ҚМЖ 7 сынып

Батыргужина Жанаргул Самаркановна
Пән: Өзін – өзі тану
Мектебі: _АмангелдіНМ______________
Күні: _21.10.20ж______________
Мұғалімі: _Ж.С.Батыргужина________________________
Сыныбы: 7
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адам бақыты
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: Ұқыптылық, өзіне-өзі сенімді болу, әдепті болу, әділеттілік.
Мақсаты: Дұрыс ой, сөз, дұрыс іс-әрекет жасағанда бақыт құшағына бөленетінін түсіндіру.
Міндеттері:
1.Білімділік-Өзіне –өзі сенімді бола білуге үйрету.
2.Дамытушылық:айналамен қарым-қатынаста әдепті болуға шақыру .
3.Тәрбиелік: -іс-әрекетте ұқыптылыққа, доспен қарым-қатынаста әділетті болуға тәрбиелеу Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып – білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Жағымды күйге келу.
«Лимон және марғау» эмоциялық қысымды босаңсытуға арналған жаттығу
Басқарушы: көз алдарыңа елестетіңдер, оң қолымызға лимонды ұстап, оның шырыны шыққандай қатты сығуға тырысамыз. Жұдырығымызды түйіп қатты-қатты қысамыз. Шырынды шығардық! Ал енді бәріміз мысықтың баласы марғау сияқты боламыз, олар енді ғана оянды және керіліп жатыр. Жақсылап керіліп-созылды! Қолымызды жоғары көтеріп, оңға, солға, жоғары қарай тартыламыз, мойнымызды бұрып, арқамызды созамыз!

Үй тапсырмасын тексеру.
«Мен досыммен мақтанамын» эссены оқу
Бағалау критерийлері:
1.Сұрақтар арқылы тақырыпты ашады.
2. Тақырыптың мазмұнын түсінеді.

2мин

3мин

5мин
Сабақтың дәйексөзі.
«Бақытты болашақтың ең басты негідерінің бірі-бұл жалпыға бірдей жақсылық тілеу

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Қалыптастырушы бағалау мадақтау
Мұғалім сыйы
Өмір сүрудің ең жақсы жолы
Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып, сауда жасамақ болады.Сөйтіп алға қойған мақсатын бастап та жібереді.Ол ақкөңіл жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін.Оның дүкеніне барып сауда жасайтын.Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін.Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкен ашып тастайды. Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:
Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын.Менің арттағы дүние мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін.Осы долларға бірнәрселер алыңдар.Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.
Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барыпүшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына қайта келген кезде, үлкен баласы:
Досымның шаруашылығына барып, екі қап сабан сатып алдым-деді де қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Екінші баласы:Дүкенге барып екі жастық алдым-деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнді бөлмеге шаша бастады. Бірақ жүнде көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.
Үшінші ұлы: Долларды ұсақтап 20 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорына бердім, 20 центін садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центіне екі нәрсе алдым- деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты.Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.
Әке баласына риза болып: Мирасымды саған қалдырамын, өйткені өмір сүрудің ең жақсысы айналаңа жарық тарату!-деген екен.
1.Осы аңыздағы әкенің әрекетін қалай атауға болады?
2.Әке үлкен ұлы мен кіші ұлын неліктен таңдамады?
3.Қай баланың әректін дұрыс деп есептейсің?
4.Кіші баланың бойынан қандай қасиеттер байқауға болады?
5.Өз өмірлеріңде мұндай жағдай бола қалса, сен қалай жасаған болар едің?
6.Кіші ұлдың алдына қойған мақсаты қандай болды?
Жағдаятты шешу
1.
2.
Бағалау Екі тілек , бір жұлдыз.

Оқулықпен
Жұмыс
10мин
Шығармашылық жұмыс.
Жұппен жұмыс
1.Тапсырма: …Мейірімділік, қамқорлық, татулық, жақсылық жасау ұғымдарын пайдалана отырып:
Сатушы мен тұтынушы,
Әжесі мен немересі арасындағы қарым-қатынас диалогын жасау
Дискриптор: Мейірімділік, қамқорлық,татулық,жақсылық жасау ұғымдарын қолданып диалог құрады.
Диалогтың жүйелігін сақтайды.
Образға ене алады.
10мин
1. Топпен ән айту
2. Сенім керек
1.Махаббатындай араның гүлге,
Бақытқа тоймай барамын мүлде.
Ертеңім үшін ет жүрегіме,
Үміттің шамын жағамын күнде, жағамын күнде.
2.Халімді кімдер керек етеді,
Көңілім кейде елең етеді.
Сенемін,сенем сөнбейтін нұрға,
Бұл сенім сондай керемет еді, керемет еді.
3.Сүйгенде сені, сүйе біл сенде,
Сүюге оны шын сезім керек.
Тануым үшін өмірді мәңгі,
Қалуым үшін адам боп мәңгі,
Сенім керек!!!
1. Жайнасын гүлім нұр өңімдегі,
Тәтті бал осы тілегімдегі.
Сендіре көрме күдіктің желі,
Үміттің шамын жүрегімдегі, жүрегімдегі.
Үйге тапсырма
Қадір Мырза-Әлидің «Бейбітшілік күзетінде» өлең жолдарын жаттап келу
Сабақтың қорытынды сәті.
Соңғы тыныштық сәті: «Алақан әдісі»
Сол қолын қағазға бастырып, саусақтардың ішіне жазу керек.Бас бармаққа-не ұнағаны, сұқ саусаққа-өзіме не алдым, ортаңғы саусаққа-не кедергі болды,аты жоқ саусаққа-тағы не білгім келеді, шынашаққа- тілек жазу
Тыныс алуға зейін қою.
Баяу музыка қойылады.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…, арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады…
Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 [3].
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *