Балалар киімін тігу

БАЛАЛАР ЖЕЙДЕСІ
Киімнің адамға қажеттілігі анықталған пішіні мен адамның анатомиялық денесінің өлшеміне байланысты келеді, сондай-ақ өмір ағымына, мамандығына, жас ерекшелігіне т.б. қарай ажыратылады. Адам ағзасының өсуімен дамуы әр периодта әркелкі әрбір өспелі кезеңде өзінің пропорциясымен адам ағзасының мүшелері біркелкі өспейді. Мәселен жас нәрестенің басы ¼ ұзындықта, ал ересектерде 1/8 құрайды, бас өлшемі туылғаннан кейін ұлғайа береді.
3 жасқа дейінгі балалар киіміне қойылатын талап қатал. Киім жоғарғы гигроскопиялығымен, ауаөткізгіштігімен, жұмсақтығымен, жеңілдігімен, жуан әрі дөрекі тігістердің жоқ болуымен және нәрестенің қозғалуымен жақсы тыныс алуына жағымды әсер беруі тиіс. Осындай киімнің силуеті, әдетте еркін болуы, түймелері ыңғайлы орналасуы және балаға еркін кигізе алу әрі шешуге жайлы болу шарт.Балалық шақтық 1кезеңі (4-7жас) Бұл кезеңде қыздың немесе ұлдың дене өлшемі және пішінінде ерекшелік болмайды. Сол себептенде бұл топтағы балалар киіміне деген гигиеналық талап жоғары. Киімде жоғары ыңғайлы талаптар мен қамтылуы тиіс.
Балалық шақтың 2 кезеңі (8-12жас) осы жастағы балаларға бұлшықетті қатайту үшін жаттығу жасауға көбіне ыңғайлы, жеңіл және гигиеналық қасиеті жақсы спорттық киімдер шығарылады. Жасөспірім шағындағы балалар бойларының біркелкісіздігімен ерекшеленеді. Сондықтан жасөспірімдер үшін киім ыңғайлы болуы қажет. Сондай-ақ жасөспірімдер үшін киім психологиялық жағынан бөлектенеді. Бұл топтағы өзін өзі танитын жасқа жетіп, сән бағытымен киіне бастайды. Көбіне олар ашық түсті киімді кигенді жөн санайды.
Жеткіншек тобындағылар ересектер дене бітімінен аса көп ерекшеленбейді.Жалпы балалар жасына қарай 5 топқа жіктеледі: жаңа туылғандар, балабақша жасындағылар, бастауышқа дейінгі және бастауыштан кейінгі оқушы жасындағылар, жасөспірімдегілер. Ересектерді 3 топқа бөліп қарастырады: жас (29жас), орта (30-45жас) және егде (45жастан жоғарғылар).Балалар киіміне арналған материалдар. Балалар киімін жобалауда және өндіруде бала ағзасының функциональді ерекшелігі ескеріледі. Балалар ды ересектермен салыстырғанда жұқа,нәзік терілерден құралады. Олардың ағзасының ерекше белгілеріне қарай киімдер, оның салмағына, пішініне, өлшеміне, қолданылатын материалға байланысты анықтап отырады.
Балалар ішкиімін дайындауда трикотаж жаймалары және мақта маталары (бяз, ситец, сатин, шифон, фланел т.б.) кең қолданылады. Балалар ішкиімінде және трикотаж жаймалары гигиеналық талаптарды қанағаттандыру қажет, яғни гигроскопиялығы 7% кем емес, ауа өткізгіштігі жаздық мезгілде 135дм³/(м²*с), ал қысқы мезгілде 100дм³/(м²*с) болуы тиіс.
Ішкиімдік трикотаж жаймасының сыртқы түрі әдемі болуын қамтамасыз ету үшін мақта матасын 82%, зығырды 80% белизнамен ағарту жүргізіледі. Мақта матасы жуғаннан соң желісі бойынша 3,5%, ал арқауы бойынша 2%, зығыр матасы желісі бойынша 5,5%, арқауы 3% қысқарады әрі отырады.
Ішкиімдік маталар тез жуылады, денеге жақсы ылғал ауа өткізеді. Балалар көйлегі вискозды, вискозды лавсанды және мақта матасынан жасалғанда жұмсақтық және жылулық қасиеттерін береді.
Зерттеушілердің қадағалауы бойынша балалар көйлегінің материал құрамындағы синтетикалық және ацетаттық талшықтары 30% аспауы қажет. Жүн және нитрон (20-60%) қоспасынан жасалған балалар көйлегі гигиеналық бағалауы бойынша мата құрамындағы 30% көрсетілген талшықтар киім ішінен ауа ылғалдылығын көбейтіп, материал бетіне электростатикалық өрістің кернеу көлемінің өзгеру белгісін көрсетеді. Адам ағзасына синтетикалық талшықты қосу кезінде жағымсыз, қолайсыз әсер туғызбас үшін балалар киімін дайындауда, әсіресе жаңа туылған нәрестелер киіміне қолдануға болмайды.
Өлшем алу:
1- жартылай кеуде орамы;
2 — жартылай бел орамы;
3- жартылай мықын орамы;
4 — кеуде биіктігі;
5 — алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы;
6 -артыңғы бойдың ұзындығы;
7 -иық ұзындығы;
8 — жең үзындығы;
9- ңолдың жоғарғы бөлігінің орамы;
10 — жартылай мойын орамы
Жейденің белгілі бір үлгісінің сызбасын сызу үшін негізінен кеуде шеңбері басты роль атқарады. Қандай бөліктің болсын ұзындығын, көлденеңін есептеп шығару үшін кеуде шеңберінің екіден бірін, үштен, төрттен, сегізден бөліндісін алады. Осыған байланысты алдын ала есеп пропорциялы таблицаны пайдалану ыңғайлы. Мысалы: 48 өлшемінің негізінде көмекші таблицаның мынадай болмақ КШ — 2 /48 =24см,КШ -3/48=16см, КШ-4/48=12см,КШ-8/48=6 см

Үлгі сызба: тор, артқы бой және алдыңғы бой үш бөлімге бөлінеді.
Тор. Бір парақ қағаздың сол жақ бұрышынан бір-біріне тік бұрыш болып келетін екі сызық сызылады. Тік сызық – артқы бойдың орта сызығы, көлденең сызық – желке сызығы. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығының бойына КШ өлшеп салып, еркін сыю үшін 3-5 см қосады. 48+3=51см. Табылған нүктеден төмен қарай тік сызық алдыңғы бойдың орта сызығы жүргізіледі. Ол артқы бойдың орта сызығына параллель келеді.
Желке сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығының бойынан кеуде шеңберінің үштен бірін өлшеп алып оған 3 см қосымыз 48/3+3=19. Табылған нүктені көлденең сызықпен алдыңғы бойдың орта сызығымен қосамыз. Бұл кеуде сызығы. Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығын(АБҰ-40см) өлшеп, көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен қосамыз. Бұл бел сызығы. Бел сызығынан төмен қарай артқы бойдың ұзындығына байланысты 16-18 см өлшеп, табылған нүктені көлденең сызық арқылы алдыңғы бойдың орта сызығымен жалғастырамыз. Бұл жамбас сызығы. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына кеуде шеңберінің үштен бірін алып оған 2,5 см қосады 48/3+2,5=18.5cм, пайда болған нүктеден жоғары қарай тік сызық сызылады. Бұл жауырының ені сызығы. Жауырын енінің сызығынан оңға қарай кеуде сызығының бойына кеуде шеңберінің төрттен бірін өлшеп алып оған 0,5 см қосады, 48/4+5=12.5см. Бұл қолтық ойындысының кеңдігі. Осы нүктеден жоғары қарай кеуде шеңберінің сегізден біріне тең болатын тік сызық сызамыз. Бұл қолтық ойындысының шығыңқы сызығы. 48/8=6см. Кеуде сызығының бойымен қолтық ойындысының кеңдігін қақ бөледі. Пайда болған нүктеден солға қарай кеуде сызығының бойына 2 см өлшеп алады. Белгіленген нүктені пуниктир сызығы арқылы жамбас сызығы арқылы жалғастырады. Бұл бүйір сызығы.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *