Ана-әлем жарығы

Серикова Сабина (11 сынып оқушысы)

 

Ана деген 3 әріп, үлкен мағыналы бір ауыз сөзді естігенде әр адамның жүрегі елжіреп, ойына жылы, ыстық сезімдер келеді емеспе. Ана ол әр адам өміріндегі маңызды да ардақты орны толмас адам. Менің анам күн сәулесі секілді. Анам үйден жыраққа кетіп қалса, жер бетіне күн сәулесі түспей қалғандай үйдің іші қаңырап қалады. Ананың орны қандай бағалы екендігін сонда түсінеміз. «Анасыз өмір, сөнген көмір» -деген мақал осыған айтылған. Бірақта қазіргі таңда аналарын құрметтемей, жетесіз болып өсіп келе жатқан ұрпақ қаншама. Анасын сыйламағандық-ол өзін сыйламағаны деп ойлаймын. Көптің көз айымы болған «соқыр ана» фильмін өсіп келе жатқан әр ұрпақ көруі тиіс деп ойлаймын. Ойлайтын себебім кейде ананың қадірін ол өмірден өткен соң біліп жатамыз, сондықтан да қолда бар байлықтың қадірін уақыт өткізбей түсіну үшін қараңдар десем артық айтқаным емес. Себебі жұмақтың кілті анамыздың табанының астында. Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.

 

Анамен конфликтті шешу жолдары

Егерде сіздер аналарыңызбен қатты ұрсысып, қатты ренжітіп қойсаңыздар ше? Адам болған соң қателік барлығында да болады емеспе? Сабырмен қателігіңізді мойындап, анаңызға өз-өзіне келуіне біраз уақыт берініз. Уақыт өткеннен кейін анаңыздан кешірім сұрағаныңыз жөн. Ана мейірімді жан болғандықтан өз бауыр еті баласын кешіреді. Және келесіде қателіктер жібермес үшін өзіңізді анаңыздың орнына қойып қараңыз бұл көптеген конфликттердің алдын алады. Егерде сіз ана рөлінде болып балаңыз, сіздің шаршап тұрғанда немесе көңіл күйіңіз болмай тұрғанда сізге ауыр сөздер айтса, сіз өзіңізді қалай сезінер едіңіз осыларды аллдын ала ойлаған жөн «жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген халық даналығы бар емеспе, сондықтан да әр нәрсені ойланып дұрыс шешімге келіп болғаннан кейін ғана жасаңыз. Ана жүрегі өте нәзік болғандықтан, баласынан ауыр сөз естіген кезде қатты қайғырады. Ана-әлемдегі ең қымбат сый борлғандықтан бағалайық.

Вам может также понравиться...

1 комментарий

  1. zulfiya.mm:

    Сізбен толықтай келісемін👍🏻

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *