«Үлкен, кіші» , Биік-аласа, «Ұзын-қысқа»
Насаналиева Нұрлы Аронқызы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру
Тақырыбы: «Үлкен, кіші» , Биік-аласа, «Ұзын-қысқа» Мақсаты: Таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші, биік-аласа) салыстыруды үйрету. Қоршаған ортадан биік және аласа, ұзын-қысқа, үлкен-кіші затты таба білуді дамыту.
Әдіс-тәсілдер:_Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ- жауап,ойын Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға шеңбер,төртбұрыш,үшбұрыш бейнеленген суреттер бір-бірден қарындаш,тәрелкеге әр балаға картоннан қиылған төртбұрыш,үшбұрыш және шеңбер
Оқу қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | Шаттық шеңбері. – Балалар, бүгін біз сендермен «Пойызға» мініп математика еліне саяхатқа барамыз.
– Ендеше пойызға жайғасып отырайық. -Балалар, біз самал желдің ескенін сезіп тұрмыз ба? -Олай болса жерге де жақындап қалған сияқтымыз. -Иә, Жер-жер (балалар бірге айтып қуанады). -Балалар, айналадан нелерді байқап тұрсыңдар? |
Шаттық шеңберіне тұрады.
-иә самал жел есіп тұр
-иә, жер, жер
-гүлдерді |
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі | -Гүлдер қандай?
– Гүлдердің түсі қандай? -Гүлдер сендерге ұнай ма ? -Ой балалар қараңдаршы аңдар ?-Қоян мен зебра. -Олар қандай жануарлар? – Зебраның түсі қандай? -Ал, қоянның түсі қандай ? -Зебра үлкен бе, қоян үлкен бе? Дұрыс айтасыңдар балалар! Дидактикалық ойын: «Ең үлкен және кіші ағаштар» Мақсаты: Балаларға үлкен және кішіні ажырата білуге үйрету. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрамыз Мойнымызды бұрамыз Оңға қарай иіліп Солға қарай иіліп Бір отырып,бір тұрып Орнымызды табамыз Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Ендеше «Пойызға» мініп үйімізге қайтайық. |
– үлкен, кіші
-жасыл -иә ұнайды -Қоян мен зебра -дала жануарлары -қара, ақ -ақ түсі -Зебра үлкен, ал қоян кіші
-балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар сергіту сәтін қимылымен орындайды.
-Ия
Балалар бір-бірінен ұстап жүреді.
|
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі | -Балалар бүгінгі оқу қызметінде не туралы айттық.-Балалар не үлкен. -Не кіші? Жарайсыңдар балалар.
-Сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? Балаларды мадақтау. |
-үлкен, кіші ұғымдары туралы
-Зебра
-қоян
-Ия ұнады. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: Балалар үлкен, кіші ұғымдары туралы толық мағұлмат алды
Игереді: Үлкен, кіші ұғымдарын жақсы айыра білді.
Жасай алады: Көрген – білгендерін толық айта білді.