Біздің қоғамға не жетіспейді?

Қоғам-бізді қоршаған орта. Қоғаммен бірге дамимыз, бір-бірімізге қарап бой түзейміз. Кез-келген адам заман талабына сай өмір сүріп, қоғам ағымынан қалмауға тырысады. Әрқайыссымыз өзімізге ұнайтып ортада жұмыс жасап, бір мақсат, бір мүдде жолында алға қарай қадам басамыз. Қоғамда болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер көңіл-күйімізге, өмір сүруімізге әсер етеді. Қоғам белсенділерінің арқасында үлкен жетістіктерге қол жеткіземіз.

Әрбір адам қоғамның бір мүшесі. Өзіндік жеке ойы, өмірге деген көзқарасы бар. Барлық адамның бойында өзіне тән қасиеттер бар. Сол қасиеттернің  ішінде жанашырлық болса, өзін ғана емес, жан-жағындағы адамдарды ойлап жүрсе, демек ол қоғам белсендісі. Біздің қоғамға не жетіспейді?

Ең алдымен адамдардың бір-біріне деген жанашырлығы маңызды. Бұл адамгершіліктің белгісі. Абай атамыз қара сөзінде айтқандай «Тірі адамның жүректен аяулы жері жоқ». Шын жүрегіңмен жақыныңа жанашыр бола алсаң, мейірбандылық қасиетіңнің жоғары болғандығы.

Екіншіден, білім алуға әрдайым талпыну керек. Қоғамның өмір сапасы жақсару үшін, білікті, білімді адам болу маңызды. Мектеп қабырғасында барлығына бірдей білім беріледі.Менің ойымша,әр баланың қабілетіне қарай жұмыс жасау керек.Әркімнің қызығушылығы әртүрлі.Ең жақсы мұғалім ғана,баламен жұмыс жасаған кездінде қабілетін байқайды.Сол қабілетімен жұмыс жасаса , бала өз таңдауын табады. Білімді ұрпақ ел болашағы, өскелең ұрпашты кішкентай кезінен білімге баулу керек.

Үшіншіден әділдік маңызды. Әділеттілік ең мықты қоғамның бірге жеткен жетістігі. Әділетті болуды ең бірінші өзімізден бастауымыз керек.Әрбір адамның мақсатқа жету жолында, мүмкіндіктерін шектеу бұл үлкен әділетсіздік деп ойлаймын. Әділ қоғам бар жерде, құқықымыз да тең болады. Әділеттілік бізді жарқын болашаққа жеткізеді.

Қорытындылай келсем, біздік қоғамға адами құндылықтарымызды сақтап қалу маңызды. Білімділік, шыншылдық, әділеттілік, бір-бірімізге деген жанашырлық жақсы жолға бастайды. Қоғам мықты болса, мемлекет те мықты болады.Еліміздің болашағы мен тұрақтылығы үшін, қоғамның бірлігі бекем болсын!

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *