Бүгінгі білім саласындағы олқылықтар

Бүгінгі білім саласындағы олқылықтар

Уанасова Куралай Дауановна
Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында өзекті мәселелер бары бәрімізді мазалайды, әсіресе ата-аналар тарапынан да жиі ескертулер айтылады.Білім саласының оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізу талабы шешімін күткен өзекті мәселе десем орынды, жас ұрпақтың алатын білімінің сапасы сын көтермесе болашаққа қалай жоспар құрамыз деген сұрақ әр ұстаздың көкейінде сайрап тұрса, оның шешімін табу жолында түрлі іс әрекеттер жасалынуына еңбек етіп тер төксе,бар қабілет қарымын, білімін, ізденімпаздық әдіс тәсілдерді орынды қолдана білу, үздіксіз тәрбие беруде білім сапасына оң әсер ететіні анық. Жаңа технологияны меңгеру,оны бүлдіршін балалар санасына сіңіруге, бала жан дүниесіне терең үңіліп, дүниетанымын қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізе білуіне, құрдасының жауабын саралауға, бағалауда белсенділік танытуын, табиғи дарынын көрсете білуге, тұлға ретінде қабілетін ерте жастан дамытуда ұстаздың алатын орны ерекше. Алатын білімді бала өз дәрежесінде саралап қажетіне жарата білу жолында үйдегі ата -ананың алатын орны, мүмкіндіктер беретін дамытушы ортаны силайтын білім мекемелері яғни балабақша мен ұстаздардың ортақ үштігі бала үшін өте маңызды. Қазақта «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген аталы сөзіне мән беруіміз қажет, балаға берілетін тәрбие жұмысына басты назар аударуды ел болашағын ойлаған ел ағалары жанашырлық сипатпен биік мінберлерде жиі талқыға салып жүргені көңілге қуаныш ұялатады. Білімнің бастауын балабақшадан бастайтын бүлдіршін балаға бар жағдайды жасау тәрбиеші біліміне тікелей қатысты, тәрбиеші балаға беретін біліммен жан-жақты қаруланған болуы нақты шарт, әкімшілік тарапынан жасалатын қолайлы жағдай, заманауи технологиялар жаңалықтарын меңгеру жолдарын игеру, өз білімін дер кезінде жаңартып отыру заман талабы екені ақиқат. Білім саласындағы олқылықтар дегенде балабақшалардың материалдық жағдайы, олардың өкіметтік және жекеменшік құқына қарай бөлінуі де сапаға байланысты, материалдық база қалыптасқан ортада дамытушы орта толық жабдықталған десек артық айтқандық емес,балаға берілетін білім сапасына мекеменің тұрмыс жағдайы үлкен әсер етеді. Ұстаздар беретін үздіксіз тәрбие білім сапасына жауап береді деп сеніммен айтамыз.Ұстаздық бұл жай қатардағы мамандық емес маңызы бар өмірлік ұстаным екені даусыз, шығармашыл білікті, рухани дамыған, әлеуметтік тұрғыдан алғанда кәсіби жетілген тұлға, яғни маман ғана келешек ұрпақ үшін жауапты екенін жауапкершілікпен сезінуі шарт. Бала біліміндегі олқылықтар дегенде балабақшада балаларды қабылдау деңгейіне қарай үш топқа бөліп жұмыс жүргізуге болады, балаларды деңгейге бөлуде есте сақтауы, зейіні, ерік жігері, табандылығы, қызығушылығы басты назарға алынуы тиіс. Баланың зейінін, есте сақтауын, қабілетін, қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін пайдалана білу, ойынға бала белсенділігін қосу, білім беруде дидактикалық материалдарды молынан қолдану тәрбиеші құзырында, «Оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге» қағидасына сүйеніп күнделікті қайталауға баса мән беруде тәрбиеші жұмысының айнасы дер едім. Балаға берілетін білім сапасы күнделікті, апта, ай, тоқсан сайын сараланып отырса құба құп. Бала жанын түсінетін отбасынан соң екінші жақын адамы ол тәрбиеші екенін ұмытпауымыз шарт, яғни бала жасына сай білім нәрімен сусындап ертеңгі күні мектеп қабырғасында ата-ананың қолдауы, сүйемелдеуі, көмегі арқылы жүзеге асады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп айтылуы заңды, ұстаз қазіргі қоғамның басты тәрбиешісі болып саналады дегім келеді, білім саласындағы әр олқылық, кітаптардың жеткіліксіздігі яғни балалар көркем әдебиетінің аздығы да ұмыт қалмауы шарт. Білім беру саласының олқылықтары мен жетістіктері қатар сараланып терең зерттеуді қажет етеді деп ойлаймын. Білім беру саясатында бар бағдарламалар әлем елдерінің тәжірибелеріне сүйеніп, негізделіп жасалынуы орынды екені даусыз. Білім беру жүйесін жаңғырту бізді үлкен жетістіктерге жетелейді, сапалы білім реформасы ғана қоғам әлеуетін жақсы жағынан көрсете алады. Оқыту әдістемелері жаңғыртуды талап етеді. Бала болашағымыздың берік ірге тасын қалаушысы десек оларды тұрақты түрде қолдауды қажет етеді, ал білімді ұрпақ мемлекеттің ертеңгі қозғаушы күші. Білім беру саласындағы қордаланған мәселелерді шешу, мемлекет тарапынан жасалып жатқан жаңаша бастамалар, түрлі шаралар өз кезегінде олқылықтардың орнын толтырады деп сенеміз. Білім беру саласындағы көкейкесті мәселелер шешімін тапқанын асыға күтетін боламыз. Білім беруді жаңғырту заман талабы, яғни білім жүйесіне бейжай қарауға болмайды дегім келеді. Бұхаралық ақпарат құралдары, шеберлік сыныптар, семинар тренингтер, дөңгелек үстелдер, өз білімін жетілдіру курстары арқылы ұстаздарға да жаңалықтардан құр қалмауға, білім саласындағы жетістіктерді, олқылықтарды саралауды, озат тәжірибелерді таратуды, тиімді әдістер мен тәсілдерді талдап таныстыруды міндеттеуі шарт дегім келеді. Білім беру саласындағы олқылықтарды анықтау және оларды жою жолдарында жасалатын жұмыстарды ұйымдастыруды ұстаздар қауымы кезеңдерге бөліп дер кезінде шешеді деген үлкен сенім болашаққа нық сеніммен қарауға жетелейді. Білім беру саласы еш олқылықсыз, тың жаңалықтарға толы болғанда жемісін берері анық, ендеше келешек ұрпақ үшін біз жауапты екенімізді ұмытпауымыз қажет дегім келеді. Білімді ұрпақ кемел келешектің нық кірпішін берік қалаушысы екені әр ұстазға аян.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *