Мен кіммім?

Иә, расымен мен кіммін өзі?

Негізінен бала күнімізде біз, осы сұрақтың жауабын табу үшін, мектеп табалдырығын аттаймыз ғой? Өзіміздің қабілеттерімізбен, өзімізбен танысып шығамыз. Яғни, мектеп,  әр баланың қабілетін аша білетін, әрине ең алдымен біліммен сусындайтын орда.  Бірақ, Мектеп бітірген, жас жеткіншектер не себепті өзін  әлі таба алмай жүр? Неліктен өзінің нақты қалауын, қандай маман боларын білмейді? Неге?

Енді, біз, ересек жандар, сол мектеп табалдырығын енді аттаған бөбектерге, барлығын ашық айтып, осы бастан кім болатынын сұрап, қабілеттерін анықтау үшін түрлі шаралардан қалдырмай, баланы ашуға тиіспіз, көп жағдайда жұмыс деп, уақыты жоқ ата аналар сол үшінде баласын, бала бақша, мектептерге беріп, тәрбиеші, мұғілімлерге аманаттайды, яғни жоғарыда айтылған міндеттің бәрі бірдей сынып жетекшімен бала бақша оқытушыларының міндеті, балалармен жұмыс үлкен жауапкершілікті талап етеді, жәй ғана қарайтын дүние емес, білдей балалардың болашағына тікелей сол жандар ықпал ете алады.

Қазір жас өспірімдердің басты мәселесі «қандай маман боламын?» Грант қайда көбірек сонда жүгіреді.Кім боларын анықтай алмай,өзінің қаламайтын мамандығын таңдап, оны аяғына апара алмай әлі кетіп, суицидке барып жатады. Өзінің қалауын таппағын, ата анасының немесе басқаның айтуымен оқуға түсе салған жеткіншектерден жұмысқа салғырттық құлықсыздық, қазір мектепте жалқау мұғалім, ауруханада білімсіз дәрігер, цонда нервысы шыққан менеджер, банкте шаршап ұрысып отырған кассир, құлшынысы төмен халыққа арс арс етіп отрыған өмірге өкпелі  мамандар шығады.

Осындай дүниелердің алдын алу үшін, мұғалімдеріміздің ерік жігері мықты болса деймін, әсіресе ауыл аудан мектептерінде білімді нығайтса, мұғалімдерге тек қағазбен бас қатырып емес баламен бас қатырып алдындағы  он бес жиырма баланың қабілетін анықтап, тікелей солармен дұрыс жұмыс істеуге мүмкіндік берсе, мықты мамандар міндетті түрде шығады ғой.

Сонымен қатар мектептегі кейбір пәндерді жаңашаландырып күш салу керек, мысалы : өзін өзі тану пәнінің деңгейін көтеру кажет кәдімгідей психология деген білдей пән болуы тиіс деп ойлаймын, себебі ол, дәл қазргі уақытта, біздің болашағымыдың жарқынырақ болуына  үлкен үлесін қосады,  мықты маман болмын, еліме қызмет етемін деген адам, психологиялық тұрғыда дамыған, өзін өзі жақсы білуі тиіс.

Тіпті, кішкентай сыныптардан бастап, «менің мамандығым» іспетті  заманауи тұрғыда,  түрлі тегін үйірмелер көптеп өткізілсе нұр үстіне нұр болар еді. Содан кейн де баланың кішкентайынан ойлаған үлкен армандары , өскен кезде  шындыққа айналып, үлкен жетістіктерден қорықпайтын, кемелденген тұлға болатын еді.

Қазір заманның жаңашаланып келе жатқанына орай  көп жақсылықтан үміттіміз. Әр жеке тұлға, өзінің қалауын табуы тиіс, өзінің мамандығын тапқанда ғана адам баласы, елінің болашағына тікелей ат салысатын бақытты маман болады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *