Мазмұнға өту

Көркем шығарманы зерттеуден туған ой

Әйгерім 2 мин оқу 29 оқылым

Бейімбет Майлин шығармаларындағы әйел бейнесін оқытудың танымдық-тәрбиелік мәні

Теңсіздік … Әйел теңдігі …

Бейімбет Майлиннің “Раушан-коммунист” шығармасында көтерілген тақырып қазіргі кезде де елең алмайды деп айта алмаймыз. Әйел адамның білімге құштарлығы сол кезде теріс көзқарас деп сипатталғаны рас. Ал қазір? Қазір әйел адамның өз ролі бар, ер адамдар секілді білім алып, ғылым жолында да еңбек ете алады. Қазіргі заманда әйел адамдардың да жеке тұлға ретінде даралануы сол замандағы Раушан секілді көзі ашық қыздардың талпынысы мен таңдауында деп айта аламыз. Бірақ әйел теңдігі толықтай шешімін таппады, біз екі түрлі көзқараспен өмір сүретін замандамыз. Әйел адам-отбасының ұйытқысы, оның өмірдегі басты міндеті де сол екендігіне ешкім күмән келтірмейді. Бірақ еліміздің болашағы өскелең ұрпақ қолында. Ал олардың қандай тұлға, қандай адам болып қалыптасуы тәрбиесінен бастау алады. Біреуге бірдеңе үйретпес бұрын санаңда үйретердей дүние болуы керек.

Адам қай уақытта толығады, рухани жаңғырады, ішкі әлемі көркем бола түседі? Бұл нәрселерді өмірлік қажеттіліктерді жасап толықтыра алмаймыз. Оқыған адам-көкжиегі кең адам. Оны адам табиғатына қарай бөліп қарастыруға болмайды. Жазушы кейіпкерінің, Раушанның ісін құптамай, көреалмаушылықпен болсын, іштарлықпен болсын, бір сөзбен айтқанда әңгіме аңдыған адамдар бір отбасының шырқын бұзатынынан да хабары болмады. Бір ауыл адамдары бір-бірін түсіне алмады. Себебі сана тұрғысынан әртүрлі деңгейде болды.

Тек ол ғана емес, Бәкеннің өзі де әйелінің одан қай жағынан болмасын биік тұрғанын жақтырмады, намыстанды. Бәкеннің намыстанатындай орны бар. Бірақ өмірдің екі жанды бір-біріне жолықтыруы бекер емес. Бәкеннің түрмеге түсуі, кейін Раушанды іздеуі оның өз қатесін түсінуі деп есептейміз. Бір адам бір адамның жолын байлауы, сол үшін өмірлік қызығушылығынан бас тартуы дұрыс емес. Түптің түбінде ол адам өмір сүру керек болғасын ғана өмір сүретін деңгейге жетеді. Раушан өзі үшін таңдау жасады.

Махаббат … Денеңді тітіркендіретіндей ұғым, ия? Дегенмен Мұхтар Шаханов айтқандай, махаббат-екі адамның ой-сана биігінде жолығуы дегіміз келеді. Раушан мен Бәкен арасындағы махаббаттың өрби алмауы да осыда деп түсінеміз. Көркем туындыдағы махаббат мәселесін осылай ғана түйіндегіміз келеді.

Қорыта келе, күні кешеге дейін төмен етекті саналып келген әйел заты бүгінде қоғамдық мәселелерді шешуге, тіпті, елдік, ұлттық саясатқа  араласып келеді. Қазір әйелдің рөлі ерекше. Бұрын орны тек отбасы мен ошақ қасы саналып келген әйелдің бүгінгі бейнесі әмбебап механизмге құрылған дерлік. Себебі, қазіргі заман әйелі отбасы мен қоғам арасына әдемі байланыс орнатып, бәрінен гармониялық үйлесім тапқысы келеді. Астары айтпай-ақ түсінікті. Жабайы капиталистік идеяға негізделген қоғам соған үндейді. Біз білетін қазіргі әйел бейнесінің қыры көп. Айталық, әйел - саясаткер, әйел - көлік жүргізуші, әйел - бала тәрбиелеуші, әйел - үй күтуші, әйел - заңгер, әйел - экономист, әйел…

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Әйгерім

Автордың басқа материалдары

Қазақ әдебиеті

Көркем шығарманы зерттеуден туған ой

Бейімбет Майлин шығармаларындағы әйел бейнесін оқытудың танымдық-тәрбиелік мәні Теңсіздік … Әйел теңдігі … Бейімбет Майлиннің “Раушан-коммунист” шығармасында көтерілген тақырып қазіргі кезде де елең алмайды деп айта…

Әйгерім 49 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Міржақып Дулатовтың «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» мақаласының өміршеңдік мәні

ХХ ғасырдың басындағы қазақ тарихының аса бір күрделі кезеңінде ұлттың еркіндігі мен өзін – өзі билеуі үшін күресте қанша қуғын – сүргін көрсе де, өмірлік мұраты еткен теңдік пен азаттық жолынан ешбір таймаған,өскелең…

Әйгерім 120 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Жалпы рубрика

Тәрбиешілерге және мұғалімдерге арналған тегін көрнекіліктер: дайын материалдарды Telegram-нан жүктеп алыңыз

Сабаққа сапалы көрнекілік дайындау мұғалімнің көп уақытын алады. Әдемі безендіру, қажетті суреттерді іздеу, мәтінді орналастыру, басып шығаруға ыңғайлы формат жасау — мұның бәріне бірнеше сағат кетуі мүмкін. Енді…

Bilimger Media 57 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

Баламен жұмыс – жүрекпен атқарылатын үлкен еңбек

Балабақша – баланың алғашқы білім алып, қоршаған ортамен танысып, достық пен мейірімділікті үйренетін ерекше орта. Ал осы ортада тәрбиешінің орны ерекше. Баламен жұмыс істеу – тек сабақ өткізу емес. Ол – әр баланың…

Шәмшиева Мария Әділбекқызы 52 оқылым 1 мин
Жалпы рубрика

1 Қыркүйек - Білім күніне арналған тақпақтар

Ыбырай Алтынсарин – Кел, балалар, оқылық! Бір Аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге Ықыласпен тоқылық! Істің болар қайыры Бастасаңыз Аллалап, Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. Кел, балалар, оқылық,…

Bilimger Media 102 оқылым 8 мин
Жалпы рубрика

1 қыркүйек - Білім күні сценарий

«Қош келдің, білім ордасы!» 1 қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын сценарийі Мақсаты: Оқушыларға Білім күнінің маңызын түсіндіру, жаңа оқу жылына жақсы көңіл күй сыйлау, бірінші сынып оқушыларын мектеп…

Bilimger Media 83 оқылым 4 мин