі, өлшемі, пішіні бойынша әр түрлі
ойыншықтар.
Ойынның барысы: Балалар «Сиқырлы қапшықтың»
ішіндегі затты ұстап көріп, пішінін анықтайды,
ойыншықты алған соң атын атап, түсін айтады.
5.«Ертегі желісі бойынша бір ертегі кейіпкерлерін тап»
Мақсаты: Есте сақтау, еске түсірц қабілеттерін нығайту.
Ойынның барысы: Тәрбиеші қағаз бетіне бейнеленген
әр түрлі ертегі кейіпкерлерін ұсынады. Балалар
кейіпкерлер бойынша қандай ертегіні екенің тауып,
ертегіні естеріне түсіру қажет, мозайка бойынша
кескінделген суретті құрастырады.
Көрнекілігі: ертегі кейіпкерінің суреттері.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қатынас саласы бойынша дидактикалық ойындар
1.Төртінші артық
Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілетін
дамыту мен заттардың жалпылама түрін білуге
үйретуге арналған бұл ойында әр командаға үш
суреттен беріледі.
Барысы: Әр суретте бір зат артық бейнеленген, ал
үшеуінің мағынасы бірдей. Сол үш затты бір
жалпылама сөзбен атау.
2.Кім солай сөйлейді?
Мақсаты: жануарларды дауысынан айыра білуге
және дауыстарын еліктеуге үйрету.
Құрал: Доп
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады.
Балалар жарты дөңгелекке турады,ортасында
доппен тәрбиеші турады. Балаларға доп
лақтырып бір жануарды атайды. Бала допты
қағып ап сол жануардың дыбыстауын еске түсіру
керек. Немесе допты лақтырып : «Ит қалай үреді
көрсетші»
3.Ұлттық киімдерді ата
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық
киімдері мен бұйымдары жайлы
балалардың білімдерін кеңейту
шығармашылық ойлау қабілеттерін
дамыту. Ата-бабамыздан қалған қазақ
халқының мұрасын құрметтеуге үйрету.
Көрнекі кұралдар: Қазақтың ұлттық
киімдерінің суреттері
4.Табиғат құбылыстарын ата
Мақсаты: Табиғатта болатын өзгерістерді,
олардың жыл мезгілдерін сипаттайтын басты
ерекшеліктерді түсіндіру.Жыл мезгілдері
туралы жалпы түсінік беру барысында,
табиғат құбылыстарының өзгеріп отыратынын
түсінуге үйрету.Табиғатты сүюге, оны
құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекі кұралдар: Табиғат құбылыстарының
суреттері
5.Қарама-қарсы сөзді тап
Барысы: Ойыншылар жағалай тізіліп отырады. Ойын жүргізуші бір сөзді
немесе сөйлемді атап допты бір ойыншыға лақтырады. Ойыншы допты ұстап
алып, сол сөзге қарама-қарсы сөз айтып, допты кері лақтырады. Қарама-қарсы
сөз айта алмаса, ойыннан шығып отырады. Ойын соңында қалған ойыншы
жеңімпаз аталады. Қарама-қарсы сөздер:
Ащы- тәтті
Жақсы- жаман
Қара – ақ
Күн – түн
Қыс –жаз
Жұмсақ – қатты
Биік – аласа
Тар – кең
Жер – аспан
Үлкен –кіші

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *