Деңгейлетіп оқытудың тиімділігі

Деңгейлетіп оқытудың тиімділігі
Ашимханова К.А
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№ 21 негізгі орта мектеп
Қарағанды қаласы

Бүгінгі таңда қазақ тілін оқытып үйретуде жаңа заманға сай тиімді әдістерді тәжірибеге енгізу күн тәртібіндегі басты мәселе болмақ.
Әдістемеші ғалымдар тарапынан үш деңгей, бес деңгей, алты деңгей, тоғыз деңгей ұсынылып отыр.Еуропалық ғалымдардың осындай жаңа әдістерін негізге ала отырып, әдістемеші – ғалым Қ. Қадашева қазақ тілін жаңаша оқыту әдісіне негізделіп жазған «Қазақ тілін оқыту әдістемсі» оқулығында деңгейлетіп оқытудың басты бағыттарына және оны үш деңгейде оқытуға жан-жақты тоқтала келе, былай дейді: «Деңгей бойынша оқытудың ең негізгі бағыты – сөйлеудің ең қарапайым түрінен күрделіге дейін жету жолдары, яғни дайын үлгідегі жекелеген сөздер мен сөз тіркестері арқылы ойын айтудан бастап өзі мәтін құрып, дамытып айтуға дейін жеткізу.Деңгейлетіп оқытудың негізінде үнемі сөйлеу іс-әрекетінің төрт түрі анықталады. Тыңдау-сөздік қордың алғашқы қадамы, құпиясын ашатын кілті. Тыңдау – бірінші деңгейден бастап-ақ іске асуы керек. Тыңдауға арналған мәтіндер үйренушінің қабілетіне қарай ұсынылады ». (Қ. Қадашева «Қазақ тілін оқыту әдістемесі – 2005ж).
Міне, деңгейлетіп оқыту дегеніміз – қарапайымнан күрделіге қарай оқыту, яғни жеңілден қиынға қарай жүру.Көпдеңгейлік оқытудың басты ерекшелігі – білім беру, үйрету процесін топтап, жіктеп бөледі. Әрбір деңгейдің өзіне тән лексикалық, грамматикалық минимумы болады.Деңгейден деңгейге өту ережесі мынадай ұстанымдарды қажет етеді.
1. Тыңдауға, сөйлеуге, оқуға, жазуға үйрету.
2. Тілді үйренушінің қабілеті мен психологиясын білу.
3. Бір деңгейде берілген тілдік материалды келесі деңгейде толықтырып, күлделендіріп отыру. Жоғарыда айтылғандай, қазақ тілін үш деңгейде оқыту ұсынылып отыр.
1. Бастапқы деңгей (предпороговый)
2. Негізгі (базалық) деңгей (пороговый)
3. Жоғары деңгей (постпороговый)
Осы әр деңгей төрт сатыға бөлініп оқытылады.
1. Тыңдадым
2. Оқылым
3. Айтылым (сөйлеу)
4. Жазылым
1. Тыңдалым. Үйренуші тыңдап үйрену. Яғни, үйренуші тыңдап, ұғынып, түсініп, есте сақтап үйренуі қажет. Мысалы: 7-8 сұрақ, 20-25 сөз.
2. Оқылым. Үйренуші дұрыс оқып үйренуі керек. Мысалы: 50-60 сөз көлемінде шағын мәтін оқу. 1 минутта 25-30 сөз оқу.
3. Айтылым. Үйренуші дұрыс айтып, дұрыс сөйлеуге үйренуі, сөйлеу этикетінің тілдік нысандарын дұрыс қолдана білуі керек. Мысалы: Қарапайым сұхбатқа қатысу, әріптесін қысқаша сипаттау.
4. Жазылым. Үйренуші сауатты жазуға үйрену керек. Мысалы: Өмірбаян, өтініш, хабарландыру, шақыру жазу керек. Мәтіннің көлемі 50-60 сөз. Бұл тек бастапқы деңгейде үйренетін тілдік материалдардың мөлшері. Келесі деңгейлерде тілдік материалдардың ауқымы кеңейіп, күрделеніп отырады.
Батысы деңгейлетіп оқыту мынадай талаптарды қажет етеді және оған өз тарапымнан қосқан талаптарды да енгіземін.
1. Үйренушіні қай деңгейде үйрету үшін, олармен түрлі тақырыпта сұхбаттаса отырып, қабілеті мен психологиясын білу.
2. Деңгейлердің тыңдалым сатысына мейлінше үйренушілерге көңілді көбірек бөлу. Ғалымдарымыз да тыңдалым сатысына баса ден қойып, көбірек көңіл бөледі, өйткені үйренушінің қарым-қабілетін бастапқы деңгейден анықтағанымыз жөн.
3. Әр деңгейдегі тілдік материалдарды белгілі бір жүйеде, яғни жүйелі түрде, белгілі бір нормаға сай әзірлеу.
4. Әр деңгейдің лексика-грамматикалық минимумдарын дамытып, күрделіндіріп отыру.
5. Деңгейлетіп оқыту кезінде белгілі бір тақырыптан ауытқымау. Мысалы: бастапқы деңгейдің төрт сатысында да белгілі бір тақырып төңірігінде жүйелі түрде жұмыс істеу. Нақтырақ айтқанда, бастапқы деңгейдің тыңдалымында өмірбаянға байланысты сұрақтар қойылса, соңына дейін осы төңіректе жұмыс істеу.
Деңгейлетіп оқытуда өткен деңгейдегі қойылған мақсатты толығымен меңгерген кезде ғана келесі деңгейге көшесіз. Мысалы, «Сәлеметсіз бе ?!» деген сөзді келесі деңгейде кеңейтуге, күрделендіруге мүмкіндік аласыз. Оны келесі деңгейде «Кеш жарық !», «Қайырлы күн!», «Аман-есенсіз бе ?!» т.б. кең, ауқымды, әсерлі, бейнелі, эмоционалды сөздермен күрделендіріп сөйлеуге үйренеміз. Тілді игеру деңгейі дегеніміздің мағынасы осында жатыр.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты Н.Оразханова «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналында жарық көрген «Сатылай комплексті талдау-қазақ тілінің төл технологиясы» атты ғылыми мақаласында бұл жаңа әдістіің басты қағидаларына және тиімділігіне тоқталады: «Сатылай комплексті талдау дегеніміз – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушылар мен студенттерге білімді ғылыми негізге сатылай, жүйелей, комплексті меңгертіп, оларға ұлттық құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыратын оқыту. Сатылай комплексті талдау қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай комплексті талдау технологиясының басты қағидаларының бірі – жоғары қиындықта оқыту»- дейді Н.Оразханова.
Сонымен, деңгейлетіп оқыту білімді белгілі бір жүйеде, көлемде беріп, грамматикамен қоса, әдеби тілімізді дамытуда, ойымызды бейнелі, образды жеткізуге жетелейді.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *