Адамзат мәдениетінің  рухани-адамгершілік әлемі

Тақырыбы: Адамзат мәдениетінің  рухани-адамгершілік әлемі

Сабақ: №2

Құндылық: жалпыадамзаттық

Қасиеттер: қарапайымдылық, сүйіспеншілік

Сынып: 4 «А,Ә,Б»

5 Т: Тәртіп, Талап, Тыныштық, Тазалық, Татулық

Сабақтың мақсаты:  оқушыларды адамзат мәдениетінің рухани-адамгершілік әлемімен таныстыра отырып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:. оқушыларға даналық ұғымын қарапайымдылық қасиеті арқылы түсіндіру;

Дамытушылық:  оқушыларды ойлылық қасиеті арқылы саналы қарым-қатынас жасауға үйрету;

Тәрбиелік:  оқушыларды даналыққа тәрбиелеу

Ресурстар: кітап, дәптер, могнитафон
Сабақ барысы:

1.      Ұйымдастыру кезеңі (Жағымды көңіл-күйге келу)

Оқушылармен амандасып, түгелдеп, тыныштық сәтін өткізіп, оқушылардың көңіл-күйін көтеру. Баяу музыка қосылып, «Теңіз түбіне саяхат» мәтіні оқылады.

Сабақ барысын талдау
 
2.      Үй тапсырмасын тексеру

          Үй тапсырмасына оқушыларға «Үш елек» мәтінің оқып келу және оқулықтағы 7-8 тапсырманы орындау тапсырған. Мәтін бойынша оқушыларға төмендегі сұрақтар қойылады.

1. Сократ қандай үш електі атады?

2. Ол електер не үшін қажет болды?

3. Әр сөзіңді ойланып сөйлеудің маңызы қандай?

4. «Сөз қадірін кетірмеу» дегенді қалай түсінесіңдер?

5. өзің сөйлемес бұрын не істер едің?

 
3.      Дәйексөз

Оқушыларға дәйексөз оқылады және дәйексөзге байланысты төмендегі сұрақтар қойылады.

«Әлемді өзгерткін келсе өзіңнен баста»

Сократ

 

 
4.      Әңгімелеу

Оқулықта грек ойшылы Сократтың даналығын көрсететін «Үш елек» аңызы алдын ала оқуға берілген. Оқушылар мәтіннің мазмұнын айтып береді.  Аңызда Сократ «Бір нәрсені айтпас бұрын, үш мәрте  електен өткізу керек. Алдымен, шындық елегінен өткізу керек. Екіншісі – жақсылық елегі. Үшінші елек – пайдалылық елегі» деп айтқан. Сократтың айтуынша, егер «сенің айтқалы тұрғаныңда шындық та, жақсылық та, пайда да жоқ болса, онда айтудың қажеті жоқ» деп түйіндеген. Яғни, «айтатын сөзіңді әбден ойланып алмайынша, сыртқа шығарма» дегенге келіп саяды. Міне, осы даналықты оқушыларға саналы түрде түсіндіріп, бірін-біріне сұрақтар дайындатып, жауаптары тыңдалады.

 
5.      Шығармашылық жұмыс
5-тапсырмада оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен жалғастырып жазады.

Дүниедегі ең асыл, ол –  … .

Адамға ең қажетті, ол –  … .

Жер бетіндегі ең әсем, ол –  … .

Аспандағы ең сұлу, ол –  … .

Мұхиттағы ең үлкен, ол –  … .

Сөздегі ең маржан, ол –  … .

Тағамдағы ең тәтті, ол –  … .

Өмірдегі ең басты, ол –  … .

6-тапсырма бойынша балаларға «Даналық» сөзінің әрбір әрпінен басталатын жақсы сөздерді тауып жазу ұсынылады.  

 
6.      Топпен ән айту

Әдібай Табылдиевтың сөзіне жазылған даналықтың көзі болып табылатын «Ана тілі» атты Мақсат Дауылбаевтың рухани мәнді әнін топпен орындауды ұсынады.

7.      Үй тапсырмасы

Ұлықман Әбілдаұлының «Талаптыға нұр жауар» атты әңгімесін алдын ала оқуға беріледі және оқулықтағы 4-тапсырманы орындау беріледі.

 
8.      Сабақтың қорытынды сәті

Әрқайсымыз өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар. Рахмет!

 

 

 

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *