«Бала тәрбиесіндегі ертегінің рөлі».

  

Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

№30 «Гүлдер» бөбекжайы,  Қазақ тілі мұғалімі  Джумакулова Жансая Арманқызы

 

Білім беру талаптарына сәйкес балдырғандарға мемлекеттік тілді  меңгерту қазіргі заманға сай білім мен тәрбиені ұрпақ бойына сіңіру-педагогтар еншісінде. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қорын дамыту мен сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда ертегілердің алар орны ерекше.  Қазақ  ертегілері  — әлеуметтік,  рухани – адамгершілік,  эстетикалық  тәрбиенің  қайнар  көзі.  Балалардың  сөйлеу  мүмкіншіліктерінің  даму  барысында  қазақ  ертегілерінің  оқыту  мен  тәлім — тәрбие  берудегі  рөлі  күннен  күнге  арта  түсуде.  

Ертегілер ауыз  әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады.Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен.Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады.Кейде өлең  түрінде де кездеседі.

Ертегілердің әдетте  басталулары ұқсас:«Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің…..болыпты »

немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде» деп те басталады.Ертегі соңы «сөйтіп мұратына жетіпті» деп үнемі жақсылықпен аяқталады.Бұл балалардың қандай жағдайдың да жақсылықпен аяқталатынына  деген сенімдерін молайта түседі.

Ертегілер мынандай  жанрларға бөлінеді:

 1.Қиял-ғажайып ертегілер. Бұл ертегілерге батыр адамдардың басынан кешкен  сан-алуан ерлік оқиғалар баяндалады.Мысалы: «Ер Төстік», «Алтын балық», «Алтын сақа» т.б.

2.Хайуанаттар туралы ертегілер. Ата-бабамыз төрт түлік малды қадірлеп, пір тұтқан.Хайуанаттар туралы ертегілердің кейіпкерлері аң, құс, үй жануарлары болады. Алайда олар адамға тән қасиеттер, әрекеттер иесі болып суреттеледі де сол арқылы сұм қиянатшыл, арам,қу мінез қылықтары әшкереленеді.Еңбексүйгіштігі, батылдығы, адалдығы суреттеледі.

3.Шыншыл ертегілер.Бұл ертегіде халық өмірін, тұрмысын шындық тұрғыдан  бейнеленеді. Атқамінерлердің іс-әрекеттері әшкерленеді.

4.Тұрмыс-салт ертегілер.Бұл ертегіде өмірде болып жатырған оқиғалар баяндалады.Мысалы: «Алдар көсе мен бай», «Шықбермес Шығай бай» т.б.

Ертегілердің тілі көркем, қарапайым, түсінікті жеңіл болып келеді.Ертегілер арқылы балалардың ой-өрісі дамып қана қоймай, сонымен қатар тіл байлықтары, сөйлеу мәдениеті арта түседі. Осы орайда біздің жетістіктеріміз  ең  алдымен  ата-аналарды балалармен бірге ертегіні таңдай білуге көмектескендігіміз,ертегілерді рөлдерге бөліп ойнауға арналған құралдарды дайындағанымыз және балабақша өмірінде ата-аналармен біріге отырып балаларға ертегілерден қойылымдардың үнемі жүргізілуі.

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *