Мазмұнға өту

Мамандығым мақтанышым !

Жақсылықбай Перизат 2 мин оқу 50 оқылым

Қазір мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді аяқтап үлкен өмірге қадам басуда. Бүгінгі менің мақалам сол асқақ арманның жетегіне еріп жаңа өмірге қадам басқан білім алуды мақсат етіп қойған жандарға арналады. Мамандық таңдау -өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалау. Қазіргі таңда мамандықты таңдау басты өзекті мәселе. Мамандық – қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі. Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда  Адамзат баласы алдына  мақсат қойып және мақсатқа жету жолында тынбай еңбектенеді. Ойдан ой туып, ойлар арманға жалғасады. Алға қойған мақсаттар қатарында ең ерекшесі және мәндісі -мамандық.  Шынында мамандық  болашақ кәсібіміз. Өміріңнің ажырамас бір бөлігіне айналар істі таңдар алдында ойың сан- жаққа жүгірері анық. Осы орайда егер сіз өзіңізге білім алуға ыңғайлы , білім мен ғылымның орталығы  ең озықты  кәсіби жоғарғы оқу орнын іздеп жүрсеңіз . Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті  әлемнің  ең озық білікті мамандарды дайындайтын  жоғарғы оқу орнының құрамында мамандық саны тағы да толықтырылғаны жайлы айта кеткенім жөн болар.  «Философия және саясаттану» факультеті «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында  2018  жылдан бастап «Исламтану» мамандығы ашылды. Ислам дінін ,оның қағидаларын ,тарихын, мәдениетін,мұсылман халықтарының құқығын және исламмен байланысты қоғамдық-саяси ұйымдардың , діни-құқықтық жүйелер мен мектептердің өткен тарихы мен қазіргі жағдайын зерттейтін ғылыми пән. Исламтану исламның рухани құндылықтары мен оның ізбасарларының бағдарлары туралы бейтарап ақпарат беретін ғылым ретінде қызмет атқарады. Осыған дейін бұл мамандықты докторантура және магистратура деңгейінде оқуға болатын еді. Исламтану мамандығының ашылуы түлектерге жаңа мүмкіндіктер береді. Ал мамандықтың маңызы - ислам дінінің тарихымен қатар, қазіргі қоғамда таралуын, діннің ақсап тұрған тұстарын жете  зерттейді. Діннің дұрыс бағытта берілуін және қоғамның қалай қабылдауына дейін зерттейді. Мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғары және арнаулы оқу орындарында,бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде , дін істері комитетінде жұмыс атқара алады. Исламтанушы ретінде әрбір діннің тарихын оның ислам дінімен қалай және қандай жағдайда араласатынын білуіміз керек. Міне, осындай қоғамдық маңызы бар мамандыққа барлық түлектерді ҚазҰУ күтуде!  Осыншама мүміндіктерді  ұсынып отырған ҚазҰУ өз студенттеріне білім алып , білікті маман атануды талап етіп қояды.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Жақсылықбай Перизат

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мамандығым – мақтанышым!

Қазіргі білім-ғылым жетілген жаһандану кезеңінде білім жарқын болашақтың есігін ашар кілт іспеттес. Алдымызға қойған мақсаттарға жету жолында білім алу арқылы арманымызға бір қадам жақын боларымыз анық. Өз ісінің…

Жақсылықбай Перизат 22 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Мамандығым мақтанышым !

Қазір мектеп бітіруші түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді аяқтап үлкен өмірге қадам басуда. Бүгінгі менің мақалам сол асқақ арманның жетегіне еріп жаңа өмірге қадам басқан білім алуды мақсат етіп қойған жандарға…

Жақсылықбай Перизат 51 оқылым 2 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин