Ағылшын тілін деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы арқылы оқытудың тиімділігі

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістердің әсерінен қоғамда ағылшын тілінің рөлі өзгерді. Ағылшын тілі – жаңару тілі. Ол қарапайым оқу пәнінен заманауи білім беру жүйесінің негізгі элементіне айналды. Сол себепті де ағылшын тілін жетік меңгеру, ол тілде жақсы сөйлей білу, жаңару көшіне ілесу деген сөз. Осыған орай қазіргі заманға сай ағылшын тілін тиімді үйретуге мүмкіндік беретін көптеген әдістер пайда болды. Заман талабына сай шетел тілін жаңа технологиялармен оқыту қазіргі күннің басты талаптарының бірі болып тұр.

Саралап, деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясында алынған нәтиже сәйкесті меңгеру деңгейлері түрінде анықталады. Бұл жағдай :
а) тіл үйренушінің оқу материалын жеңілден күрделіге қарай жүйелі меңгеруі;
ә) алынған нәтижені өлшеуге болатындығы;
б) оқу процесінің жарыс түрінде ұйымдастырылуы;
в) бағалаудың жетелеушілік қасиеті;
г) дамыта оқытудың әдіс – тәсілдерін қолдануға ыңғайлы жағдайлар жасалуы, т.б. себептерге байланысты үйренушінің оқу материалын қажетті минимум деңгейінде меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерудің әр кезекті деңгейіне өтіп отырған сайын ынта, мотив, белсенділік, білік пен дағды да өсіп отырады. Ендеше оқыту технологиясын оқу процесіне енгізу – білім сапасын қажетті деңгейде қамтамасыз етуге оны көтеруге, тіпті басқаруды қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп, саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі:
— жеке құрылымдарға бағдар беру;
— білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы.
Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясының мақсаты –әр үйренушіні қабілетіне, өзіндік ерекшелігіне, мүмкіндігіне қарай топтастырып оқыту. Оқытуды түрлі топтарына, білім деңгейлеріне, қабілеттіліктеріне, өзіндік ерекшеліктеріне қарай бейімдеу, ыңғайлау, берілген тапсырманың саралануы. Бұл технологияның ерекшелігі – тіл үйренушінің тіл үйренуге деген ынтасын, қызығушылығын, деңгейлік тапсырмалар арқылы дарындылығын арттыру.

Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:

  • тіл үйренушілердің барлығы жұмыс жасайды;
  • бос отырған үйренуші болмайды;
  • өздігінше жұмыс жасау дағдысы қалыптасады;
  • тіл үйренуге деген қызығушылығы арта түседі;
  • сабақ барысында тіл үйренуге деген белсенділігі арта түседі.

Студенттердің тілдік  деңгейінің бірың­ғай болмауына, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты топта оқу үздіктері мен үлгер­меушілер пайда болатыны белгілі. Сондықтан, оқытушы сабақтың барлық кезеңдерінде: жаңа материалды беру, бе­кіту, қайталау, білім, білік, дағдыны бағалау кезінде деңгейлеп-саралап оқытуды ұйым­дастырады.
Көп деңгейлі тапсырмаларды меңгерту барысында жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың төрт дең­­гейге бөлінуі, үй  жұмысын жақсы ұйым­­дастыруға және реттеуге мүмкіндік береді. Себебі, тақырыпты меңгерудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы студентке есептеліп, соған сәй­кес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толықтай сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық студенттердің мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта оқы­тушының  көмегімен аяқтауға беріледі:
– бірінші деңгейдің тапсырмаларын үлгерген студенттерге  екінші деңгейдің тап­сырмалары;
– екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған студенттерге  одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар;
– үшінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған студенттерге  төртінші шығарма­шылық деңгейдің тапсырмалары беріледі.
Ең жоғары деңгейдегі шығармашы­лықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор студент орындай ала­ды. Осылайша, әр тақырып бойынша студенттерге, топтан тыс уақытта жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту принципі орындалады. Барлық тапсырмаларды мезгілінде орындаған студенттерге үлгермей жатқан студенттерге көмектеседі. Нәтижесінде, студенттердің  табиғи қабі­леттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады. Бұл тапсырмалар – үйренушінің біліктілігі мен дағдысын қалыптастыру және оны бағалау деңгейі болады.
Қорыта келгенде, ағылшын тілін аудиторияда деңгейлеп оқытудың негізгі мақсаты – күнделікті өмірде пікірлесу түр­леріне еркін араласып, сөйлеу,  әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру, мем­ле­кеттік тілдің мәртебесін көтеру, тіл таза­лығын сақтау, үйренушінің өз бетімен білім алуы, ізденуі болып табылады. Шет тілі оқытушыларының ал­дында қойы­лып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Соның ішінде ақ­параттар ағымының таралу сипатына қарай сабақ оқыту режимдеріне бөлініп, оқыту технологиясының қажетті түрін қа­былдау қажет. Екі жақтағы ағымдағы ақпараттар режиміндегі сабақты немесе интерактивті әдісті шет тілі пәнге  байланысты қолдану студенттің  шығармашылық және интеллектуалдық белсенділігі дамыту факторының бірі болып табылады.
Шет тілі  оқу бағдарламасын тандау сту­денттің  өзіне базалық білім минимумын қамтамасыз етіумен қатар әр жеке тұлғаның шығармашылық дамуына да кеңістік ашылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясында студенттердің  білімін саралауға мүмкіндік бар. Технологияның ерекшелігі: әр студент өзінің деңгейіне білім дәрежесіне байланыс­ты тапсырмаларды орындайды: әлсіздер білім алуға ұмтыла түседі, мықтылардың өзіне деген сенімділіктері артады. Нәти­жесінде жан-жақты шығармашылық іс-әре­кеті бар жеке тұлға болып қалыптасады. Білімді бақылау кезінде деңгейлеу тереңдей түсіп, әрбір студенттің жетістігі есепке жеке алынады.

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің 4-курс студенті

Русланқызы Азиза

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *