Д д дыбысы мен әрпі

Бөлімі: Сауат ашу
Сабақ тақырыбы: [д] дыбысы
Мақсаты: Балаларды [д] дыбысы және «Д» әрпімен таныстыру; сөздерге дыбыстық талдау жасату; [д] дыбысын бірге буын құрып оқыту. Әртүрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру. Адал болуға, білуге тәрбиелеу.

Қолданылған әдебиет: сауат ашу жұмыс дәптері.

Блингвальды компанент:
жұлдыз-звезда
дәрі-лекарство
дәптер- тетрадь

Оқу қызметінің кезеңдері
Оқу қызметінің мазмұны Оқу құралдары
Жағымды ахуал орнату

«Көңіл сыйла досыңа!»
Сабақты адамдардың ең жақсы қасиеттері туралы айтудан бастау.
Ұстаз бастап береді, балалар жалғастырады.
Сөздер: мейірімдісің, сұлусың, ақылдысың, көңілдісің т.с.с жалғасын табады.
-Мінеки, жағымды қасиеттерге қатысты сөздерді көп білеміз.

Тақырып бойынша жұмыс Ұстаз:
-Балалар сендер «Сауат ашу» оқу қызметінен нені үйрендіңдер?
-Сендерге сауат ашу сабағы ұнайды ма? (балалардың жауабын тыңдау.)
-Біз қандай дыбыстармен таныстық?
-Дыбыстар неше бөлінеді екен?
-Дауысты дыбыстар қандай түспен белгіленеді? Дауыссыз дыбыстар ше?
-Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде?
-Жарайсыңдар балалар!
-Ендеше, бүгін біз [д] дыбысы және әрпімен танысамыз.
— ол үшін бірінші мен сендерге постер арқылы бірнеше суреттер көрсетемін, сендер мұқият тыңдап, сөз сөздердің ішінде [д] дыбысы естіледі ме соны анықтайсыңдар.
-домбыра, орындық, жылқы, тоқылдақ, үкі, доп т.б (балалар анықтайды.)
Ұстаз:
-Жарайсыңдар балалар, енді біріміз мұқият үнтаспаға назар аударайық.
Ұстаз:- Балалар сендер үнтаспадан қандай [д] дыбысынан басталатын жаңа сөздер естідіңдер (доп, доңғалақ, дән, дорба, дүкенші, дүкен, дәптер, дойбы)
-Осы создерді буынға бөлу, қанша буын бар екенін анықтау.

Сергіту сәтін орындау.
«Көңілді күн!»

Дәптермен жұмыс
1. Қонжықтың үйіндегі әріптерден буын құрайды:РА, То, ДА, ДО
2. Балалармен бірге буындарды оқу: РА, АР, ТО,АТ, ДО,ДА,ДУ
3. «Кел оқиық!»
4. Үйшіктегі әріптерден сөз құрау: доп, дана, доға, долана.
Жұмбақ
Бала біткен соғады,
Жеңіл шарды домалақ.
Ұрсаң, ұшып жоғары,
Жерге түсер домалап. Ол не? (Доп)

Дәптермен жұмыс

Доп сөзіне дыбыстық талдау жасау.
Д- көк түспен белгілейміз
О- қызыл түспен белгілейміз
П- көк түспен белгілейміз

№ 1,2 тапсырмаларды орындау
№3 өрнекті үлгі бойынша жазу

Топтық жұмыс:
1 топ тапсырмасы:
Берілген суреттердің атауын ауып, сол сөздердің ішінде [д] дыбысы кездесетін сөздерді шеңберге ал.

2 топ тапсырмасы:
Доп және йод сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

3 топ тапсырмасы:
Берілген суреттердің арасынан [д] дыбысы кездесетін суреттерді тауып, [д] дыбысының жан жағына орналастыру.
Жұмыста аяқтап болған сон, әр топтан 2 оқушыдан шығып жұмыстарын қорғайды.

Постер

Үнтаспа

Үнтаспа

Әліппе
62-65 б.

«Дыбыстар мен әріптер» жұмыс дәптері
14б.
қарындаштар
Қорытынды мен сараптама
Рефлексия
-қандай дыбыс туралы білдік?
-өткен дыбыстарды қайталау.
-[д] дауысты дыбыс па, дауыссыз дыбыс па?
-Сөздің қай бөлігінен естуге болады?
-Сендердің достарың көп пе?
-Қалай ойлайсыңдар, дос қандай болу керек?
-Альфавиттің ішінен [д] дыбысын табу.
Кері байланыс:
«Басбармақ» әдісімен кері байланыс жасайды. (Басбармақты жоғары көтерсе, «бәрін түсіндім», дегенді білдіреді. Басбармақты көлденең көрсетсе, «түсінбеген жерлерім болды»,-дегенді білдіреді. Төмен түсірсе «түсінбедім» — дегенді білдіреді.)

Күтілетін нәтиже Барлық балалар біледі:
-[д] дыбысы мен әрпі нің дауыссыз дыбыс екенін біледі:
-Сөздердің қай бөлігінде орналасқанын табады;
Балалардың көпшілігі біледі:
-Дауыссыз дыбыс көк түспен белгілейтінін біледі; дыбыстық талдау жасай алады;
-Сөздерді буынға бөледі.
Кейбір балалар біледі:
-Сөйлемдерді толықтыра алады.
-Буындардан сөздер құрайды.

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *