Мазмұнға өту

Тақырыбы: Жыл мезгілі

Патима 3 мин оқу 392 оқылым

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Мақсаты:
Жаз және күз мезгілдеріның айырмашылықтарын әңгімелеуге үйрету.
Міндеттері:
а) Балаларды хабарлы сөйлемді қолдана отырып, сурет мазмұнына қарай әңгіме құрауға үйрету.
ә) Саусақ моторикасын дамыту, «ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуға дағдыландыру; балаларды айтылған ойды тыңдауға және ұғынуға, әңгімеге араласып, өз ойын ауызша жеткізуге баулу.
б) Өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтижелер: біледі: күз мезгілімен жаз мезгілінің айырмашылықтарын ажыратуды; түсінеді: «Ұ» мен «у» дыбыстарын дұрыс айтуды; қолданады: суретке қарап әңгімелеуді.
Қолданылатын көрнекі құралдар: текшенің 6 жақ бетінде күз немесе жаз мезгілінің суреттері болу керек. Жаз және күз мезгілінің суреттері, сөйлеуді дамыту дәптері.
Сөздік жұмыс: күз, жаз.
Билингвалды компонент: күз – осень

ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Ойын: «Ғажайып текше»
Мақсаты: күз және жаз мезгілдерінің ерекшеліктерін ажырата білу.
Шарты: балалар шеңбер болып тұрады. Текшенің 6 жағында күз және жаз мезгіліне сәйкес суреттер жабыстырылады. Мысалы: Сарғайған жапырақтар көрсе, ол – күз мезгілі.
Балалар шомылып жатқан сурет түссе, ол – жаз мезгілі.
Сұрақ-жауап:
Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз айларын кім атап береді?
Күз мезгілінің ерекшеліктерін кім біледі?
Ал жаңбыр қалай жауады?
Оның дыбысы қандай? (Тырс-тырс, тырс-тырс).
Жаңбыр тырс-тырс, тырс-тырс етіп жауады екен. «Тырс-тырс» соңында қандай дыбыс естіп тұрмыз?(«С» дыбысы)
Салқын жел қалай соғады? (У-у-у-у-у).
Ал егер де жел күшейсе ше?
«У» дыбысына жаттығу жасату.
У-у-у-у-у – уылдырық. У-у-у-у-у – улы.
Балалар, ең бастысы күз мезгілінде жапырақтар не істейді?
Балалар, жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
Осы жыл мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығы бар ма? Әңгімелеу: «Жаз, күз» мезгілдері (сурет бойынша) Мақсаты: әңгімелей білуге тәрбиелеу.
Шарты: сурет бойынша балалар әңгіме құрастырады. Мысалы: Мен мына суреттен «жаз» мезгілі жайында көріп тұрмын. Әңгіменің тақырыбы: «Жаз мезгілінің қызықтары» деп аталады.
Сергіту жаттығуы.
Түн болды, Жел соқты, Жел қатты соқты. Жаңбыр жауды, Жаңбыр қатты жауды. Жаңбыр тоқтады, Күн шықты, Таң атты!
Дидактикалық ойын: «Кім шапшаң?»
Мақсаты: Балаларды жапырақтардың түсін ажырату арқылы, жылдамдылыққа үйрету және әсем безендіруге баулу. Ойын шарты: Сөйлеуді дамыту дәптерімен орындалады. Дәптердегі ағаштарды жапырақтармен безендірейік. Біреуін күз мезгіліндегі, ал екіншісін жаз мезгіліндегі түске безендір.
«Жайлау көркі» өлеңін оқу.
Табиғат әлемі Гүл толған әдемі. Ұйқы ашар сағаттай Бозторғай әуені.
(Б.Тәжімбетов) – Бозторғай дегеніміз не?
Өлеңде бозторғай құсының ән салғаны жайында, гүлдердің жайқалып, көп болып өсуі туралы айтылған? Бұл қай мезгіл? (Жаз)

Бұлбұл қайда әнімен
Оятатын тербетіп,
Теңселеді алып емен,
Жаңбыр жауды желдетіп. («Күзде» өлеңі, Т.Молдағалиев)

Балалар, бұлбұл – құстың аты. Кәне, бірге қайталайық (бұл-бұл).
«Ұ» дыбысына дұрыс айтылуына жаттығу орындау.
Ұ-ұ-ұ- ұл
Ұл-ұл-ұл –Ұлпан Ұй-ұй-ұй – ұйқы
Бұл-бұл-бұл – бұлбұл
Бұ-бұ-бұ – бұзау
«Ұ» дыбысының ауыздан еш кедергісіз, емін-еркін шығатындығын, яғни оның дауысты дыбыс екендігін айту.
Табиғаты тамаша Отанымыз Қазақстанға тамсанбау мүмкін емес. Балалар, сендер Отанымыз Қазақстанды жақсы көресіңдер ме?
Олай болса, Отанымыз Қазақстанға арналған өлең жолдарын айтайық.
Тақпақты мұқият тыңдауға тырысады. «Қазақстан – менің Отаным» өлеңін оқу.
Асыл өлкем ерекше, Қазақстан мекенім!
Беп-белгілі емес пе? Сенің ғажап екенің!
(Д.Елайқызы)
«Отан оттан да ыстық» деген мақал бар. Балалар, не себепті Отанды оттан да ыстық дейміз?
Мақалдың мағынасын қалай түсінгендерін айтады.
3.Қорытынды кезең (рефлексия)
«Ұ» дыбысын қайталатып айтқызады, осы дыбысты қатыстырып, мысалдар келтірткізеді. Балалар дыбысты дұрыс айтуға тырысады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Патима

Автордың басқа материалдары

Қазақ тілі

Қазақ киносы-қазақ тарихы

Мусаева Патима Бөлім: І Мектеп: Қ Аманжолов атындағы жалпы орта мектебі Күні:26.09.2019ж Оқытушының аты-жөні: Мусаева Патима СЫНЫП: 10 а Қатысқандар саны: Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы Қазақ киносы-қазақ тарихы…

Патима 1 469 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Ашық сабақтар

Ашық сабақ: «Ата Заң — ел тірегі» (балабақша)

Мақсаты: Балаларға ҚР Конституциясы — Ата Заң екенін түсіндіру Құқық пен міндет туралы алғашқы ұғым қалыптастыру Отанына, заңға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу Көрнекіліктер: Қазақстан Туы, Елтаңбасы, Президент суреті…

Bilimger Media 356 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

"Ата заң" ашық тәрбие сағаты (бастауыш сынып)

Тақырыбы: Ата Заң — ел тірегі Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Ата Заңы туралы түсінік беру; Құқықтары мен міндеттері жайлы ой қалыптастыру; Заңды, елді, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:…

Bilimger Media 424 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Ата Заң — ел тірегі» атты ашық сабақ (5–11 сынып оқушыларына)

Сабақтың тақырыбы: Ата Заң — ел тірегі Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясымен таныстыру; Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық белсенділікке баулу; Отанды, елді, заңды…

Bilimger Media 660 оқылым 2 мин
Ашық сабақтар

«Дене тәрбиесінде 3 D технологиясын білім беру жүйесінде қолдану»

Cабақ жоспары Модуль /пән атауы: Дене тәрбиесі, Информатика Дайындаған педагог: Усенова Багила Сәуірбайқызы,Майрамбаев Нұржан Асқарбайұлы,Рзаханов Даурен Мырзабекұлы 20__жылғы «____»____________ 1.Жалпы мәліметтер: Курс,…

Bilimger Media 40 оқылым 4 мин