Бабамның киген киімі

Романова  Мейрамкул  Картаевна

Ақтөбе қаласы, №60жалпы білім беретін орта мектеп

Пән:   қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:      Киім. Сән .Талғам                                                           Мектеп: 60 ЖББОМ

 
Күні: Романова  Мейрамкул  Картаевна  
Сынып: 5

 

Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақ  тақырыбы:        Бабамның киген киімі
Осы сабақ арқылы

жүзеге асатын оқу

мақсаттары

Т/А3.Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, негізгі және қосымша ақпаратты табу

Ж2. Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап, хат, жарнама, хабарландыру құрастырып жазу.

О6.Оқылым стратегияларын қолдану; Жалпы мазмұнын түсіну үшін оқу, нақты ақпаратты табу үшін оқу.

ӘТН4.2. Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

 

 
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды анықтайды

 

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Хабарландыру, жарнама жазады. Зат есімдердің мағыналық түрлерін анықтайды

 

Кейбір оқушылар орындай алады: Жарнаманы  рәсімделуіне сай  құрастырады, мәтінде түрленген зат есімдерді қолданады
Бағалау критерийлері — Оқыған мәтіннің жалпы мазмұнын түсінеді, негізгі ақпаратты анықтайды

— Жазба жұмысында жанрлық ерекшелікті ескереді,  рәсімделуі мен құрылымын сақтайды

— Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады

— Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпаратты табады

 

Ойлау  дағдылары

ның деңгейі

Жоғары деңгей дағдылары
Тілдік мақсат Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: көптік жалғау, тәуелдік жалғау, ортақ тәуелдеу, оңаша тәуелдеу
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер: ұлттық нақыш, Қазақстандық сән үйі, заманауи үлгі, озық технология, заман талабы.
Талқылауға арналған сұрақтар:

Ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгісіне көзқарасыңыз?

Мәтінде таныс емес киім атаулары бар ма?

Саған  қандай ұлттық киімдер ұнайды?

Ұлттық киімді қай кезде киген дұрыс?

 

 

Алдыңғы оқу: Жарасымды киім дегеніміз не? Қазіргі уақытта ұлттық нақышта жарасымды  киінуге  бола ма ? деген сұрақтар арқылы  жаңа тақырыпқа өтеміз.

 

 
                                                                                                       Жоспар  
Жоспарланған

 уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

 

ресурстар

 

 
Сабақтың басы

 

 

 

 

 

 

 
 
 Оқушыларды ұлттық  бас киім, сырт киім, аяқ киім суреттері бойынша топтарға отырғызамыз. Неге біздер  топ  атауларына ұлттық киімдерді алып  отырмыз ? Себебі, біздің бүгінгі тақырыбымыз – «Бабамның киген киімі» деп аталады

 

 

 

 

 

Ұлттық киім суреттері бар кағаздар

 

 

   

Тыңдалым және айтылым тапсырмасы

Осыдан кейін  оқушылардың  қызығушылығын арттыру мақсатында «Қазақтың ұлттық киімдері» атты бейнежазба  көрсетіледі.

Тыңдалым аяқталған соң, мәтіндегі негізгі және қосымша ақпараттарды анықтайды.

Негізгі ақпарат Қосымша ақпарат
   

 

 

 

 

Youtub сайтынан

 

 

 

АКТ-ны  қолдану

 

Сабақтың ортасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс

Оқылым тапсырмасы

Мәтінді мұқият оқыңдар. Топта мәтіннің мазмұнын талқылаңдар

Қазақтың ұлттық киімдерінің болмысы да , түрі де өте бай. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қол өнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес. Қазақтың ұлттық киімдері – Еуразия даласын қоныс еткен көшпелі ел қазақтардың басқа халықтарға ұксамайтын киім үлгілері табиғи ерекшеліктер мен көшпелі тіршілікке сәйкес қалыптасты. Қазақы киімнің барша сымбаты мен ою – өрнегінде, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар. Ол – біздің ұлттық мәдениетіміз.

Бөрік – қазақ қыздарының ертеден келе жатқан ұлттық бас киімі. Ол қыстық және жаздық болып екіге бөлінеді.

Жеңсе – қазақ халқының ат үстінен суықтан қорғану үшін, жеңінің ішін жел кеулемеу үшін киіп алатын қосалқы киімдердің бір түрі.

Тайжақы – қазақ халқының ежелгі сыртқы киімі. Оны шымқай қараторы құлын терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді.

Тон – жүн жағы ішіне қаратылып, қой терісінен тігілген қыстық жылы киім.

Шалбар – шалбар еркектердің сырт киімі. Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған.

Шекпен – пішімі шапанға ұқсас, түйе, қой жүнінен тоқылатын сырт киім. Шекпеннен суда, жел де өтпейді, керісінше су тиген сайын ширығып, нығыздала түседі.

Тақия – жеңіл бас киім.

Сәукеле – ұзатылатын қыздың бас киімі.

Мәсі – әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы.

 

Ширату жаттығулары

1.Мәтінде таныс емес киім атаулары бар ма?

2.Саған  қандай ұлттық киімдер ұнайды?

3.Ұлттық киімді қай кезде киген дұрыс?

4.Ұлттық нақыштағы заманауи сән үлгісіне көзқарасыңыз?

(Смайликтермен бағалаймын)

 

Жұптық жұмыс

Сәйкестендіру

Тақия тазалық  үшін аса қолайлы
Шекпен қой терісінен тігілген қыстық сырт киім
Тон жеңіл бас киім
Мәсі түйе, қой жүнінен тоқылатын сырт киім
Тайжақы қазақ халқының ат үстінен суықтан қорғану үшін, жеңінің ішін жел кеулемеу үшін киіп алатын қосалқы киімдердің бір түрі.

 

  Шалбар ұзатылатын қыздың бас киімі.

 

  Сәукеле Ол тұрмысқа (мініске, малдас құрып отыруға, тағы басқа) қолайлы болу үшін жасалынған.

 

Жеңсе Оны шымқай қараторы құлын терісінен жүнін сыртына қаратып тігеді.

 

 (смайликтер арқылы бағалаймын)

 

Жазылым тапсырмасы

Деңгейлік тапсырмалар беріледі

1-деңгей

Мәтіннен бас киім атауларын теріп жазыңдар

Зат есімдердің мағыналық түрлерін анықтау

2-деңгей .

Ерлер мен әйелдер киімін бөліп топтастыру

Зат есімдерді септеу

3-деңгей

Әр топ ұлттық киімдерді  насихаттайтын жарнама мәтінін құрастырады және мәтінде түрленген зат есімдерді қолданады

І   топ   Ұлттық  киімдер сатылымына хабарландыру жазады

ІІ топ  ұлттық бас киімдерді  насихаттайды

ІІІ  топ  ұлттық аяқ киімдерді  жарнамалайды

Әр топ постерін шығып қорғайды. Топ  ішінде ойларымен бөлісіп, кері байланыс жасайды.

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақтадан   ұлттық киімдердің   суреті  көрсетіліп  тұрады

 

 

 

 

Смайликтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Есте сақтаңдар!

Жарнама-тауарға  сұранысты арттыру мақсатында  таратылатын хабарлама. Жарнама теледидарда, газетте, ғаламторда және көшедегі плакаттар арқылы таратылады

 
Сабақтың соңы

 

Рефлексия:   
Үйге тапсырма Бір ұлттық киімнің қалай жасалатынына  немесе тігілетінін кезеңдік сызбаға түсіріп айтыңдар (шағын жоба)  
   
Бағалау критерий

Жалпы мазмұнын түсінеді , нақты ақпаратты табады

 

№ тапсырма

1

 

 

Дескриптор

 

 

 

Мәтін мазмұнын түсінеді

 

 

1

Нақты ақпараттарды анықтайды 1
Жанрлық ерекшеліктеріне сай рәсімделуі мен құрылымын сақтап жарнама, құрастырып жазады 2

 

 

Жарнаманы  рәсімделуіне сай  құрастырады

 

 

1

Бас  киім атауларын дұрыс орналастыра біледі

 

 

1

Киім атауларын дұрыс топтастыра біледі 1
Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады 3 Зат есімдердің мағыналық түрлерін анықтайды

 

 

1

Зат есімдерді септейді

 

 

1

Мәтінде түрленген зат есімдерді қолданады 1
Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, негізгі және қосымша ақпаратты табады

 

4 Негізгі және қосымша ақпараттарды анықтай алады 1
   
Барлығы     9

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *