Жыл мезгілдерінің белгілерін білу
Амангелді М.Е.
Мерзімі: 8.11.2019ж
Пәні: Айналадағы әлем Сыныбы: 4 «а» |
|||
Сабақ тақырыбы: «Жыл мезгілдерінің белгілерін білу» | |||
Сабақ мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға жыл мезгілдері жайында түсініктерін қалыптастыру. Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру. Оларды еш қиындықсыз ажырата алуына ықпал ету. Түзетушілік: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Баланың ой-қиялын дамыту Тәрбиелік: Оқушыларды айналадағы әлем пәніне қызығушылығын арттыру, оқушыларды ұқыптылыққа, тәртіптілікке, мұғалімді сыйлап құрметтеуге тәрбиелеу |
|||
Оқу мақсаты | 4.2.1.1. жыл мезгілінің белгілерін білу, жыл мезгілдеріне өсімдіктер мен жануарлар тәуелділігін және олардың тіршілігіндегі өзгерістерді білу. | ||
Пәнаралық байланыс | Ритмика, оқу және тіл дамыту. | ||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта | ||
Алдыңғы білім | 4.1.3.5. мұғалім мен тәрбиешіге аты мен әкесінің атын қосып айтуды үйрету. | ||
Сабақ кезеңдері | Мұғалім мен оқушының біріккен іс-әрекеті | Ресурстар | |
Ұйымдастыру кезеңі | Оқушыларға психологиялық бағыт беру:
-тыныштыққа шақыру -бүгінгі күнді хабарлау -жаңа сабақты хабарлау |
||
Үй тапсырмасын тексеру |
– Сынып жетекшілеріңнің аты кім? – Ол кісінің аты мен әкесінің атын айтып атағанда қалай болады? – Тәрбиешілеріңнің аты кім? – Ол кісінің аты мен әкесінің атын айтып атағанда қалай болады? |
|
|
Жаңа сабақ | – Балалар жыл мезгілдерін айтыңдаршы.
– Жаз қандай болады? – Күз қандай болады? – Көктем қандай болады? – Қыс қандай болады?
– Қазір біз карточкалармен жұмыс жасаймыз. Мен қазір карточка көрсетемін, сендер қандай жыл мезгілі екенін табасыңдар.
|
Суреттер
Карточкалар |
|
Сергіту сәті | Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен Теріп-теріп алайық Қалтамызға салайық
|
||
Жаңа сабақты бекіту | -Жыл мезгілдерін байланыстырыңдар.
-Қазір қандай мезгіл? -Олай болса қыз мезгілінде үйдің, ағаштың үстінде не болады?
–Нұсқау: Қазір біз үй мен ағаштың үстіне бәріміз кезекпен мақта жапсырамыз. |
Қима суреттер
Сурет, мақта |
|
Сабақ қорытындысы және оқушыларды бағалау | – Балалар ұнады ма?
– Сабақ сендерге түсінікті болды ма? – Қай жері түсініксіз болды?
«Басбармақ» кері байланысы. –Нұсқау: сабақ ұнаса басбармағымызды жоғары көтереміз, ал сабақ ұнамаса төмен түсіреміз.
|
||
Үйге тапсырма | Қалаған жыл мезгілі туралы сурет салу | ||