Ерікті болу елдің еркіндігі!

Еліміздің басшысының бағытымен  2020 жыл елде «Еріктілер жылы» деп жарияланды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. Шымкенттегі Жастар ресурстық орталығы жанынан құралған «Еріктілер клубы» 2010 жылдан бастап жұмыс істейді. Мұнда 500-ден астам азамат еріктілер қатарына қабылданған. Олар шаһардағы барлық салаға атсалыса өзіндік көмегін көрсетеді. Әрине әлемді дүр сілкіндірген covid19 бен қаншама адам көз жұмды дегенмен еріктілер мұндада қол қусыра қарамай өз көмектерін аяп қалмады.

Еріктілікті дамытудың 7 бағыты:

  • Bilim
  • Sabaqtastyq
  • Saýlyq
  • Taza Qazaqstan
  • Asyl мura
  • Qamqor
  • Úmit

Осы жобалардың негізінде еріктілерді қолдау орталықтары құрылады. Мысалы, «Bilim» бағыты ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын ҰБТ-ға дайындау, ағылшын тілі мен компьютерлік сауаттылыққа оқытуға бағытталған. «Saýlyq» бағыты медициналық еріктілікті дамытып, науқастарға қамқорлық көрсетуді көздейді. Ал «Taza Qazaqstan» жобасы қоршаған ортаны қорғауға үйретеді. Басқа да жобалар атауларына қарай осы секілді жүйелі жұмыстарды жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ тұрақты еріктілер қатарындағы жастардың енді әр сағаты есептеліп, оларға еңбек өтілі енгізіледі деп еріктілер санын арттырған болатын. Осы жеті сала бойынша жұмыс жасай отрып өз біліктілігімізді арттырдық.Әсіресе Асыл мұрамызды кеңінен алған дұрыс деп санап әл-Фараби атамыздың 1150 жылдығы Абай Құанбайұлының  175жылдығы ерекше аталып өтілуі керектігін қолға алып іс шаралар өткізген еді.

— Ерікті болу – маңызды іс. Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін маңызды. Еріктілердің көмегіне зәру адамдар көп. Себебі олар әлеуметтік мәселелерді шешуге атсалысады. Соған қарамастан, тегін әрі аянбай еңбек етеді. Заман ағымына байланысты ерікті болудың да түрі өзгерді. Бұрын тек ата-әженің үйіне барып, қолғабыс жасайтынбыз. Ал қазір мемлекеттік қолдаудың арқасында барлық саланы қамтуда.Бұл жыл бізге оңай болмады дегенмен ерікті ретінде қаншама адам ұжымдастығын жоғалтпай өз жұмыстарын берілген жастар болған еді. Еріктілер жылын жариялау елдегі бұл қозғалыстың жаңа серпін аларына, жаңа жүйелердің пайда болуына, ұйымдарды біріктіруге мүмкіндік береді.2020 жыл – Еркітілер жылы. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп жариялаған еді. Бұл дегеніміз не? Яғни сіз 365 күн ғана жақсылық жасау деген шарт емес. Жақсылықты үнемі әрі әрдайым жасауыңыз керек. Міне осындай панельдік сессияда жастар өз ойларын ортаға салып, өзгелермен бөлісіп жатыр. Әлеуметтік мәселелер, экологиялық тазалық, қарттарға көмек қолын созу – форумда талқыға түскен тақырыптар. Міне, ұйымдастырушылар жылы шырай танытып жатыр. Форумның ерекше назар аудартқаны қабырғадағы суреттер болды. Сондай-ақ барлығына мынадай сөмке таратылды. Айта кетейік, волонтерлер форумы «Бірлік» деп аталады.

Еріктілер жылының аяқталуына шақ қалды, дегенмен бұл жұмысты еш тоқтатпай бірлігімізді арттырып ортамызға көмек бере отрып тазалыққада аса қатты мән берейік достар. Ерікті болу елдің еңсесі бұнымен айтқым келетіні әрдайым ерікті болу маңызды емес жай ғана ортамызға бір көмегіміз сауабымыз тисін деген ниетпен қараған жөн. Еліміздің президентінің бұл бастамасы бағыт бағдар болу ал әрі қарай еліміздің таза болып сапалы біліммен ынтымаұтастық біздің қолымызда, сондықтанда еріктілер қатарын көбейте отрып бірлігімізді арттырайық!

 

ОҚМПУ, Шымкент қаласы

Әлеуметтік педагогика өзін өзі тану мамандығы

1801 -10 оқу тобының 1-курс студенті Шоханқызы Балнұр.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *