Жабайы аңдар
Жабайы аңдар
Парманкулова Венера
Білім беру саласы: Таным Білім бөлімі: Жаратылыстану Тақырыбы:Жабайы аңдар Мақсаты:Жабайы аңдардың сыртқы келбеті,қозғалу және қоректену тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. Көрнекілігі: Жабайы аңдар суреті Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелеу.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің әрекеті | Балалардың әрекеті |
Ұйымдастырушы қозғаушы
Ұйымдастырушы ізденуші |
Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін Қайырлы таң! Қайырлы күн!
-Балалар бүгінгі біз «жабайы аңдар» жайлы әңгімелейміз.Жабайы аңдарға қоян,қасқыр, түлкі, аю жатады. Балалар,жабайы аңдар орманда,таулы жерлерде,далада өмір сүреді.Өз азықтарын өздері тауып жейді.Олар күннің суығынада, ыстығында да далада жүріп өмір сүреді.Аңдар жыртқыш және пайдалы болып бөлінеді.Жыртқыш аңдарға: жолбарыс,аю,қасқыр жатады. Аңдардың да пайдасы бар олардың терісінен тон,жаға, киім кешектер жасайды. Осылардың ішіннен аюмен танысайық.Аю өте үлкен болады.Ол орманда өмір сүреді.Аю қыстай ұйқыда жатады. Аю балмен қоректенеді. Сергіту сәті Қасқыр ағаш жарады, Түлкі кілем қағады. Елік тамақ пісіріп, Қоян тамды жабады. Кірпі көйлек тоқиды, Тиын сабақ оқиды. Дидактикалық ойын: «Немен қоректенеді?» Қорытынды: Аңдар қайда өмір сүреді екен? Аңдардың пайдасы бар ма? Бүгінгі оқу қызметіміз аяқталды. |
Шаттық шеңберін орындайды.
Сергіту сәтін орындайды.
Ойынды қызығушылықпен орындайды
Орманда Ия, бар |
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: балалар жабайы аңдарды білді. Түсінеді:жабайы аңдардың аттарын дұрыс атады.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718