Ағылшын тілін оқытудағы тиімді әдіс-тәсілдер

Қазіргі білім беру жүйесі әмбебап білімнің, қабілеттердің, дағдылардың, сондай-ақ оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау тәжірибесі мен жеке жауапкершілігінің интегралды жүйесін қалыптастыруы керек. Мұғалім үшін бұл білім беруден басқа балалардың белсенді оқуы мен практикалық тәжірибесіне жағдай жасауына көшуін білдіреді. Оқушылар үшін бұл – ақпаратты пассивті ассимиляциядан белсенді іздеуге, сыни тұрғыдан ойлауға және тәжірибеде пайдалануға көшуі болып табылады. Мұғалімнің басты мәселесі – бағдарламаны сапалы меңгеруді қамтамасыз етуі,оқушылардың білім беру құзыреттіліктерін дамыту әдістерін іздеуі.

      ❖ Оқытудың заманауи тиімді формалары мен әдістерінің назары – қатысушылардың өз бетінше оқу әрекеті мен қарқынды топтық өзара әрекеттесу. Сондықтан, қарым-қатынас негізінен алғанда мұғалім мен оқушы және мұғалім мен сынып арасында дамытылатын дәстүрлі оқытудан айырмашылығы   интерактивті оқытуда жаңа өзара әрекеттесулер пайда болады.

 

 

 Коммуникативтік және әлеуметтік құзыреттілік, тыңдау және диалогқа түсу, мәселелерді ұжымдық талқылауға қатысу қабілетін қалыптастыру және дамыту үшін оқушылар құрдастар тобына бірігуі және құрдастарымен және ересектермен өнімді өзара әрекеттесу мен ынтымақтастықты құруы керек. Бұл дағдыларды қалыптастыруға сабақ барысында қолданылатын белсенді әдіс-тәсілдер үлкен үлес қосады.

 

❖ Оқытудың белсенді әдістері – бұл оқу материалын меңгеру процесінде оқуышыларды белсенді ойлауға және жаттығуға ынталандыратын әдістер. Оқытудың белсенді әдістері оқудың оң мотивациясын қалыптастыруға ықпал етеді, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытады, оқушыларды оқу процесіне белсенді қатыстырады, оқушылардың жеке және тұлғалық мүмкіндіктерін ашады, стандартты емес ойлауды дамытады, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырады,тағыда басқа мүмкіндіктер береді. Оларды үлкен көлемдегі материалды тиімдірек қабылдауға, жеке тұлғаның ұжымда жұмыс істеу қабілетінің коммуникативтік қасиеттерін дамытуға, бірлескен жобалық және зерттеу жұмыстарын жүргізуге, өз позициясын қорғауға және басқалардың пікірін тыңдауға, өзі үшін және ұжым үшін жауапты болуға дағдыландырады.

 

❖ Тағы да айта кетсек оқытудың белсенді әдістері әртүрлі аспектілерде білім беру мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді: оқудың оң мотивациясын қалыптастыру; оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру; оқушыларды оқу процесіне белсенді қатыстыру; дербес белсенділікті ынталандыру; танымдық процестерді дамыту — сөйлеу, есте сақтау, ойлау; білім беру ақпаратының үлкен көлемін тиімді игеру; шығармашылық қабілеттерді және стандартты емес ойлауды дамыту; оқушы тұлғасының коммуникативті-
эмоционалдық саласын дамыту; әрбір оқушының жеке мүмкіндіктерін ашу және олардың көріну мен даму шарттарын анықтау; өз бетінше ой еңбегінің дағдыларын дамыту; әмбебап дағдыларды дамыту.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *