Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет Тақырыбы: «Түстер еліне саяхат»

Абай облысы білім басқармасы

Аягөз ауданы білім бөлімінің

«Мектеп жанындағы интернаты бар

Ақши жалпы орта білім беретін мектебі» КММ

«Балауса» шағын орталығының тәрбиешісі:

Айбек Ардақ Айбекқызы

 

Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Тақырыбы: «Түстер еліне саяхат»

Мақсаты:      

  • Балалардың түстер туралы түсініктерін толықтыру.

Міндеттері:

  • Түстерді ажырата білуге үйрету;
  • Дамытушы және дидактикалық ойындар арқылы балалардың сөздік қорларын, шығармашылық дағдылар, ойлау қабілеттерін дамыту;
  • Тиянақты орындай білуге және толық жауап беруге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:

Көрсету, түсіндіру, ойын, сұрақ-жауап, тәжірибе, жұптық жұмыс

Ұйымдастыру кезеңі

Балалармен шеңбер құрып тұрады.

Тәрбиеші: балалар көңіл-күйлерің қалай?

Балалар өз көңіл күйлерін сипаттайды.

Келіңдер балалар, ән салып, көңіл-күйімізді одан әрі бірге көтерейік!

Музыка: «Көңіл-күй»

Тәрбиеші: Көңіл-күйлерің тамаша екен. Мен сендерді «Түстер еліне» саяхатқа шақырамын. Саяхатқа барғыларың келе ме?

Балалар: әрине барғымыз келеді.

Тәрбиеші: Балалар, саяхатқа немен баруға болады?

Балалар: көлікпен, автобуспен, ұшақпен, атпен, поездьбен

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, біз бүгін поездьбен саяхатқа барамыз.

Қатар-қатар тұрайық,

Паравозды құрайық.                  (Музыка паравоз дыбысы)

Негізгі бөлім

Балалар «Түстер еліне» келеді. Сиқырыл музыка

Түстер елінде  барлық түстер шатасып кеткен екен. Сендер түстерді орындарына орналастыруға көмектесесіңдер ме?

Балалар: әрине, көметесеміз.

Бізде 4 түсті үстел берілген екен, әр үстелде әртүрлі тапсырмалар болады. Тапсырмаларды орындай отырып, түстер еліне көмектесетін боламыз. Онда тапсырмаларды бәріміз бірге орындайық.

1-үстел – Қызыл

Чемодандар – төрт түрлі чемадан берілген екен. Чемодандардың түсіне сай киімдерді жабыстыратын боламыз.

5минут

Балалардан жеке-жеке түстерді сұрау.

-Жарайсыңдар балалар.

2-үстел – Көк түсті-тәжірибе алаңқайы.

Банкадағы суға бояу қосып, рәмізіміз көк байрақты жасау.

Балалардың мынау ненің сурет?

-Тудың

-Тудың түсі қандай?

-Көк

Онда біз сендермен туды  тәжірибе арқылы жасап көрейік. Сендерге банкадағы сулар берілген екен, туымыздың түсі шығу үшін қандай бояу қосамыз.

-Көк

Онда бірге тәжірибе жасап көрейік.

Жұптық жұмыс

Музыка: Көк тудың желбірегені

Сергіту сәті

«Бала, бала,  балақан»

3-үстел –Сары- Кірпі қыстырғышпен

— Балалар мына жерде нелер тұр?

-кірпілер

-Дұрыс айтасыңдаркірпілер. Кірпілерге сендердің көмектерің керек, олардың инелері түсіп қалыпты. Қыстырғыштарды түстеріне сәйкес қыстыру арқылы кірпілерге ине жасап берейік.

Музыка кірпілер

4-үстел –Жасыл түс

Көбелектің қанатының түстеріне сай етіп, шарларды жапсыру.

Қорытынды кезең

— Балалар түстер елі сендерге алғыс айтып жатыр.Алғыс ретінде түрлі түсті кәмпиттерді сендерге сыйлыққа берді.

— Балалар біз тобымызға қайтайық.

Қатар-қатар тұрайық,

Паравозды құрайық.                  (Музыка паравоз дыбысы)

Балалар біз қайда бардық?

Мақтау, марапаттау

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *