Баяндама «Новоишим ауылының маңындағы қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу»

Дүйсенбин Ерболат Байтасұлы

  «Новоишим ауылының маңындағы қола дәуірі ескерткіштерін зерттеу»

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Туған жер» бағдарламасын ұсынды.Осы жобаның зерттеу бағыттарын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның солтүстік өңірлерін қадағалайтын тарих ғылымдарының докторы, тарихшы, археология профессоры Виктор Федорович Зайберттің бастамасымен бірлесе отырып маусымның 9-16 аралығында Солтүстік-Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов ауданының, Новоишим ауылының солтүстік шығысында, Есіл өзенінің жағалауында орналасқан археологиялық ескерткіштерге зерттеу жұмыстары кезінде  Қола дәуірінің обасы табылды. Оған «Новоишим обасы» деген ат берілді.

Алғашқыда қола дәуірінің Петров мәдениетіне (б.з.д. XVII–XVI ғғ.) тиесілі қорған зерттелді. Қоладан жасалған бірнеше жәдігерлер табылды. Олардың қатарында моншақтар, ілгіштер, бойтұмарлар, қола кресттер, пышақтың бөлігі мен мойынға тағатын қола гривна табылса, сонымен қоса үш қыш ыдыс табылды.

Археологиялық экспедицияның бірінші күні (08.06.2018) тарих ғылымдарының докторы, археология профессоры В.Ф. Зайберттің жетекшілігімен Есіл өзенінің жағасындағы көне археологиялық объектілерге алдынала барлау жұмыстары жүргізілді. Есіл өзенінің бойына жүргізілген барлау жұмыстарының барысында қола дәуірінің қорғандары мен қорымдары анықталып, шартты түрде Есіл қорымы деп аталатын қорғандарға зерттеу жұмыстары жүргізілді.

Археологиялық экспедицияның екінші күні (09.06.2018) Есіл өзенінің сол жағалауы, яғни батыс бөлігіндегі орналасқан қола дәуірінің қорымдары ішінен көзге көрнекті үлкен қорған белгіленіп, қазба жұмыстарын жүргізуге арнайы таңдалып алынды. Есіл қорымы өзен жағалауына жақын жердегі биік қырда орналасқан. Қорымның батыс бөлігінде (0,5 км) шиыршық тас өндіретін карьер орналасқан, ескерткіштерге зардап тигізуі мүмкін деген қауіп бар болғандықтан жергілікті билік өкілдеріне хабарланды.

Бұл археологиялық объекті қола дәуірінің жалпы Андрон мәдениетіне қатысты, бұл өңірде өмір сүрген тайпалар металлды, жер өңдеуді, мал шаруашылығын жақсы игерді. Андрондық тайпалар бұрын соңды өмір сүрген Ботайлықтардың мәдениетін жақсы игеріп өздеріне мұра етті, олар жылқы малын жақсы өсіргендіктен Ботайлықтардан жылқы малын өсіруді үйренді. Сондықтан андрондықтар өз дәуірінде жылқы малын қолға ұстаумен қоса арбаға жегуді де қосып өз үлестерін қосты.

Таңдап алынған қорғанның биіктігі 0,5 м, диаметрі 5-6 м құрайтын болғандықтан, жалпы тас қоршауларының өте аласа болуына байланысты шартты түрде қола дәуірінің ерте кезеңі – Петров мәдениетіне тиесілі деп алынды.

Петров мәдениеті, б.з.д. XVII–XVI ғғ. Солтүстік, Солтүстік-Батыс, Орталық Қазақстан өлкелерін, Оңтүстік Оралдың сырты мен Батыс Сібірдің оңтүстігіндегі орманды-далалы алқаптарында мекендеген қола дәуірінің тайпалары болып табылады.

Қазба жұмыстары барысында қорғанның тас қоршаулары аласа болғандығы анықталды. Жалпы қорғанның топрақ үйіндісі жақсы шымдалған, осы күні қорғанның шығыс бөлігінің шым қабаты ғана алынды, ұсақ шиыршық тастармен көмкерілгеніне байланысты беткі қабатын алу біраз қиынға соқты. Шығыс бөлігінің шиыршық тасты шым қабаты алынған соң тас қоршаулардың құрылысы анық көріне бастады.

Археологиялық экспедицияның үшінші күні (10.06.2018) қорғанның шығыс бөлігіндегі топырақ аралас шиыршық тастаран тұратын екінші қабаты алынды. Тазалау барысында қорғанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі бүйірінен орналасқан тас қоршаулардың құрылысы анықталып, пайда бола бастады. Бұл тас қоршаулардың шағын болғанына қарағанда жерлеу шұңқыры немесе құрбандық шалу шұңқыры болса керек деп болжанды. Алайда тас қоршаулардың геометриялық түзу орналаспағанына қарағанда алдынала тоналғанды белгілі болды. Қазба жұмыстары барысында қорғанның батыс бөлігіндегі шым қабаты алынды, бұл бөліктің де топрақ үйіндісі шиыршық тастардан құралған.

Шым қабаттың бірінші бөлігі алынған соң, қорғанның оңтүстік-батыс бөлігінен алғашқы рет қыш ыдыстың кішкене бөлігі табылды. Бөліктегі геометриялық орнаметтерге қарап Петров мәдениетіне тән екендігі анықталды. Оның үстіне бұл қыш ыдыстың бір бөлігі тас қоршаудың сыртқы жағы мен беткі қабатынан табылуына байланысты бұл қорғанның өз заманында тоналғандығы белгілі болды.

Археологиялық экспедицияның төртінші күні қазба жұмыстары барысында қорғанның солтүстік-батыс бөлігінен тастан қоршалған құрбандық шалу орны табылды. Бұл тас құрылысының сыртынан Петров мәдениетіне тән, геометриялық өрнектері бүйірінде ғана штрихталған ұшбұрыштар, ирек толқындармен көрсетілген, биіктігі — 11 см, диаметрі — 12 см құрайтын аласа пішінді қыш ыдыстың сынықтары –30 см тереңдіктен табылды.

 

 

 

 

Шартты түрде шығыс-батыс, солтүстік-оңтүстік деп төрт бөлікке бөлінген қорғанның барлық бөліктерінің алғашқы шым қабаттары қазылып, аршылып алынды. Тазалау барысында қорғанның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі, 40 см тереңдіктен жылқы малының жақ сүйегі мен кейбір жілік сүйектерінің шашылған қалдықтары да табылды. Сүйектер нашар сақталған, құрбандыққа шалынған малдың қалдықтары болса керек. Осындай белгілерге қарап бұл қорған алғашқыда нақты Петров мәдениетіне тиесілі болғандығын байқаймыз.

Археологиялық экспедицияның төртінші күні қазылған қорғанның барлық бөліктері 50-60 см тереңдікке дейін қазылып, бір деңгейге дейін түсірілді. Қорғанның беткі қабатына тазалау жұмыстары жүргізілген соң жерлеу шұңқырлары мен қосымша құрбандық шұңқырларының дақтары айқын көріне бастады. Сонымен қоса қорғанның батыс, солтүстік-шығыс бөлігінен жерлеу шүңқырларының іздері байқалды.

Қорғанның жалпы көрінісі Жерлеу шұңқырының ізі

 

Археологиялық экспедицияның бесінші күні алдынала арнайы қалдырылған, қорғанның оңтүстік-солтүстік бағытты көрсетіп тұратын ені 30 см құрайтын жердің мәдени қабаттары зерттеліп, арнайы сызба қағаздарына түсірілгеннен соң ол да алынып тасталды. Тазалау барысында орталықтағы жерлеу шұңқырының іздері анық байқалды, сонымен қоса жерлеу шұңқырының шығыс бөлігінен кйген іздей қара дақ ерекше көрінді. Осыған қарағанда мәйітті өртеу белгілері немесе құрбандық ретінде өзге де өртеу рәсімдері болды ма деген болжам жасалды.

Археологиялық экспедицияның алтыншы күні қазылған қорғанның барлық бөліктеріне тазалау жұмыстары жүргізілген соң фотосуреттерге түсірілді. Арнайы мм -лік қағазға қорғанның жалпы тас құрылыстары мен өзге де белгілері сызылды. Қорғанның жалпы сызбасы көрсеткендей шығыс-батыс бөліктеріндегі барлық қосымша тас қоршаулар өз заманында қирағандығын немесе тонаудың барысында шашылып қалғандығы байқалады.

Археологиялық экспедицияның жетінші, сегізінші, тоғызыншы  күндері сызба жұмыстары біткен соң жерлеу шұңқырын арнайы қалақшалар мен щеткалармен тазалау, ашу жұмыстары жалғасты. Жерлеу шұңқырының шығыс бөлігінен күйген ағаштың қалдықтары табылды. Күнсайын одан әрі тазалау барысында қоладан жасалған бірнеше жәдігерлер табылды. Олардың қатарында моншақтар, ілгіштер, бойтұмарлар, қола кресттер, пышақтың бөлігі мен мойынға тағатын қола алқа табылды. Алдынала болжап кеткеніміздей, бұл қорған өз заманында тоналып кеткеніне байланысты табылған барлық жәдігерлер үйлесімді бір жерде орналаспай, шашыраңқы жатты.

 

Ағаш қалдықтары Қола ілмек
Күн бейнесіндегі ілмек Қола алқа

 

Табылған құнды жәдігерлердің ішіндегі ең көрнектісі бұл, қола гривна болды, мойын алқа. Әдетте мойын алқа табылған жерлерде біржарым орамды алтын сырғалар болу керек еді, алайда бұл қорған тоналғанына байланысты мойын алқадан басқа ештеме табылмады.

Барлық табылған қола жәдігерлерге тиісті сипаттамалары жасалған соң, жерлеу шұңқырына одан әрі тазалау жұмыстары жалғасын тапты. Тазалау барысында үш адамның толық емес шашылып жатқан қаңқалары анықталды. Сонымен қоса батыс бөлігінде орналасқан адам қаңқаның бас жағынан Алакол-Федоров мәдениетіне тән (б.з.д. XV–XII ғғ.) екі қыш ыдыстың бөліктері табылды.  Табылған барлық қыш ыдыстардың бөліктері мен шашылған адам сүйектерінің сызбасы мм-лік қағазға түсірілді.

3.Археологиялық экспедицияның оныншы күні жерлеу шүңқырындағы зерттеу жұмыстары аяқталған соң, қорғанның батыс бөлігіндегі құрбандық шалу рәсімі орындалған жерлеу шұқырының іздері қазылды. Тазалау барысында құрбандыққа шалынған жылқы малының анатомиялық тұрғыдан жартылай, толық емес сүйектері табылды. Олардың қатарында бас сүйегі, жақ сүйектері, жауырын, жілік сүйектері мен бірнеше бақайшық-сақа сүйектері табылды.

Жалпы андроновтықтар аспанға, күнге, қасиетті отқа табынып, о дүниеде өмір жалғастығына сенген. Сонымен қатар, оларда ата-бабалары рухына сыйыну, оларды еске алу дәстүрі болды. осыған байланысты олар құрбандық шалу ғұрпын өзгертіп, арнайы орындарда «жылқыны» құрбандыққа шалатын. Бұрын соңды тұрақтардың зерттелуі барысында аңғарылатыны – оларда діни ұғымдар мен өмірге деген көзқарастар жоғарғы дәрежеде дамыды. Осы кезеңде жоғарыда атап кеткеніміздей, өлген адамды өртеу рәсімі кең етек алған. Мұның өзі сол кездегі отқа табынудың бір көрінісі еді. От құдыретті күш, зұлым рухтардан қорғайтын қасиетті нәрсеге жатты. Өртенген сүйектердің қалдықтары жерленген орындар  қола дәуірінің әр түрлі кезеңдеріндегі түрлі мәдени қабаттардан кездеседі. Ежелгі адамдар қасиеті мол «от» кез келген мәйітті күнәдан тазартады және жаман рухтардан қорғайды деп есептеген.

Құрбандық шалу шұңқыры зерттеліп болған соң, өзге де жерлеу шұңқырларының іздеріне қазба жұмыстары жүргізілді, алайда ол шұңқырлардан ештеме шықпады. Осыдан ақ қорғанның өз заманында жақсылап тоналғандығын байқаймыз.

 2018 жылы Ақмола облысының Бурабай тауының етегінде  профессор, тарих ғылымдарының докторы В.Ф.Зайберттің бастамасымен «Ботай-Бурабай» археологиялық этнографиялық мұражайы ашылды. «Ботай-Бурабай» тұрағы 7 тұрғын үйден тұрады. Тұрғын үйлер тұмар тәріздес.

 

Әрбір үй бір-бірімен  жерасты өткелдер арқылы байланысқан. Бұл қоныстар киіз үйге ұқсас, төбелері күмбез тәріздес.Бұл қоныстан табылған жәдігерлер:  қыш құмаралар, айбалта,пышақтың сынықтары, әртүрлі пішінді тостағандар,жылқының  сүйектері көп табылды.

Көне рулық тайпалардың көсемдері едәуір билікті игеріп, соғыс пен бейбітшілік сұрақтарын шешті.Көсемнің тұрғын үйінде тақ тұрды.Тұрғын үйдің жабдықтары жылқының терісімен жабдықталған.

Тұрғын үйдің кәсіпшілік бөлігі ботайлықтардың ағаш, тас өңдейтін,қыш ыдыстар әзірлейтін шеберханасы болып табылады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, қоныстарда негізгі шикізат көзі ретінде зығырды пайдаланып, тоқымашылық өнері дамыған болатын. Ботайлықтардың белсенді шаруашылық және өндірістік қызметі – алғашқы айырбастау мен сауда-саттық көзі болып табылған. Айырбастау жергілікті және өңіраралық болып бөлінген.

Бие саууға арналған жылқы-қымыз тұрғын үйі. Ботай мәдениетінің ерекшелігі мен маңызы – әлемде алғаш рет жылқы малы  қолға үйретілді және жылқы-дала өркениетінің ұлы жаңашылдықтары басталды. Бие саууға арналған жылқы –қымыз тұрғын үйі негізгі баспаналардан қашықтау жерде орналасты. Қазба жұмыстары нәтижесінде табылған қыш ыдыстардың зертханалық сараптамасы сол дәуірде мекендеген адамдардың қымыз жасағандығын көрсетеді.

Ғылыми жобаны зерттеу кезеңінде мен Байтас Диас Новоишим обасымен Ботай-Бурабай қонысындағы жәдігерлерді салыстыра келе, байқағаным олардың әсіресе керамикалық қыш ыдыстардың сыртындағы ою өрнектері ұқсас келеді.Олар геометриялық фигуралар тәріздес – үшбұрыш, ромб, үзік-үзік сызықтар пішінде жасалған. Пышақтардың қалдыққтары да ұқсас келеді.Новоишим обасынан қоладан жасалған әйел адамның әшекейлері көп кездеседі. Қазақстан территориясының әр аймақтарында Солтүстік, Оңтүстік және Орталық  жерлерінде табылған  жәдігерлер археолог В.Ф.Зайберттің зерттеген Ботай мәдениетіне ұқсас келеді. Барлық аймақтарда көбінесе жылқының қаңқа сүйектері көп кездеседі.

Қорытынды

Қорған толықтай археологиялық әдіс-тәсілдерге сай зерттеліп болған соң, қайта қалпына келтіріліп өзінің топырақ-үйіндісімен жабылды. Қорыта келе осы күнмен аяқталған бұл археологиялық зерттеу жұмыстары жәдігерлерге олжалы болды.

 

 

Қалпына келтіру барысында сыртқы пішіні мен геометриялық өрнектеріне қарап кішкентайы қола дәуірінің Петров мәдениетіне жататындығы анықталды. Өйткені бұл қыш ыдыс бойы ала болуында және сызылған өрнектері сирек әрі жоғарғы, төмен жақтарында ғана кездеседі. Ал қалған екі қыш ыдыс қола дәуірінің Алакөл-Федоров мәдениетіне жатады. Өйткені сыртқы пішіні ұлғайған, қыш ыдыстың ернеуі түбіне қарағанда ұлғайған, геометриялық өрнектері жоғарғы, ортаңғы және төменгі бөліктерінде кездеседі. Салынған өрнектері жай ғана емес, күрделірек.

Сонымен қоса табылған жәдігерлердің ішіндегі ең көрнектісі бұл әйел адамның әшекей бұйымы қола гривна(моншақ) болды.

Древние ювелиры эпохи поздней бронзы Қола гривна

 

Ә.Х. Марғұланның 1979 жылы жарық көрген Орталық Қазақстанның Бегазы-Дәндібай мәдениеті атты еңбегінде Жыланды жерінен табылған, осыған дәлме-дәл ұқсас қола гривнаның үлгісін көрсете отырып, «Қола дәуірінің соңғы кезеңіндегі (б.з.д. XII-VIII ғғ.) Орталық Қазақстан мен солтүстік-шығыс Қазақстанның зергерлері әшекей-бұйымдарды көптеп жасағандығы, бұл жерде зергерлік өнердің жақсы дамығандығын көрсетеді» деп атап кеткен.

Осы берген жазбаларына қарағанда дәл осындай жәдігерлер бұрын соңды нақты Солтүстік Қазақстан жерінде сирек кездесуіне байланысты бұл қола дәуірінің обасы үш кезеңді де қамтиды ма деген тұжырымға келдік, яғни ерте, орта және соңғы кезеңдерді.

Оған дәлел ретінде бір жерлеу шұңқырынан үш адам қаңқасының шашылған сүйек қалдықтарының табылуында.

 

 

 

Далалық ғылыми-зерттеу жұмыстарымыз толықтай археологиялық әдіс-тәсілдерге сай жүргізіліп болған соң, табылған жәдігерлер Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейіне сараптама жасауға  жіберілді.

 

Есіл өзенінің бойындағы Қола дәуіріне жататын Новоишим обасынан бірнеше ірілі-ұсақты жәдігерлер табылды. Жерлеу орнынан 3 адамның қабірі шықты.

Ата-бабамыздың қолданған көне заттарын келешек ұрпаққа насихаттау – біздің борышымыз. Қазба жұмыстары кезінде біздер, оқушылар  әр затқа қызығып, сол зат туралы ақпарат алуға тырыстық. Жәдігерлерді  Орталық Қазақстанмен  салыстыра отырып зерттедік.

Келешектеде Есіл өзенінің бойынан әлі де тарихи көне жәдігерлер табылады деп ойлаймын.

Барлық табылған жәдігерлер зерттеліп, лабороториялық өңдеу жұмыстарынан өткен соң музей экспозицияларында өздерінің тиісті орындарын алады.

Біздің зерттеген ғылыми жобамыз нәтижелі болды. Бұл мен үшін және жоба жетекшісі Дүйсенбин Е.Б.,профессор, археолог  В.Ф.Зайберт үшін үлкен жетістік болды. Ботай-Бурабай қонысында және Новоишим обасында табылған жәдігерлер жас ұрпаққа мол мұра болады.. Бұл археологиялық қазба  жұмыстары Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті.

Бүгінгі таңда көптеген жерлестеріміз, ертедегі төл тарихымызды ұмытып бара жатыр.Сондықтан да бұл бағдарлама нағыз қажет кезінде жарияланды. Әрбір азамат өз елінің патриоты болу үшін, өз Отанын, жерін, табиғи байлығын, көне тарихи ескерткіштерін   ұмытпауға тиісті.

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *