Тақырыбы:«Дөңгелек күн»

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Сенсорика.
Тақырыбы:«Дөңгелек күн»
Мақсаты: балаларға таныс геометриялық фигуралар (үшбұрыш,дөңгелек,шаршы) туралы білімді бекіту ;тапсырыспен сөздік мағынасы бойынша,заттар түсіне бағыттала заттарды іріктеп таңдауды үйрету ;
Дамытушылығы: балалардың түс пен пішін жайлы білімдерін бекіту; қабылдауды, есте сақтауды көрнекі-бейнелік ойлауды дамыту;
Тәрбиелігі: балаларды әртүрлі сенсорлық сезінулермен байыта отырып, қоршаған ортада бағдарлау тәжірибесін кеңейтіп талпынушылық пен білуге деген құмарлыққа тәрбиелеу ;
Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Балаларға күн туралы өлең оқу.
Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу,сұрақ-жауап, түсіндіру,көрсету.
Қолданылатын көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар:құрсау геометриялық фигураларға ұқсас заттардың суретті; геометриялық фигуралар (шеңбер,үшбұрыш,шаршы)бейнеленген карточкалар; геометриялық фигуралар салынған қапшық.
Билингвалдық компоненті: дөңгелек-круг.
Мотивациялық қозғаушы Ойындық жағдаят. Педагог балалардың дөңгелек сызық бойына тұруын сұрайды.-Балалар,қараңдаршы,біздің дөңгелек қаңдай үлкен.Ол күнге ұқсай ма?-Кәнеки,біздің күнімізге сәулелер жасайық.Оң қолдарыңмен құрсауды ұстаңдар,ал сол қолдарыңды сыртқа қарай созыңдар. Міне, біз сәулелер сияқтымыз! Балаларға әткеншек ойнау ұсынылады. -Күн, құрсау қандай пішінге ұқсайды? Билингвальды компонент: дөңгелек-круг. Балалар дөңгелек сызық бойына тұрады.
-Иә күнге ұқсайды.
Педагогтің айтқанын орындайды.
-Дөңгелекке.
Қайталайды: дөңгелек-круг. Іздену-ұйымдас тырушы Үстелде геометриялық пішіндерге ұқсас заттардың суреттері қойылған. Балалардан сұрайды: Заттар қандай пішіндерге ұқсайды? Әр балаға кез келген затты таңдап және сәйкес белгісіне қарай (пішіні бойынша)үстелге қоюды ұсынады. Балалардан заттардың түсі мен өлшемін анықтап сұрайды.Заттың пішінін саусақпен жүргізіп шығуларын ұсынады.Балалардың заттарды дұрыс орналастырғанын тексереді.
Жеке жұмыс жүргізеді.
Сергіту сәті.
Келе жатты үйлеріне үш аю,
Ең үлкені іштерінде әке-аю.
Сәл аласа бойыменен ана-аю.
Ал ұлдары болды ғой тым кішкентай,
Жүрген еді,сылдырмақты тастамай. Рефлексивтік- түзетуші «Қапшықтан алып шық» ойын.
Үстел үстіне бір фигураны қояды. Балалардың біреуі шығып,қапшықтың ішінен дәл сондай фигураны табуларын сұрайды.
-Бүгін біз геометриялық пішіндегі ажыратуды үрендік,олардың неге ұқсайтынын білдік.Сонымен қоса, олардың әртүрлі түстер мен өлшемнен болатынын білдік.Жарайсыңдар!
Күтілетін нәтиже:
біледі: геометрия пішіндерге ұқсас заттардың атауын;пішіндер атауын(шеңбер,шаршы үшбұрыш); игерді: пішіндердің түсі және пішіні бойынша салыстыру дағдысын;
меңгереді : көрсетілім мен сөздік сипаттамаға бағыттар отырып,заттарды жинақтауды.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.