Бір кезде іштік арақты
Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 8 жол
Бір кезде іштік арақты
Асқардан асқар аспаққа.
Ішеміз енді арақты
Қайғы мен қасірет баспаққа.
«Баспаққа» деген жай бір сөз,
Көз көмілді қаспаққа.
Четушкалап арақты
Жастайтын болдық бас жаққа.