Мазмұнға өту

«Ғажайып әлемге саяхат»

Алия 3 мин оқу 419 оқылым

Логопед: Бакембаева Алия  Абдрахымовна

Жеке  жұмыс тақырыбы: «Ғажайып әлемге саяхат»

ІІ топ деңгейідегі бала.

Баланың аты – жөні: Бірлік Кәусар

Диагнозы: G-80. ДЦП

Мақсаты: «Р» дыбысының артикуляциясын нақтылай отырып, көру және есту қабілетін дамыту, ұсақ моторикасын, дауысын, тыныс алуын, фонематикалық есту қабілетін, дыбыстық талдау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері: 

1. [Р] дыбысын буында, сөзде және сөйлемде машықтандыру.

2. Фонематикалық  талдауы мен синтез процестерін дамыту.

3. Жіңішке қол моторикасын дағдысын дамыту.

4. Сабақ барысында жағымды эмоционалдық фонды қалыптастыру.

5. Баланың ойлау және зейін дағдысын дамыту.

Құралдар:

1. Артикуляциялық жаттығулардың суреттері.

2. Заттық суреттер, АКТ,слайд.

3.Тілдік  материал:  дәрігер, жүргізуші, раушангүл, ара, тарақ,қияр, дәптер, шеңбер.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Логопед: Кәусар, қарашы бүгін біздің сабағымызға қанша көп қонақтар келген, қандай керемет! Кәусар, қане қонақтармен амандасайық!

Кәусар: Сәлеметсіздерме?!

1.     Психологиялық дайындық / тілек айту/

Кәусар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын менің саған бір керемет тілегімді айтқым келіп тұр!

/ Логопед – мұғалімі мен оқушы бір – біріне жылы лебіздерін білдіреді./

2.     Проблемалық жағдай

Логопед: Кәусар,  мен кеше үйді жинап жүріп, сандықтан ескі картаны тауып алдым. Ол картада сиқырлы сандықтың қай жерде орналасқаны белгіленген, сен менімен сол сиқырлы сандықты табу үшін және ол сандықта не бар екенің көру үшін картадағы Ғажайып әлеміне саяхатқа шығуға дайынсың ба?

Ол ғажайып әлем -  Қазақстан деп аталады екен! Кәусар, Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?

Кәусар: Нұр – Сұлтан қаласы.

Логопед: Біздің алдымызда көп қиындықтар мен тапсырмалар күтіп тұр. Сол тапсырмаларды орындап болған соң ғана сиқырлы саңдығымызды аша аламыз. Сол тапсырмаларды орындауғы дайынсың ба?

Кәусар: Иә.

Логопед: Ендеше мен саған сәттілік тілеймін!

/тікұшақтың дыбысы қойылады/

Логопед: Кәусар екеуміз саяхатқа тікұшақпен ұшсақ қалай қарайсың? Сен дайынсың ба?

Кәусар: Иә.

Логопед: Ендеше Кәусар, көзіңді жұм. Сен екеуміздің тікұшақпен саяхатқа ұшып бара жатқанымызды көз алдыңа елестет. Кәусар терең дем ал. Алдыңда керемет жаға жай, тыныштық, орман, ағаштар, құстар ұшып құлаққа жағымды ән шырқауда.

/  Тыныс алу гимнастикасы /

3.Кіріспе.

Логопед:  Кәусар қарашы біздің бірінші тапсырмамыз! / логопед оқушыға конвертті көрсетеді/ Ендеше конвертті ашып, бірінші тапсырманы оқыйық!

Тапсырма:

Логопед: Біздің тікұшағымыз қайта аспанға көтеріліп ұшуы үшін біз тілге арналған жаттығуларды орындауымыз керек!

Артикуляциялық жаттығулар:

1.     «Тістерді тазала». Сипаттамасы: ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен жоғарғы тістерді ішінен оңға – солға тазалау.

2.     «Сылақшы». Сипаттамасы: жымиып, ауыз ашып, тілдің ұшымен таңдайды алға –артқа «сылау».

3.     «Аттар шабысы». Сипаттамасы: жымиып, тістерді көрсету, ауыз сәл ашық, тілдің ұшымен таңдай қағу. (аттың тағалары тақылдағандай).

4.     «Тоқылдақ». Сипаттамасы: жымиып, тістерді көрсетіп, ауызды сәл ашып  тілдің ұшын таңдайға тигізіп, тоқылдату.

Негізгі бөлім:

Логопед: Келесі біздің аялдамамыз Балқаш өңірі.Бұл- әрі жылы , әрі күн сәулесі көп түсетін табиғаты жағынан Қазақстандағы тартымды жерлердің бірі болып табылады. Балқаш өңірінің бізге дайындап қойған тапсырмасы да бар екен, сол тапсырманы көріп жіберейік.

/ тыныс алу жаттығуы: ыдысқа су құйып, судың бетіндегі кемені тыныс алу жаттығулары арқылы орнынан қозғалту/

[Р] дыбысын сөзде машықтандыру:

Тапсырма: «Сөйлемді аяқта»

Адамдарды емдейтін… (дәрігер).

Машина жүргізетін…(жүргізуші)

Логопед: Кәусар бәрекелді жарайсың, енді тікұшағымызға мінбес бұрын бойымызды бір сергітіп алайық!

/Сергіту сәті: «Мен қазақпын!»/

«Керемет бағбан»

Логопед : Ал енді  саяхатымызды жалғастырайық. Келесі біздің аялдамамыз «Керемет бағбан» деп аталады.Кәусар қарашы, зұлым сиқыршы мына гүлзарлардың барлығын сиқырлап тастапты, біз тез арада көмек беруіміз қажет! Ол үшін келесі тапсырманы орындайық!

/ойын – гүл шоғырын жинау /

Саусақ гимнастикасы.

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қады сыбдырды

Ойлы – қырлы жерлермен

Ытқып, ытқып секірді!

/Логопед – мұғалімі мен оқушы саусақ гимнастикасын орындайды/

Қорытынды.

Кәусар екеуміз ұзақ жол жүрдік, маған біздің сапарымыз қатты ұнады, енді біздің оңалту орталығына қайтатын уақытымыз да келді, себебі бізді оңалту орталығында қонақтарымыз күтіп отыр, саған біздің саяхатымыз ұнады ма? Ендеше біздің сабағымыздың ең қызық сәті де келген сияқты?! Сиқырлы сандықты ашу!

/Сиқырлы сандықты ашу/.

Сабақты қорытындылау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Алия

Автордың басқа материалдары

Балабақша

Модельдеу-мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық және сөйлеу қабілетін қалыптастыру құралы ретінде.

Куралаева Алия Нуралдановна Өскемен қаласы «Murager» балабақша-бөбекжайы» ЖШС, тәрбиеші Мақсаты:Ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын ,дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбие…

Алия 105 оқылым 2 мин
Жалпы рубрика

«Казахтелеком» заключил офтейк-контракт с казахстанским производителем телекоммуникационного оборудования в Алматы

Договор на 1 миллиард тенге предусматривает закуп беспроводных цифровых приставок Крупнейший телеком-оператор в рамках своей стратегии поддержки малого и среднего бизнеса и отечественного товаропроизводителя активно…

Алия 21 оқылым 4 мин
Жалпы рубрика

Алматыда Орталық Азияның креативті индустриялары форумы өтті

24-26 қараша аралығында Алматыда «Creative Central Asia – 2023» Орталық Азияның креатив индустриясының жыл сайынғы форумы өтті. ССА-2023 диалог алаңы Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Кореядан 100 –…

Алия 29 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Логопедия

ПМПК қорытындысы негізінде жеке білім беру бағдарламасын құрастыру ерекшеліктері

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің "Айгөлек" бөбекжайы" КМҚК Логопед Аңдатпа Мақалада психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қорытындысы негізінде…

Токтарова Еркежан Бауыржанқызы 221 оқылым 8 мин
Логопедия

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған Ава терапия әдістері

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ Логопед маманы Бүгінгі таңдағы аутизмі бар балаларды түзетудегі тиімді әдістердің бірі – ABA (Applied behavior analysis), мінез – құлық терапиясы немесе мінез…

Марқабаева Гүлбахрам Оңайбекқызы 196 оқылым 5 мин
Логопедия

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу дамуында қимылдық белсенділіктің рөлі

Маңғыстау облысы білім басқармасының "Оңалту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Логопед Аннотация: бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балалардың қимылдық белсенділігі мен сөйлеу дамуының өзара байланысы…

Ізтұрғанова Мадина Біржанқызы 41 оқылым 4 мин
Логопедия

Сөйлеу тілінің бұзылысы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту

Маңғыстау облысы білім басқармасының «Оңалту орталығы» КММ логопед маманы Аңдатпа. Бұл мақалада сөйлеу тілінің бұзылысы бар балалардың сөздік қорын дидактикалық ойындар арқылы дамыту жұмысының мазмұны сипатталды.…

Еркасова Салтанат Беккалиевна 148 оқылым 7 мин