АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ — ҰЛЫ КӨШПЕНДІЛЕРДІҢ АЛТЫН ҒАСЫРЫ

Ұлы Дала көшпенділер өркениетінің бастауында тұрған ерекше мәдениетке төрткүл дүниенің қызығушылығын арттырған жылқы малы болып табылады. Қазақ халқында жеті саны дүниетанымында киелі орын алады. Жеті қазына, жеті ата, жеті шелпек секілді нанымсенімдері ұлы дала халқы ежелгі көне дәуірден бастап мән берген. Көшпенділер жеті қазынада алғашқы орында жылқы малын ерекше қастерлеп отырған. Сондықтан болар әлем елдері атқа міну мәдениетін Ұлы көшпенділерден үйренгендері анық.
Бүгінгі қоғам дамуында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.»-деп атқа міну адам өмірінің эволюциясының қозғаушы күші екенін атап өтсе; «Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі.»-деп жылқыны мотор күшінің эквиваленті екенін ескерді.
Елбасының мақаласында атқа міну өнері қазіргі заман жетістіктерінің бәрі осы мәдениеттен тарағаны, оның тарауына мына біздің ұлы дала ата-бабаларымыздың себепкер екенін атап көрсетеді. Сонымен қатар түркі танушы ғалым В.В.Радловтың еңбектерінен Атқа міну мәдениетінің тарихын кездестіре аламыз.
Сондықтанда жылқы малын зерттеген Канзас университетінің профессоры Сандра Лин Олсен еңбектеріне назар аударсақ, алғашқы Қазақ жерінде б.з.б. 5-4 ғасырда өмір сүрген ежелгі Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткендігі дәлелденген. Дегенменде сан алуан жануар ішінен көлік ретінде неліктен жылқыны таңдағаны?! Бұл сұрағымызға ғалым Дени Дудро еңбектерінен кездестіре аламыз. Оның «Атпен жүрудің денсаулықты сақтаудағы мақсаты мен маңызы» атты трактатында, барлық денсаулыққа пайдалысы ең маңыздысы атқа мінудің көптеген ауруларды емдеп-жазуға болатыны дәлелденген.
Сонымен қатар жылқы малының сүтінің пайдасы жайлы ғалым В. Толстиков деген дәрігер: “қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” — деп жазған екен. Неміс ғалымдарының зерттеулері бойынша жылқы еті 17 түрлі ауруға ем болып табылады. Сондықтанда бүгінгі Тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік Елтаңбасында бейнеленген қанатты тұлпар — дала дүлдiлi, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылыстың бейнесi екендігін білдіреді.

Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-нің
аға оқытушысы Ж.М. Арынов
1- курс студенті Е.Д.Биғалиев

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.