Ашық сабақ 7 сынып. Заттың тығыздығы ,тығыздықтың өлшем бірлігі.

Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Денелердің өзара әрекеттесуі Мектеп: Ы. Алтынсарин атындағы №10 мектеп — лицей
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Еркебаева Мулдир Жаркинбаевна
Сынып: 7 «Ә» Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі.

 

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы) 7.2.2.13 –  тығыздықтың физикалық мағынасын түсіндіру.

 

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу, түсіну, қолдану, талдау
Сабақтың мақсаттары Білім алушылар:

Барлық оқушы: Тығыздықтың анықтамасын, формуласын, өлшем бірлігін біледі;

Басым көпшілігі: Заттың тығыздығының физикалық мағынасын  түсінеді, формуласын түрлендіріп, есептер шығаруда қолданады;

Кейбір оқушылар: Өз болжамдары мен қорытындыларын жасай алады;

Бағалау критерийлері: —          Заттың тығыздығына сипаттама бере алады;

—          Дененің массасы мен көлемін анықтап, заттың тығыздығының формуласы арқылы есептер шығарады;

—          Заттың тығызыдғының маңызын талдайды.

Тілдік мақсат Арнайы пәндік лексика және терминология:

Заттың тығыздығы ережесін, формуласын тұжырымдап қолдана біледі.

Негізгі сөздер мен тіркестер: көлем,тығыздық, масса

Оқылым: Оқулықтағы мәтінмен, тығыздықтар кестесімен жұмыс жасайды
Тыңдалым: https://bilimland.kz/ cайты арқылы мағлұмат алады.
Айтылым: Топта талқылап, өзара ой бөліседі, анықтамаларды айта алады;
Жазылым: Арнайы тілдік терминология , формулаларды ,тәжірибелер мен есептерді жазады.
Құндылықтарға баулу Құрмет,ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік.
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, математика
Алдыңғы оқу 5 сынып Жаратылыстану
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

 

Сабақтың басы

3 минут

 Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару

ә) Топқа бөлу. Масса, көлем, тығыздықтың өлшем бірліктері арқылы 3 топқа бөлу

Масса, көлем, тығыздықтың өлшем бірліктері жазылған стикер
Сабақтың ортасы

6 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6 минут

 

 

 

15 минут

 

 

 

Жеке жұмыс «Кім жылдам» әдісі.

Quizizz бағдарламасы арқылы «Масса және дененің массасын өлшеу. Дұрыс және дұрыс емес пішінді денелердің көлемін өлшеу» тақырыптарына арналған  тест тапсырмаларына жауап береді

ҚБ: Компьютер бағалауы

 

«Ой қозғау»

Проблемалық сұрақ

Тәжірибе. Стаканға су, содан кейін күнбағыс майын құямын. Тәжірибеден нені байқадыңдар? Неліктен?

 

https://bilimland.kz/ cайтынан тығыздық тақырыбында бейнежазба көрсету

 

«Бір сөйлеммен түйіндеу» әдісі

(Оқушылар тақырыпты бір сөйлеммен түйіндейді)

ҚБ: мадақтау

 

Топтық жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Оқулықпен жұмыс

Масса тобына: 3.2-жаттығу №4 есеп.

Ұзындығы 8 см, ені 4 см, қалыңдығы 2 см алтын кесегінің массасын анықта.

Көлем тобына: Металл жүктің  тығыздығын анықтау. Құралдар: жүк, таразы, мензурка.

Тығыздық тобына: Эксперименттік зерттеу.

Мензурка көмегімен таза су көлемін, ал таразымен массасын анықтаңдар. Осы мәліметтерді пайдаланып, оның тығыздығын анықтаңдар. Бұл анықталған мәліметті кестеде берілген мәліметпен салыстырыңдар.

Критерий Дескриптор
Заттың тығыздығының формуласын есептер шығаруда қолданады Өлшеу құралымен жұмыс жасай біледі
Есептің, тәжіри

енің шартына сәйкес берілгенін жаза алады;

Өлшем бірліктерін ХБЖ-не келтіре алады;
Формуласын тиімді пайдаланып, түрлендіреді;
Есептің мәнін табады.

 

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»

Интербелсенді тақта, Quizizz бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

https://bilimland.kz/

бейнежазба

интербелсенді тақта, дәптер

 

 

 

Оқулық, дәптер, таратпа материалдар, жүк, таразы, сызғыш, су, мензурка

 

 

 

 

 

 

Слайд

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

 

2 минут

 

 

3 минут

 

 

 

Жеке жұмыс

«Кім тапқыр» әдісі

Оқушылар «Plickers» бағдарламасы арқылы тест тапсырмаларын орындайды.

ҚБ: Компьютер бағалауы

Үйге тапсырма. «Заттың тығыздығы және тығыздықтың өлшем бірлігі» тақырыбын оқу. 3.2-жаттығу № 2

Теориялық зерттеу №2, 66 бет

«Mentimeter» бағдарламасы арқылы сұрақтарға жауап береді.

  1. Мен бүгін қандай білім мен тәжірибе алдым?
  2. Топта қандай жұмыс жасадық, кімге көмектестік, кімге риза болдық?
  3. Сабақта өзімді қалай сезіндім?
«Plickers» бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

Оқулық

 

 

«Mentimeter» бағдарламасы

 

 

 

Қосымша ақпарат
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз? Бағалау – оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлап отырсыз? Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырма. Қажеттілігі мен білім деңгейіне  қарай эксперименттік тапсырмалар беру.

Қарқын. Кейбір жылдам жұмыс жасаған оқушыларға қосымша тапсырма беру.

Диалог және қолдау көрсету. Оқушыларға тапсырма орындау барысында оқушыны  ойланту үшін дайындалған сұрақтар қою арқылы көмек көрсету, ынталандыру.

1.1  кг мақта ауыр ма, әлде 1 кг темір ауыр ма?

2.Стаканға су, содан кейін күнбағыс майын құямын. Тәжірибеден нені байқадыңдар? Неліктен?

Бағалау.  Оқушыларға әр тапсырма барысында кері байланыс беру

1.Жеке жұмыс

ҚБ: балл бойынша;

2. Ой қозғау

ҚБ: мадақтау

3.Топтық жұмыс

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі;

4.Жеке жұмыс

ҚБ: баллдық жүйе

5.Кері байланыс

«Mentimeter» бағдарламасы

Тәжірибе жасағандағы қауіпсіздік ережелері

 

 

 

 

 

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы , қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса неліктен деп ойлайсыз?                   Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа  сабақ туралы  рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз.

Сол бағандағы абақ бойынша өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға  жауап беріңіз.

 

 
  Жалпы бағалау:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақ барысында  мен сынып  немесе жекелеген  оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы  нені анықтадым, мен келесі сабағқтарда неге назар аударуым қажет?

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *